авто

Переключатель языков

24.09.2022 ж. «Жапония мәдениеті күні» фестивалі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан-жапон адам ресурстарды дамыту орталығымен бірлесіп 2022 жылғы 24 қыркүйегі күні дәстүрлі жыл сайынғы «Жапония мәдениеті күні» фестивалін өткізді.

Жапония мәдениеті күні фестивалінің мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, екіжақты байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктерімен таныстыру.

Фестивальде келушілер мәдени дәстүрлермен және заманауи өнер түрлерімен, каллиграфиямен, музыкамен, қуыршақтармен ғана емес, жапон компанияларының технологияларымен де танысты.

«Жапонияның мәдениет күні» фестивалін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы, дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Томохиро Қанат ашты. Сондай-ақ, «Нархоз» Университетінің Президенті Дәуленов Мирас Мұхтарұлы құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер бұл іс-шараның елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын және қазақстандықтардың Күншығыс еліне деген үлкен қызығушылығын атап өтті.

Бұл күні келушілерге қызықты іс - шаралар ұсынылды: концерттік бағдарлама-«Есакой Соран» биі, кэндо (семсерлесу) және айкидо бойынша көрсетілімдер; өнер мен қолөнердің әртүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтар: оригами және фурошики( матадан жасалған сыйлықтарды ораудың ежелгі техникасы), комикстер салу бойынша (манга) шеберлік-сабақтар; «го» ұлттық ойындар (жапон дойбы) және сёги (жапон шахматы). Фестиваль қонақтары сондай-ақ жапондық «Самурай» қуыршақтарымен танысып, каллиграфия бойынша шеберлік-сабақтарына иероглиф жазуға және жапон тілі сабағына қатысты.

Жапондық Toyota tsusho Kazakhstan Auto автокөліктерінің тұсаукесері және жапондық «Tokyo Rope», «Mareven Food», «Жібек Жолының Қазақстан-Жапон қауымдастығы» стендтері үлкен қызығушылық тудырды.

фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source