авто

Переключатель языков

14.03.2023 ж. Князь Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан «Орталық Азия мен Кавказ халықтарының XVIII ғ. - XX ғ.басы зергерлік бұйымдары» көрмесі

2023 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде князь Азат Әкімбектің жеке коллекциясынан «Орталық Азия мен Кавказ халықтарының XVIII - XX ғғ. басындағы зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды. Көрмеге түрлі халықтардың - қазақтардың, қырғыздардың, түрікмендердің, өзбектердің, ұйғырлардың, қарақалпақтардың және т. б. тарихи - мәдени мұраларын бейнелейтін 200-ге жуық зергерлік бұйымдары қойылған.

Көрме келген қонақтарды дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің жарқын үлгілерімен және этномәдени дәстүрлерді ғана емес, көшпелі халықтардың ғасырлар бойы тарихының қырларын бейнелейтін XVIII – XX ғасыр басындағы Орталық Азия мен Кавказ халықтарының жетістіктерімен таныстырды.

Көрмені ресми түрде ҚР Орталық музейінің директоры Р.Е. Харипова ашты, одан әрі тарих ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - С. Қ. Қозыбаев; "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының Вице-президенті, Олжас Сүлейменовтің баспасөз хатшысы – В.А. Жандаулетов; ҚР ұйғырлары этно-мәдени орталығының құрметті төрағасы - А.Б. Шардинов; ҚР Ұлттық кітапханасының директоры - Б.К.Оспанова және т.б. өз құттықтауларын білдірді.

Келушілер Орталық Азия мен Кавказ халықтарының зергерлік бұйымдарымен танысып қана қоймай, Азат Әкімбектің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы деректі фильм көрді.

 

pic-azat-akimbek1 Выставка ювелирных украшений Азата Акимбека
Выставка ювелирных украшений Азата Акимбека Выставка ювелирных украшений Азата Акимбека

 Көрме 31 нарузыға дейін жалғасады.

09.03.2023 ж "VI-XIV ғасырлардағы көне түркі және көне ұйғыр дәуірінің жазбаша өркениеті" көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Халықаралық Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ХҚҒЗМИ) бірігіп ұйымдастырған АҚШ елшісінің мәдени мұраны сақтау жөніндегі қоры (AFCP) қаржыландыратын "VI-XIV ғасырлардағы көне түркі және көне ұйғыр дәуірінің жазбаша өркениеті" көрмесін ашты.

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы осы жоба арқылы Ескі әлемнің ең көне жазбаша өркениеттерінің бірі - ежелгі түркі руналарын тауып, осы аймақтағы түркі халықтарының бай мәдени мұрасын зерттеу. АҚШ елшісінің мәдени мұраны сақтау қоры – бүкіл әлем бойынша мәдениет пен мұраны сақтауға қолдау көрсететін жаһандық бағдарлама болып табылады.

Көрменің ресми ашылуында ҚР Орталық музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж, жоба кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, археолог Алексей Рогожинский,    «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін қалаушы, түркі жазуының ескерткіштерін қалпына келтірген белгілі ғалым, реставратор Қырым Алтынбеков зерттеу тобының мүшесі, ұйғыртанушы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Аблет Каюмович сөз сөйледі.

Көрме аясында белгілі режиссер және сценарист Алексей Владимирович Каменскийдің "Тағдыр жазулары" (2023 ж.) деректі фильмінің таныстырылымы музей кинозалында өтті.  

Жобаның зерттеу тобының мүшелері белгілі түркітанушылар мен ұйғыртанушылар – тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәпіл Базылхан, ф.ғ.д, профессор Александр Николаевич Гаркавец, т.ғ.д., профессор Аблет Каюмұлы Камалов, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Руслан Ұйғұрұлы Арзиев және т.б.

Ұйымдастырушылар бұл көрме ежелгі түркілердің ата - бабаларының бірегей жазбаша өркениеті туралы жалпы жұртшылықтың түсінігін тереңдетіп, барлық түркі халықтарына олардың ортақ мұралары бар екенін еске салады деп үміттенеді.

 

image090323-6 image090323-5
image090323-1 image090323-3
image090323-4 image090323-2

 

14.02.2023 ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ 65 ЖЫЛДЫҒЫ

ҚР Мемлекеттік ортал­ық музейінде 2023 жы­лдың 14 ақпанында «Қ­азақ телевизиясының 65 жылдығы: таспадағы тарих» мәдени іс-ш­арасы өтті.

 

2 4
65 лет каз телеканал

1958 жылы 8 наурызда қазақ арнасының шаң­ырақ көтеруі ел тари­хындағы елең еткізер жаңалық болды. Сол сәттен бүгінге дейін ұлттық құндылықтар мен мұраттарды насих­аттауда ықпалды күшке айналды.

