05.09.-15.10.2024 ж. «Менің қаламымдағы музей» ІІІ Республикалық ғылыми жоба байқауы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылы 5 қыркүйек пен 15 қазан аралығында мектеп оқушылары арасында «Менің қаламымдағы музей» ІІІ Республикалық ғылыми жоба байқауын жариялайды. Жобаның форматы - онлайн, қатысушылар12-16 жас аралығындағы оқушылар. Нақты шарттарын байқаудың ЕРЕЖЕСІНЕН көре аласыздар.
Центральный Государственный музей Республики Казахстан при поддержке Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики с 5 сентября по 15 октября 2024 г. объявляет III Республиканский конкурс научных проектов «Меңің қаламымдағы музей»среди школьников. Формат конкурса - онлайн, в нём могут принять участие школьники в возрасте 12-16 лет. Более подробно об условиях проведения КОНКУРСА смотрите Положении Конкурса.
14.09.2024 ж. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу
Заманауи музей мәдениет ошағы ғана емес, бүкіл отбасы үшін демалыс орны болуы керек. 2022 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ата-аналар мен балаларға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді. Әлемдік тәжірибені қолдай отырып, Орталық музей 2024 жылғы 14 қыркүйек күні, сағат 11.00-де қала күнін мерекелеуге арналған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу салтанатын өткізеді.
Шараның мақсаты – жас отбасыларды қолдау және ана мен сәбиге қолайлы жағдай жасау. Бөлме түрлі жиһаздар, құндақтауға арналған үстел және кварц шамы, баланы ойнатуға арналған ойыншықтармен жабдықталған. Бөлмеде нәрестені тамақтандыруға және демалуына барлық жағдай жасалған.
Жобаның демеушісі Қазақстан мен Орта Азия бойынша ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын емдеуге арналған клиникалардың ең ірі желісі саналатын Репродуктивті медицина институты (жетекшісі – Джусубалиева Тамара Муфтаховна). Орталықтың басым міндеттерінің бірі – репродуктивті денсаулық проблемаларын шешуде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қала күніне орай «Алматы – мәдениет пен өнер қаласы» іс-шарасын өткізеді.
Шара аясында «Сүйікті қаламның көрікті жерлері» тақырыбындағы «Ұмай» балалар көркемсурет мектебі оқушыларының, «Достық» және «Жас ұлан» демалыс орталықтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алматы – қызғалдақ қаласы» тақырыбында сурет көрмесі өтеді. Балаларға Алматы қаласының тарихына арналған викториналық сұрақтар қойылып, кескіндеме өнері бойынша «Алматы шығармашылық пен шабыт қаласы» шеберлік сабақтары өткізіледі.
04.09.2024 ж. «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 4 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы мен «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелін өткізді.
Шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы: «Ашық қалпына келтіру орталығын» құрудағы басты мақсат –тарихи мұраларды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қалпына келтіруші мамандардың тапшылығына байланысты болашақ реставраторлар легін қалыптастыру, сондай-ақ орталықта шеберлік сабақтарын өткізу арқылы осы мамандыққа деген жастардың қызығушылығын оятып, көрермендер арасында музей жұмысына деген оң көзқарас қалыптастыру, – деді.
Жалпы орталық музей қоры ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан қалыптаса бастаған. 200 жылға жуық тарихы бар музейде реставрациялық жұмыстар 1978 жылдан бастап жүргізіледі. Ал «Ашық қалпына келтіру орталығы» жобасының мақсаты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша білім беру алаңын ұйымдастыру, сонымен қатар қалпына келтіру мамандары, тарихшылар мен өнер сүйер қауым арасындағы іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыру. Мұндай орталықтарды қоғамдық өмірге енгізу мәдени нысандар мен музей қорларындағы музейлік заттарды сақтаудың маңыздылығын көрермендер арасында жан-жақты насихаттау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптасыруға ықпал ету.
«Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелінің баяндамашылары: ЮНЕСКО және Еуроодақтың Жібек жолы жобасының үйлестірушісі Маджер Масанов «Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО жобалары аясында жүзеге асырылған қалпына келтіру жұмыстары»; Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы, материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі және сарапшысы Айжан Бекқұлова және «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова «Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оюлы есігінің қайта жаңғыруы: консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында баяндамалар жасады.
«Ашық қалпына келтіру орталығының» ашылуы барысында Орталық музей қызметкерлері келесі бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын ұсынды:
- Керамика бұйымдарды қалпына келтіру (А.М.Құрақбаев);
- Кілем және тоқыма бұйымдарын қалпына келтіру (Д.Ибраева);
- Киіз бұйымдарды қалпына келтіру (Мекебаева Г.);
- Киім және мата бұйымдарын қалпына келтіру (Перова О.);
- Металлдан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру (Шайкенов Б.);
- Бейнелеу өнері туындыларын қалпына келтіру (Заманбекова Ш.).
«Ашық қалпына келтіру орталығының» құрылуы музейге деген қызығушылықты арттырып, музей көрермендерінің, мамандардың (қалпына келтіруші, өнертанушы, суретші, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және т.б.), ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшіліктің назарын аударары сөзсіз.
Таныстырылым аясында бірегей экспонаттар – белгілі зерттеуші, өнертану ғылымдарының докторы, Орталық Азия мен Қазақстанның сәулет өнерін зерттеуші ғалым Лия Юлиевна Маньковскаяның Қожа Ахмет Ясауи кешенін қалпына келтіру жұмыстарына даярлаған сызбалары, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың (1925-1993) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігінің қарындашпен салған сызбасы ұсынылды.
Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттеріне метал және керамика бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.
06.09.2024 Отбасы - Бақыт мекені мәдени танымдылық іс-шарасы
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Орталық музей отбасылық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді. Биыл 2 – 8 қыркүйек аралығындағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша өткізу ұсынылды. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбы бойынша 6 қыркүйек күні «Отбасым – бақыт мекенім» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараны ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова үлгілі отбасының иесі атанып, саналы ұрпақ тәрбиелеп, ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс сезімін білдірді.
Шараға Алматы қалалық әкімшілігінің отбасы істеріне қатысты қызметкерлері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әйгерім Нұрланқызы, Медеу ауданының және Түрксіб аудандарының Отбасын қолдау орталығының жетекшісі Гүлнар Төлегенқызы, көпбалалы ана, еңбек ардагері Қасенова Зүлпия және «Cалауатты ұзақ өмір» орталығының мүшелері қатысты. Шара қонақтарына экскурсия жүргізіліп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Абдіқадыр Тасқын және Жасұлан Өтемұратовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, «Анаға апарар жол» кинофильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
29.08.2024 ҚР Коституциясы күніне арналған «Ата заң - айбыным» меркелік шара
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2024 жылдың 29 тамызы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Коституциясы күніне орай «Ата Заң - айбыным» салтанатты шарасы өтті.
Алғашқы құттықтау сөз Орталық музей директоры Рашида Ерімқызы Хариповаға берілді. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық институттарды нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолында қоғамды шоғырландырудың қуатты факторы екенін айта келіп, мемлекеттің басты мерекесі қарсаңында мәдени саланың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар музей қызметкерлерін марапаттады.
Сонымен қатар, шара қонағы "Офицерлер одағы" ҚБ Президиумның төрағасы генерал майор Телегусов Махмуд Өтегенұлына сөз алып, атаулы күннің мән-маңызына тоқталды.
Шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің оркестры, оркестрдың солистері және 97617 әскери бөлімнің қызметкерлері Жоғарғы әскери-техникалық мектебінің курсанттары қатысып, өнер көрсетті.
Тағы мақалалар...
- 14.08.2024 ж. Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына орай "ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАЯНЫ" мәдени сазды кеші
- 09.08.2024.«Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды кеш
- 05.07.2024 -30.08.2024 аралығында Жазғы шығармашылық бағдарлама
- 22.06.2024 ж. «Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектеп түлектерінің» дипломдық жұмыстарының көрмесі және қорғауы