авто

Переключатель языков

Қателік
  • Error loading component: com_media, 1

21.11.2024 ж. «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары – С.Сейфуллин мен І.Жансүгіровтің 130 жылдық, Ә.Нүрпейісовтің 100 жылдық мерейтойлары аясында «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме ашылады.

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті ақын әрі жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы ел тарихында өшпес із қалдырды. Әдебиетке зор үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», «Көкшетау» сынды үздік туындыларының көркемдік қуаты ерекше. Ал қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы көп қырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбек етіп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалар шоғырын дүниеге келтірген тегеурінді қаламгер.

afisha 21.11.2024Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу-маржаны іспеттес болды. Қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған «Қан мен тер» романының авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Оның шоқтығы биік бұл туындысын әлем жазушылары өте жоғары бағалаған. «Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировка М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарынан тұрақты орын алды (1974 жылдан) және экранға шығарылды. Ә.Нүрпейісовтің бұл романын қалың оқырманның іздеп жүріп оқығаны баршаға мәлім.

С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Ә.Нүрпейісов шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық рух, тіл мен дәстүрге құрмет, тарихқа адалдық сияқты тақырыптар көтерілді. Бұл қаламгерлердің әдеби шығармашылықтары елдің қоғамдық-саяси өмірімен қатар өрбіді. Бүгінгі таңда бұл жазушылардың есімдері ғылыми-мәдени мекемелерге, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына, көшелерге берілген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіндегі «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» көрмесіне әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан жазушылардың жеке заттары, өмірі мен шығармашылығына қатысты бірегей жеке мұрағат материалдары, фото-құжаттары, хаттары, еңбектері қойылады.

Көрменің салтанатты ашылуында белгілі қаламгерлер мен өзге де қонақтар өз естеліктерімен бөліседі.

20.11.2024 ж. Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Болат Мұхамедиев — көпқырлы талант иесі. Оның шығармашылығы 50 жылдан астам уақытты қамтиды. Ол кітап графикасы, кескіндеме, абстракция, мүсін, дизайн, архитектура және фотографияның ерекше үйлесімін ұштастыра отырып, заманауи технологиялар мен дәстүрлі өнерді үйлесімді біріктірген талантты қылқалам шебері.  

Суретші өмірінің маңызды белестерін атап өтпеу мүмкін емес. Ол Қазақстан мен әлемнің көптеген қалаларында білім алып, шынайы шеберлік пен өмірге деген ерекше көзқарас қалыптастырды. Оның өнері Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де мойындалған. Ол көптеген халықаралық марапаттар мен 12 елдің құрметті суретшісі мәртебесіне ие, олардың ішінде 2023 жылы Парижде өткен абстракционисттер арасындағы дүниежүзілік байқауда жеңіп алған алтын медаль ерекше орын алады. Сонымен қатар, автордың жетістіктері америкалық «Forbes» басылымында жарияланған.

post 20.11.2024 01 post 20.11.2024 02
post 20.11.2024 03 post 20.11.2024 04
post 20.11.2024 05 post 20.11.2024 06
post 20.11.2024 07 post 20.11.2024 08

Б. Мұхамедиев Германия, Болгария, Чехословакия, Польша, Түркия және Жапония елдерінде кітап-журнал өнері саласында 6 халықаралық сыйлыққа ие болған. 1992-2023 жылдар аралығында ол 11 тақырыптық стела мен 50-ден астам шағын архитектуралық формаларды жасап, бес архитектуралық жобаны әзірлеген. «Білім және еңбек» журналында жұмыс істеген жылдары суретші 24 мұқабаны иллюстрациялап, «Қазақстан» баспасында әртүрлі жанрдағы 300-ден астам кітапты көркемдеген, олардың ішінде балаларға арналған, ғылыми-көпшілік, көркем және ауылшаруашылық әдебиеттері бар.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі директордың орынбасары Анна Викторқызы Кущенко ашты. Өз сөзінде: «Болат Мұхамедиев — уақыт талабына сай шығармашылық шекараларды кеңейтіп, өнер әлемінде өз орнын айқындаған дара тұлға. Оның әрбір туындысы терең ойдың, талғампаз шеберліктің және заманауи технологияларды игеру қабілетінің көрінісі. Бұл көрме суретші шығармашылығын таныстырып қана қоймай, жаңа мәдени-рухани қырларды ашуға мүмкіндік береді. Баршаңызды Болат Мұхамедиевтің шығармашылығымен тереңірек танысуға шақырамын», - деді.

