авто

Переключатель языков

28.09.2023 ж. «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына арналған халықаралық фотокөрме

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығы «CNPC Орталық Азия және Ресей» компаниясының қолдауымен көпжылдық ынтымақтастық шеңберінде «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына арналған халықаралық фотокөрмені ашты.

Бұл Қытайдағы ең ірі жоба. «Жол» сөзі кездейсоқ емес, себебі бұл тұжырымдама жаңа Жібек жолы ұранымен дамып келеді. Бағдарлама инфрақұрылымды дамытуға, жаңа көлік дәліздерін құруға және қолданыстағы жобалардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Шараны ҚР МОМ директоры Рашида Ерімқызы салтанатты түрде ашып, «CNPC Орталық Азия және Ресей» компаниясының вице-президенті Ху Хуньминь және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас Консулы – Цзян Вэй ханымдар құттықтау сөз сөйледі.

«Бір белдеу - бір жол» бастамасын ұсынғаннан бастап, 10 жыл ішінде Қытай 150-ден астам елмен және 30-дан астам халықаралық ұйымдармен «Бір белдеу - бір жол» бірлескен құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы 200-ден астам құжатқа қол қойды, ынтымақтастықтың 3000-нан астам жобасын қалыптастырды, елдер үшін бағыт бойындағы 420 000 жұмыс орнын құрды, 40 миллионға жуық адамды кедейшіліктен шығарып, «ұлттық көрікті орындар», «халықтың әл-ауқаты жобалары» және «ынтымақтастық ескерткіштерін» құрды.

Қазақстан «Бір белдеу - бір жол» бастамасының бірлескен құрылысымен бастау алған орын ретінде жоғары мәртебеге ие. Қытай мен Қазақстан саяси үйлестіру, инфрақұрылым объектілерінің өзара байланысы, кедергісіз сауда, капиталдың еркін қозғалысы және халықтар арасындағы жақындықты нығайту саласындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай нәтижелеріне қол жеткізді, сондай-ақ «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету үшін табысты үлгі және практикалық бағдарға айналды.

Фотокөрмеде энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, көлік дәлізін дамыту, банк саласы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және мәдени байланысты көрсететін 80-ге жуық фотосуреттер қойылды.

 

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source