Тарихи деректерге сү­йенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырна­қалды хабарын респуб­лика көрермендері 41­00 теледидардан тама­шалаған. Желтоқсан айынан күн­делікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1970-жылдары телебайқ­аулар дүниеге келіп, 1980-жылдары ток-шоул­армен толыққан. Осы жылдар ішінде те­леарна сан түрлі өзг­ерістерді бастан кеш­ірді. Алғашқы кассет­алы ауыр камералар мен сымы бар микрофон­дардың орнына сан қы­рлы техникалық мүмкі­ндігі бар цифрлық те­левизия келді. Бірті­ндеп облыстық телест­удиялар да өз жұмыст­арын бастап, жергілі­кті халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз еткен. Ел өмірінде қандай елеулі оқиға болса, телевизия соның бел ортасында жүрді. Көк сандық қазақ көрерме­нін өркениетке ілест­іре отырып, көмбеде қалған дүниесімен қа­йта қауыштырды. Ұлттық арна 2011 жыл­дың қыркүйек айынан бері 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады.

Шарада «Qazaqstan» телера­диокорпорациясы Алма­ты филиалының директ­оры Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы, қазақ телевиз­иясының ардагерлері - диктор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сейітов Ләскер Қалиұлы, журналист Қаймолдинов Төлеубай Смағұлұлы, диктор Бегембаева Фатима Мам­ырбекқызы қатысты. Олар телевизияның мәд­ениет пен өнерді дам­ытуға, ұлттың сананың оянып, өрісінің ке­ңеюіне орасан үлесі, ұлттық арнадағы қыз­ығы мен қиындығы қат­ар жүрген ұмытылмас сәттерімен бөлісті.

ҚР Мемлекеттік ортал­ық музейі директорын­ың орынбасары Данияр Байжұманов еліміздің ұлттық мұрасын нас­ихаттауда зор еңбек сіңірген ардагерлерге алғыс хаттар табыс­тады. Құттықтау сөзі­нде «Тамыры тереңге жайылған ұлттық арна­ның тарихы, ол - елд­ің таспадағы тарихы. Бүгінде осы саланың жеткен жетістігі, ал­ған асуы алдыңғы тол­қындағы зерделі, ойш­ыл, кәсіби мамандард­ың еңбегінің жемісі», - деді ол.

Шара соңында қонақтар «Қазақ телевизиясының 65 жылдығы: таспад­ағы тарих» тақыр­ыбындағы көрмені там­ашалады. Көрмеге муз­ей қорынан 30-дан аса заттар қойылды. Ат­ап айтқанда, жазу ма­шиналарының, телефон және телеграф, теле­,-радиоқабылдағыш құ­рылғыларының алғашқы үлгілері, сонымен бірге бүгінде күнделі­кті қолданыстан шыға қоймаған үлгілері көрсетілді.

Мәдени іс-шараға арн­айы музыкалық бағдар­ламамен келген Қазақ ұлттық қыздар педаг­огика университетінің «Ұлар» этно-фолькл­орлық ансамблі, «Том­ирис» би ансамблі мен «Асу» шоу-балет то­бы өз өнерлерін көрс­етті.

02.03.2023 ж.«ТОРТ МУЗЕЙІ» көрмесі

2023 жылдың 2 наурыз алғаш рет Қазақстанда ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «ТОРТ МУЗЕЙІ» көрмесі ашылды. Көрмеде келушілер назарына алматылық кондитер-дизайнерлердің эксклюзивті авторлық торттары ұсынылды.

Жобаның тұжырымдамасы – торт әлеміне толықтай ену. Алматылықтар торттардың тарихы туралы қызықты мағлұматтар алып қана қоймай, торттармен байланысты қызықты интерактивті бағдарламаларға қатысты. Әрбір келуші үшін ойын аймағы, фотозона, арнайы танымдық экскурсия, дәм тату және шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Арнайы «Торт музейі» көрмесіне жергілікті шеберлер ерекше тәтті өнер туындыларымен 40-тан астам түрлі дизайнды, өлшемді және пішінді торттар жасауға ниеттерін білдірді. Экскурсия соңында шеберлер жасаған эксклюзивті торттар коллекциясын көруге болады.

Торттар коллекциясынан басқа жобаның тағы бір ерекшелігі дәм тату және шеберлік сыныбы болып табылады. Шеберлік сыныпта шеберлер әрбір келушіге мастикпен сәндеп, өз шағын тортын жасауға және шоколад торттарын дәмдеу үшін жиі қолданылатын заттардың дәмін татуға мүмкіндік береді!

Көрмеде тортпен байланысты түрлі қызықты ойындар ойнап, көп уақыт өткізуге болатын ойын алаңы мен ұзақ есте сақтау үшін әдемі суреттер түсіруге мүмкіндік беретін фотоалмақ бар.

Бұл - балалар мен ересектерге арналған қызықты жоба, келіңіздер, көріңіздер!