Сонымен қатар, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов сөз алып, өнердің қоғамдағы маңызы мен мәдениетке тигізетін ықпалы туралы ойларымен бөлісті және Қазақстан Суретшілер Одағының тарапынан «Бейнелеу өнеріне сіңірген өнері үшін» медалін тақты.

Көрмеде ұсынылған ерекше туындылардың бірі - цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық. Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.

Көрмеде автордың 50 астам жұмысы ұсынылған.

01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылды.

Көрмені ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ашып, бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын, сондай-ақ көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым- қатынастар мен ынтымақтастық байланыстыратынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Консулы Сорокина Наталия Геннадиевна көрменің ашылуымен құттықтап: «Фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту, сондай-ақ келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру бүгінгі фотокөрменің басты мақсаты», - деді өз сөзінде.

Мәдени шараның құрметті қонақтарықатарында Кәсіби Фотографтар Лигасының Президенті Ксения Лебедь, «Цифрлық фотосуретшілер мен фотографтар» Одағы қоғамдық қорының Президенті Дарье Дунич те бар.

«Қазақстан, Қытай, Ресей. Қуат палитрасы» көрмесінде үш елдің табиғатының сұлулығы мен мәдени мұрасын, сондай-ақұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылды. Біз бұл көрме мәдени байланыстарды нығайтудағы және елдер арасындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.

afisa foto 01 afisa foto 02
afisa foto 03 afisa foto 04
afisa foto 05 afisa foto 06
 afisa foto 07  afisa foto 08

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстанның жетекші мәдени-білім беру орталығы, ол тарихи мұраны, мәдени және білім беру бастамаларын дамытумен танымал етуге белсенді ықпал етеді.

Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы - ғылыми және білім беру контентін ілгерілетумен, мәдени байланыс пен ынтымақтастық үшін бар күшін салады.

«Фото және видеотүсірілім» журналы - қытайдың жетекші басылымы, фотография мен фидеотүсірілімнің заманауи жетістіктеріне, сондай-ақ мәдени байланыс пен кәсіби дамуға арналған.

Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы - 2014 ж. Ксения Лебед негізін қалаған, фотографтарды біріктіретін алаң болып табылатын бүкілресейлік коммерциялық емес ұйым. «Біз Еуропалық дипломдар мен біліктілік алуға көмектесеміз, көрмелдер, дәрістер ұйымдастырамыз, сауда көрмелеріне қатысамыз. Лиганың басты міндеті - көпшілікке жогары сапалы суреттерді насихаттау».

«Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ-ң президенті Дарья Дунич: «Бірлестік өнерге және жалпы фото мәдениеттің дамуына ұқсас көзқарастары бар кәсіби фотографтар мен фотоәуесқойлар мүддесін білдіреді».

07.11.2024 ж. «Asia Doll» авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Asia Doll» Қазақстанның қуыршақ шеберлерінің шығармашылық одағымен бірлесіп авторлық қуыршақтар мен Тедди қонжықтарының халықаралық көрмесін ашты.

Биылғы көрмеге Алматы, Өскемен, Риддер, Көкшетау, Тараз, Павлодар, Астана, Семей, Орал, Алтай (Қазақстан), Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан) қалаларынан 50-ден астам шеберлер қатысты. Шеберлер полимерлі саздан, матадан және киізден жасалған сан алуан авторлық қуыршақтарын көрермен назарына ұсынды. Көрме қуыршақ жасау өнерінің заманауи бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан мен ТМД елдерінің қуыршақ жасайтын шеберлерінің коллекцияларымен және жұмыстарымен таныстырады.

post kukol 01 post kukol 02
post kukol 03 post kukol 04
post kukol 05 post kukol 06
post kukol 07 post kukol 08

Шара ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры орынбасары Рашида Ерімқызының құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде мұндай көрмелерді өткізудің мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудағы маңыздылығына тоқталып, көрермендерді Ұлы Жібек жолы бойында өмір сүрген әртүрлі халықтардың кейіпкерлерімен танысуға мүмкіндік беретін «Жібек жолының алтын ғасыры» жобасының бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, суретші, дизайнер-декоратор Всевлад Давидов сөз алып, қуыршақ өнері – мәдениет пен дәстүрлерді жандандыру және көрермендерге өткен дәуірдің ерекше бейнелерін жеткізу тәсілі екенін айтты. Сондықтан әр туындыда шебердің жеткізгісі келген терең ойы ойы бар. Сондай-ақ сөз көрменің ұйымдастырушысы, Қазақстан қуыршақ шеберлері шығармашылық одағының жетекшісі Татьяна Семёнова көрмеге қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдіріп, аталмыш шара көрерменнің қуыршақ өнері әлеміне бойлауына мүмкіндік беретінін жеткізді.

