авто

Переключатель языков

05-07.03.2022 ж. «Бәйшешектер гүлдегенде» Орталық Азия Art-жәрмеңкесі

Құрметті әйелдер қауымы! ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесе отырып, сіздерді көктем мерекесі — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды.

«Бәйшешектер гүлдегенде»

Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі. Көктем – жылдың тамаша мезгілі. Оның жарқын түстері мен өзіндік әсем әуені бар. Осындай тамаша мереке қарсаңында керемет жерлерге барып, достармен кездесіп, түрлі сыйлықтар сатып алғың келеді. Осы орайда сіздерге ҚР Орталық музейі әйелдер мереке қарсаңында 2022 жылғы 5-7 наурыз аралығында өтетін дәстүрлі «Бәйшешектер гүлдегенде» Орталық Азия Art-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.

Көрмеде қолөнер шеберлерінің қолдан жасалған қайталанбас жұмыстарын сатып алуға болады. Жәрмеңкеге қатысушылар келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің үлкен таңдауын ұсынады: дизайнерлік киім, бисерден, теріден, былғарыдан жасалған сәнді авторлық, зергерлік бұйымдар - күмістен жасалған әшекейлер, кілемдер, тоқыма және тоқылған заттар, картиналар мен интерьер заттары, қобдишалар, керамика, батик, гобелендер және тағы басқалар.

Жәрмеңкеге әйелдер, аналар, әпкелер, әжелер және қыздармен бірге келуге болады. Мереке қарсаңында музейдегі шеберлердің жұмыстарымен танысу ерекше көңіл-күйді көтереді.

 Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2022 ж. 5-7 наурыз сағат 9.00-18.00

Көрмеге кіру ақылы

Музейге кіру: ересектер үшін 500 теңге, 300 тг. студенттер мен зейнеткерлер үшін, 200 тг. оқушылар үшін.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source