авто

Переключатель языков

14.08.2024 ж. Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына орай "ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАЯНЫ" мәдени сазды кеші

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күміс көмей әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толып отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 14-тамыз күні сағат 15.00-де «Қазақтын Ақбаяны› мәдени-сазды кешін өткізеді.

afisha EralievaМәдина Ералиева 1954 жылы 2-тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда педагогика училищесінің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка факультетін бітірген. 1978-84 жылы әдебиет және өнер институтында жұмыс істеді. 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды.

Мәдина Ералиева өзіне ғана тән қайталанбас әншілік мәнерімен, орындау ерекшелігімен дараланатын «Күрен күз», «Сағым жылдар», «Ақбаян» сынды әндері халық жадында сақталып, ел аузында шыркалып жүр.

Шарада Т.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
студенттері, дәстүрлі әншілер Мәдина Ералиеваның репертуарнынан әндер
орындайды.

09.08.2024.«Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды кеш

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі  2024 жылдың 9-тамыз күні қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған  «Жазамын мен бәйітті...» әдеби-сазды іс-шараны өткізді.
Іс-шара мақсаты: Абай шығармалары арқылы әр тұлғаның  бойына адами құндылықтарды сіңіру.

post abai01 post abai01a
post abai02 post abai06a
post abai04 post abai05
post abai06 post abai03

Шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Р.Е.Харипова ашып, Орталық музей қорындағы Абай мұрасына қатысты аса құнды жәдігерлермен таныстырды.

Сондай-ақ Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мағазбеков Нұр Жандосұлы сөз алып, Абай мұрасын насихаттау қай кезеңде де құндылығын жоғалтпайтынын тілге тиек етті.
ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР жазушылар одағының мүшесі, күйші   Қараш Талапұлы ақынға арналған өз шығармасынан «Абай тойы» күйін орындады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Балуан Беркенов «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Халықаралық конкурстардың лауреаты Алияр Өтетілеу «Абайға арналған фортепианолық фантазия» шығармасын көрермен назарына ұсынды.

Республикалық Достық үйіне қарасты этно-мәдени орталықтардың өкілдері, Алматы қаласы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы «Жас қанат» бөлімінің және  облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының тәрбиенушілері де өнерлерін ортаға салды. Ал музейлік педагогика бөлімі музей қорында сақталған Абай Құнанбаевтың жеке заттарына экскурсиялық шолу жүргізіп, «Абай ақын, Абай сазгер» викториналық ойынын өткізді.

22.06.2024 ж. «Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектеп түлектерінің» дипломдық жұмыстарының көрмесі және қорғауы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебімен» бірлесіп, 2024 жылдың 22 маусымы, сағат 9.00-16.00 аралығында мектеп түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесін және қорғауын өткізеді.

Дипломдық жұмыстарды қорғау аясында келесі іс-шаралар жоспарланған:

22 маусым мен 6 шілде аралығында сағат 9.00-18.00-ге дейін мектеп түлектерінің, сондай-ақ басқа да оқушылардың дипломдық жұмыстарының көрмесі.

afisha kassteva master klass kaz

22 маусым сағат 10.00–16.00-ге дейін балаларға арналған шеберлік сыныптары өтеді.

Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және дизайн мектебінің құрылу тарихы 1981 жылы Алматы қаласындағы алғашқы бастауыш көркемсурет білім беретін мамандандырылған оқу орны - Алматы Балалар көркемсурет мектебі болған кезден басталады. Қазіргі уақытта мектепте екі бөлім жұмыс істейді: "Бейнелеу өнері", "Техника және дизайн".

40 жылдан астам уақыт ішінде өнер мектебі 100-ден астам конкурстық жобаларға белсенді қатысты, олардың ішіндегі ең маңыздылары: «Қазақстан – жаңа әлемде», Mitsubishi Asian Children`s Enikki Festa (ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының Азия Тынық мұхиты Федерациясы), "Невская палитра" (Санкт-Петербург), "Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан", "The planet of Art" халықаралық фестивалі, Қызғалдақ адам" (Нидерландының ҚР Елшілігі), "Lidice" (Czech Republic), "Невская палитра" (Санкт-Петербург көркем бояулар зауыты), «Жан экологиясы» (Калининград қалалық округі әкімшілігінің мәдениет басқармасы) және т. б..