Көрме аясында «Жібек жолының алтын ғасыры» ұзақ мерзімді жобасы ұсынылды. Онда Жібек жолы бойындағы елдердің таңғажайып кейіпкерлері, этникалық киімдері, жануарлар әлемі мен адамдарының бейнелерін көрсететін авторлық шығармалар ерекше орын алды.

Көрменің мақсаты – алматылықтарға және қала қонақтарына еліміздегі және Орталық Азиядағы дарынды шеберлерді таныстыру. Олардың туындылары бір ғана данамен жасалып, әрқайсысын дайындауға бірнеше айлар жұмсалады. Осындай ерен еңбектің нәтижесінде жеке коллекцияларда және әлемдік галереяларда лайықты орын алатын бірегей туындылар дүниеге келеді.

«Asia Doll» авторлық қуыршақтары мен Тедди аюлары көрмесінде қуыршақ шеберлерінің әртүрлі техникада орындалған 100-ге жуық жұмысы ұсынылды. Көрменің ашылуына Алматының белгілі суретшілері, галеристері, кәсіпкерлері, аймақтық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Көрме 2024 жылдың 18-қарашасына дейін жалғасады.

24.10.2024 «Ұлттық құрылтай міндеттері: Қайта оралған құндылықтар» көрмесі

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ағымдағы жылдың 24-қазаны күні, сағат 14.00-де Республика күні қарсаңында «Ұлттық құрылтай міндеттері: Қайта оралған құндылықтар» көрмесіне шақырады.

Көрме аясында журналистерге арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөз еткен шетелдік архив және музей қорларындағы тарихи жәдігерлер мен архив құжаттарын елімізге қайтару және олардың дәлме-дәл көшірмелерін алу тапсырмасы негізінде Орталық музей мамандары Ресейдің Астрахань, Омбы, Орынбор қалаларының музейлері мен архивтерінен жинақтаған қазақ тарихына қатысты құнды құжаттар таныстырылады.

afisha 24 10Музей мамандарының биылғы іссапары Ресей Федерациясының Орынбор қаласынан басталған болатын. Көрмеде көпшілік назарына Орынбор қаласындағы музей және архивтік қорлардан табылған XIX – XX ғасырларға тән қазақ этнографиясының тарихын баяндайтын ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдардың фотокөшірмелері мен құнды ақпараттарға толы құжаттар ұсынылмақ. Орталық музейдің іргетасы Орынбор қаласында қаланғанын ескерсек, музейдің құрылысына қатысты алғашқы құжаттар мен ел аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге рұхсат беру және қазақтың мал-мүлкін тіркеудің алғашқы құжаттық үлгілері ел тарихын түгендеу жолындағы маңызды деректердің бірі екені анық.

Сонымен қатар, «XVIII-XIX ғасыр қазақтарының тарихы мен мәдениеті» тақырыбында Омбы облысының Мемлекеттік тарихи архив қорынан 45 істің, ал Омбы тарихи-өлкетану музейінің қорынан қазақ халқының этнографиясына байланысты бұрын-соңды ешжерде жарияланбаған 11 фотосуреттің электронды көшірмесі жинақталды.  

Сондай-ақ, Астрахань облысының Мемлекеттік архивінен 923 беттен тұратын материалдың электронды нұсқасы әкелінді және Астрахань Мемлекеттік бірлескен тарихи-архитектуралық музейінен ХІХ–ХХ ғасырларға тән этнографиялық материалдардан 309 экспонаттың тізімі алынды. Архив қорларын іздестіру, жинақтау нәтижесінде табылған құнды құжаттардың бірі - Ресей Империясының императоры Александр I 1823 жылдың 20 қарашасындағы жарлығымен шыққан Бөкей ханның ұлы Жәңгір сұлтанға хан шенін беру туралы іс көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі Алматы тұрғындары мен қонақтарын Ресей архивтері мен музей қорларындағы тарихи, мәдени деректермен танысуға шақырады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source