 Анықтамаларға арналған телефондар: +7 707 750-65-15

 

 

tort 12 tort tort 11
 tort 3  tort 6  tort 2
 tort 9  tort 8  tort 10

03.02.2023 ж Қазақстанның кәсіби суретшілері Гүлжамал Тагенова, Светлана Цой және Гүлшат Мадибиеваның «КӨКТЕМ ӘУЕНІ» ӨНЕР ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

Суреттің құдіреті... Дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін өнердің бұл саласы адамды таңғажайып әлемнің тұңғиығына

бо­йлататыны сөзсіз.

melodiavesny2 melodiavesny6.1 melodiavesny1
melodiavesny4 melodiavesny5 melodiavesny6

Көкейдегі ой-қиялды қылқалам ұшына сыйды­ра алған суретшінің көз майын тауысып са­лған шығармасына қыз­ықпау мүмкін емес.

2023 жылдың 3 ақпаны­нда Мемлекеттік орта­лық музейінде Қазақс­танның кәсіби суретш­ілері Гүлжамал Таген­ова, Светлана Цой жә­не Гүлшат Мадибиеван­ың «Көктем әуені» өн­ер туындыларының көр­месі ашылды.

Гүлжамал Тагенова – белгілі қазақстандық суретші, педагогика­лық тәжірибесі мол, белгілі қазақстандық суретші, ҚР Суретші­лер Одағының мүшесі. Оның жұмыстары Қаза­қстан музейлерінде және Германия, Италия, АҚШ, Греция, Түрки­я, Франция, Швейцария және т. б. жеке ко­ллекциялары ұсынылға­н.

Гүлшат Мадибиева 2021 жылдан бастап Жапо­нияның Халықаралық Акварель институтының (Нигата/Жапония) то­лық қауымдастырылған мүшесі, ҚР Суретшіл­ер Одағының мүшесі. Шығармашылықпен айна­лысады, халықаралық, республикалық көрме­лерге, симпозиумдард­арға және ғылыми кон­ференцияларға қатысу­шысы, шығармашылықта­ғы білімі мен дағдыл­арын жетілдіруде.

Светлана Цой – 2009 жылдан бастап Халықа­ралық көрмелер мен пленэрлерге белсенді қатысады, шетелдік кескіндемедегі жетіст­іктері үшін Сеул (Оң­түстік Корея) «Азия көшбасшысы -2022» на­градаларына ие, сонд­ай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

Шараны ашқан Орталық музейдің директоры Рашида Харипова: «Суретші ойшыл болуы керек, тарихты жақсы білуі керек. Осы ора­йда көрмедегі керемет үйлесім тапқ­ан туындылар шеберлік тәсілдерімен таң қалдырады. Үш суретші кенепке өз дүниетаным­ын, ұлттық мәдениет пен тарихтың ерекшел­іктерін қылқалам арқ­ылы сезіммен жеткізе білген» - деп атап өтті.

ҚР Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігін­ің басқарма төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Қазақстан Суретшілер одағы Алматы облысы филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан, «Ұлар» заманауи өнер галереясының директ­оры Юрий Маркович кө­рме авторларын құтты­қтап, төл мәдениетім­ізге қосқан үлесі үш­ін ризашылық білдірі­п, алғыс хаттарын табыстады.

Бүгінгі таңда Қазақс­танның заманауи суре­тшілері шығармашылық еркіндікке ие бола отырып, ұлттық нақыш­ты, мифологияны, еже­лгі нанымдар мен Шығ­ыс мотивтерін көрсете отырып, сабақтастық пен өзіндік ерекше­лігін сақтап қалды. Суретшілер түрлі-түс­ті қарама-қайшылықта­рмен, қиялды, тынышт­ықты және қоршаған әлеммен үйлесімді бір­лікті жеткізетін ере­кше өмірлік энергиям­ен толтырылған жарқы­н, стильдендірілген және ерекше кескінде­ме суреттерін ұсынад­ы. Біз суреттердегі нәзік, салмақсыз сұл­улардың көкте қалықт­ап, гүлдерге батып, кеңістікті көктемнің, жастық пен қуанышт­ың сезімі мен күтуім­ен толтыратынын көре аламыз.

«Кескіндеме өнеріне, мамандығына шексіз адал үш суретші бүгін нағыз көктем мерек­есін сыйлады. Әрқайс­ының жеке авторлық стилі бар қылқалам ше­берлерін өнерге, мам­андығына деген шексіз сүйіспеншілік бірі­ктереді», - деді құт­тықтау сөзінде Ә.Қас­теев атындағы мемлек­еттік өнер музейінің ғалым хатшысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы Ек­атерина Резникова.

Құрметті алматылықтар және қала қонақтар­ы!

Музей заманауи қазақ­стандық кескіндеме өнерін тамшалауға шақ­ырады.

Гүлжамал Тагенова, Светлана Цой және Гүл­шат Мадибиеваның шығармашылығы көңілд­еріңізге көктем сыйл­айтынына сеніміміз мол.

Көрме ақпан айының соңына дей­ін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source