07.06.2024 ж. Танымал қазақстандық суретшілердің "Сұңқар" көрмесі
2024 ж. 7 маусымы сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі танымал қазақстандық суретшілердің "Сұңқар" көрмесін ашады.
Көрменің «Сұңқар» атауы кездейсоқ таңдалған жоқ: ол еркіндік пен шығармашылық ойдың биікке самғауын білдіреді. Шабыт пен сөз еркіндігін іздеген сұңқарлар секілді өнерпаздар да көрермендерге әлемге қайталанбас көзқарас сыйлау үшін өнердің биігіне көтеріледі. Өнердегі сұңқар көбінесе күш пен рухани асқақтаумен байланысты.
Бұл көрме көркем сөз құдіреті мен самғау жеңілдігінің, биікке ұмтылу мен жан тұңғиығына сүңгудің үйлесімділігін көрсетеді. Көрмедегі әрбір жұмыс – әр суретшінің айналамызға деген көзқарасының ашылуы, шынайылығы және бірегейлігінің көрінісі.
«Сұңқар» көрмесінде сіз есімдері Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал – Асан Молдабаев, Шанов Өмірзақ, Мәлік Жүнісбаев, Қанат Әбдікәрімов, Жандарбек Сүгіров, Шахмұрат Сейітмұратов, Қадырбек Қаметов, Берік Молжігіт, Сергей Алексев, Серік Алексев, Серік Мырзагүл, Фатима Тарази сынды танымал суретшілер мен мүсіншілердің жауһар туындыларын тамашалай аласыз.
Көрмеге қатысушылардың барлығы Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелері, ҚР өнер қайраткерлері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының, Илья Репин атындағы өнер академиясының, Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтының, Мәскеу полиграфиялық институты және Львов Ұлттық өнер академиясының түлектері, сондай-ақ олар республикалық және шетелдік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен дипломанттары.
«Сұңқар» көрмесінің мақсаты – әрбір көрерменнің биік өнерге деген құштарлығына ояту және шабыт беру, қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің шығармашылық әлеуетінің тереңдігін көрсету. Біз әрбір келушінің өнер әлеміне еніп, оның күші мен қуатын сезіне алатын, тақырыптардың, әдістер мен өрнектердің алуан түрлілігін көре алатын кеңістік құруға ұмтыламыз.
Көрмеге әртүрлі жанрдағы 100 жұмыс, оның ішінде мүсін өнері де қойылады.