Мектептің ерекше мақтанышы – 2003 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның жыл сайынғы «Балалар әлемді бейнелейді» альбомдық сериясына қатысуы, ол бейбітшілікті нығайтуға, елдер арасындағы ынтымақтастыққа, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға ықпал ете отырып, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, қазақ халық қолөнері сияқты балалар шығармашылығының барлық түрлерін көрсетеді. Осы жоба аясында «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия» және «Балалар әлемді бейнелейді. ТҮРКСОЙ», «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» республикалық байқауының жеңімпаздары шығармаларының түрлі-түсті альбомы жарық көрді. Мәскеу қаласында ТМД мемлекеттерінің қатысушылары арасында «Кітап өнері» халықаралық байқауында «Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан» альбомы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап» номинациясында «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі» I дәрежелі дипломмен марапатталды.

ЮНЕСКО-ның алғашқы клубы – «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебі» жыл сайын талантты жас суретшілер мен болашақ мәдениет қайраткерлерін шығарады. Мектеп оқушылары байқаудың белсенді қатысушылары. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі жеңімпаздар да бар. Қорғауға ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы бірегей, өзінің колориті бар және жазу стиліне бай. Оқушылардың жобалары кескіндеме, графика, мүсін, инсталляция, графикалық және сәулеттік дизайн, арт-нысандар және т.б. түрлі бағыттарда әзірленген.

Мектеп түлектері Алматы қаласы ғана емес, Англия, Израиль, АҚШ, Жапония, Ресей, Чехия, Канада және басқа да елдерде оқиды.

Көрме аясында өнер мектебінің оқушылары мен педагогтары оқу орнының қабырғасында қалыптасқан бай шығармашылық өмірді көрнекі түрде көрсететін шеберлік сабақтарын дайындады.

2023-2024 жылдары «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінде» 79 түлек, оның ішінде 34 түлек дизайн бөлімінен және 45 түлек бейнелеу өнер бөлімінен бітіреді. Көрмеге мектеп оқушыларының 100-ден астам еңбегі қойылады.

05.07.2024 -30.08.2024 аралығында Жазғы шығармашылық бағдарлама

afisha master class.kzҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 05.07.2024 -30.08.2024 аралығында балалар мен үлкендерді жаздық бағдарлама аясында ұйымдастырылып отырған түрлі шеберлік сабақтар, қызықты квест ойындары мен экскурсияларға шақырады. Шеберлік сабақта жасаған бұйымдарын қатысушы өзімен бірге алып кете алады. Сонымен қоса, «Менің отбасым музейде» фото-байқауына қатысып, үздік деп танылған фотосурет музейдің әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Шеберлік сабақтар мен экскурсия, квест ойындары ақылы түрде өтеді.

19.06.2024 ж. "Әнім қалсын" мәдени-танымдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде күміс көмей әнші, композитор, ақын Кенен  Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті.

                 kenen-00 kenen-02
kenen-03 kenen-04

Шараны Орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Анна Викторқызы ашып, Кененнің музыкалық мұрасын ары қарай жалғастыруда бүгінгі жас ұрпақтың қосар үлесі зор екенін айтты.

Мәдени іс-шара барысында өнертану ғылымдарының магистрі, дәстүрлі әнші Аманжол Қуанышұлы балаларға дәріс оқып, Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер ұсынды. Сондай-ақ өнер иесінің «Бастау» және «Игигай» әндерін шырқады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы “Sanat” өнер мектебінің домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, Кенен Әзірбаевтың таңдаулы шығармаларын орындады.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақын, композитор Кенен Әзірбаевтың  шығармашылығын  насихаттап,  әндерімен сусындату, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.

ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы: жырауы әрі ақыны, жыршысы әрі күйшісі, әншісі әрі композиторы, шежірешісі әрі ірі қоғамдық қайраткері болып танылған Кенен Әзірбаев халқымыздың алтын қорына сан-салалы мол мұра қалдырды.

Ақынның өте мол жазба мұрасы бар. Он дастан, жүзден астам әндері, мыңдаған өлең-жырлары, айтыстары, жеті күйі, басқа да аты аңызға айналған тарихи тұлғалар жайлы жазған құнды мұралары халық игілігіне айналып отыр. Ақынның ән-жырлары баспадан үздіксіз шығып келеді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source