авто

Переключатель языков

06.10.2023 ж. «Жасанды интеллект: суретші немесе машина?» атты көрме

2023 жылдың 2 қазаны мен 30 қарашасы аралығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі, Plan B және FARBA (Минск, Беларусь) галареяларымен бірлесіп «Жасанды интеллект: суретші немесе машина?» атты көрме өткізеді. Бұл – 2023 жылы Алматыда ұйымдастырылған заманауи инновациялық озық көрме болмақ. Мұндағы көрермен назарына «Жасанды интеллект: суретші немесе машина?»ұсынылатын жұмыстардың барлығы жасанды интеллекттің туындылары. Өнерсүйер қауым табиғат, мифология, тарих, архитектура және тағы да басқа өмірлік мәні бар салаларды қамтитын 10 түрлі санатқа бөлінген 120-дан астам суретті тамашалай алады.

Жасанды интеллект дегеніміз не? Бұл машиналарды адамша ойлауға үйрететін компьютерлік технология. Жасанды интеллектті қолдануға болатын салалардың саны шексіз. Бұлар: технологиялық сектор, медицина, ғылым, т.б. Көрменің ұйымдастырылуындағы жасанды интеллекттің алар орнын дәл бағамдау үшін осы баспасөз хабарламасының 78,1 пайызы аталмыш технология арқылы жазылғанын атап өту керек. Көрмедегі жұмыстардың басым бөлігі жасанды интеллектің Қазақстанды суреттеуіне арналған. Көрмеге келушілер еліміздің табиғаты, архитектурасы мен мол дастарханы туралы нейрожүйе салған суреттерді тамашалай алады. Әрбір бөлігіне дейін анық көрінетін мінсіз суреттер топтамасының өнерсүйер қауым мен технологияға жақын жандарды бей-жай қалдырмасы анық!

Көрме ұйымдастырушылары маңызды жобаларды таныстыру және көрерменге Қазақстандағы нейрожүйе туындыларының тұңғыш экспозициясын бірінші болып ұсынуды өздері үшін мәртебе санайды. Біз өнер туындысын жаңаша жасау әдістерін зерттеуге шақырамыз! Көрмеге келіп, шығармашылық пен жасампаздықтың озық түрімен танысуға асығыңыздар!

Көрменің басты жобасы – осы шара үшін арнайы жасалған «Цифрлық эволюция» атты иммерсивті фильмі. Аталған туындыда идеялар әлемі мен материя әлеміне, даму мен эволюцияға деген жаңа көзқарас туралы ой қозғалады. Қонақтар мультимедиалық залдың қабырғасы мен едендерінде көрсетілетін фильм арқылы айналадағы болып жатқан құбылыстарды сезінуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ көрме негізгі экспозияны толықтыратын отандық авторлардың туындыларын да ұсынады.

Ұйымдастырушылар экспозициялармен танысу қызықты болу үшін тақырыптық квесттер дайындап, көрмеге келген адам естелік суретке түспей кетпейтін айрықша фотоаймақтар жасақтап қойған.

Көрмеге кіру ақылы. Билет құны:

Ересектерге - 4000 теңге;

ЖОО студенттеріне - 3000 теңге;

Зейнеткерлерге, мектеп пен гимназия, КТУ және АООО оқушылары, көпбалалы отбасылар мен III топтағы мүгедектер үшін – 2000 теңге;

7 жасқа дейінгі балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне – тегін.

Көрмеге билетті https://ticketon.kz/ сайтынан да сатып алуға болады.

Көрменің жұмыс уақыты: сәрсенбі – дүйсенбі аралығы; 9:00 – 18:00. Демалыс: сейсенбі.

Көрменің ресми ашылу салтанаты 6 қазан күні сағат 16:00-да өтеді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source