авто

Переключатель языков

36 МЫҢ КӨРЕРМЕНДІ ҚАМТЫҒАН МУЗЕЙЛІК АКЦИЯ

Ел музейлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып іргетасы қаланған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі қорындағы коллекциялардың қалыптасқанына 200 жылға жуық уақыт болды. Орынбор қаласында негізі қаланған бұл музейдің, Алматы қаласына қоныс аударғанына осы жылы 95 жыл толып отыр.

Биыл Орталық музей алғашқылардың бірі болып «Музей түні» Халықаралық шарасын мерекелеуді бастап кетті және аталмыш акция үш күнге ұласты.

Биылғы музей түнінің ерекшелігі – музейдің негізгі қызметінен бөлек тәрбие мен білім беру салаларын да қамтитын серпінді білім-ғылым орталығы екенін көрсету мақсатында «Білім беру және зерттеудегі музейлер» тақырыбында өтті. Бұл өскелең ұрпаққа тарих пен дәстүрді дәріптеп, ұлттық мәдениетті насихаттаудағы музейдің зор үлесін айқындайды.

«Музей түні» акциясының аясында концерттік бағдарламалар, көрмелер мен түрлі жобалар жүзеге асырылды:

OPEN SPACE «Әлеуметтік-мәдени байланыс жүйесіндегі музей. Ұлттық мәдениетті насихаттау» диалог алаңы.

DARU университеті ұйымдастарған «Музейдегі AI: технология мен өнердегі революция» шарасының аясында музей экспонаттарын қозғалысқа келтірудегі жасанды интеллекті пайдалану технологияларының көрсетілімі.

• Интерактивті экспозициялар.

• «Музейлік ғылыми эксперименттер» кластері.

• «Болашақ инновациялық музей» бейнероликтер байқауы.

• «Музей тарих және материалдық мәдениеттің сақтаушысы» пленэрі.

• «Қазақ халқының мәдениетін тактильді экспонаттар арқылы танимыз» инклюзивті жобасы.

• «Музейге сый, ұрпаққа аманат» акциясы.

• Көрмелер, экскурсиялар, шеберлік сағаттары.

• Концерт, дефиле және т.б.

night00 night01
night02 night03
night04 night05
night06 night07
night08 night09

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 6 мамырда сағат 14.00 Алматы қаласы Медеу ауданының еңбек және Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне арналған «Жеңіс салтанатты» көшпелі әлеуметтік қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл күні Орталық мұражай қызметкерлері ардагерлерді «Жеңіс күнімен» құттықтап, оларға сыйлықтар жиынтығын табыстайды.

afisa-den pobedyЖыл сайын ҚР Орталық музейі өскелең ұрпақты отансүйгіштік және еліміздің тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған патриоттық іс-шаралар өткізеді. Біз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызға құрмет көрсетіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін атап өтеміз!

Майдангерлердің ерлік ісін әрдайым есте сақтау және Қазақстанның бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандардың барлығына алғыс айту – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

afisha 25.04.2024

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2024 жылдың 25 сәуірі күні сағат 15:00 де Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай  «Ынтымақ -достық кепілі» мәдени іс-шарасы өтеді.

1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурыз айында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномены - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған саяси маңызды құрылым. Ассамблея 365 мүшесі,  471- ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп келеді.

Шараның мақсаты - түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрімен, тұрмыс салтымен тереңірек таныстыру және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арқылы қазақтың тіліне, мәдениеті мен өнеріне деген құрметті арттыру. Сондай-ақ, халықтар достығын, ел бірлігін, отаншылдықты дәріптеп, өлкеміздегі түрлі этнос өкілдерінің шығармашылығын халыққа кеңінен насихаттау.

Іс-шараға корей, неміс, татар, ұйғыр этно-мәдени орталықтары қатысады.

afisha-orazbaev2024 жылдың 26-27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Археология, этнология және музеология» кафедрасы және «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-музейі бірлесіп дәстүрлі «XVI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – белгілі ғалым, археолог, педагог, отандық далалық археология зерттеулер әдістемесі мектебінің, сондай-ақ Қазақ Ұлттық Университетінің, «Археология, этнология және музеология» кафедрасының негізін қалаушы ұстаз А.М. Оразбаевтың ғылыми өмір жолы қола дәуіріндегі тайпалардың материалдық мәдениетінің тарихын және ерте көшпелілердің көне өркениетін ғылыми зерттеу жұмыстарына арналды. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясына (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967 жж.), Батыс Қазақстанда (1968 ж.) далалық зерттеулер жұмыстарына, академик Ә.Х. Марғұлан жетекшілік еткен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында болып, (1957, 1961, 1962, 1963, 1972, 1974 жж.), археологиялық зерттеулерге атсалысты. Сондай-ақ, А.М. Оразбаев 1958, 1985–1988 жылдары Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына, ал 1989-1990 жылдары Семей археологиялық экспедициясына жетекшілік еткен. А.М. Оразбаев Солтүстік Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ескерткіштерінің өзіндік мәдени тұстарын анықтап, кезеңделу шеңберін белгілеп берді және андрон мәдениетінің қалыптасуын үш кезеңге жіктеді: федоров, алакөл және замараев.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Еуразияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы;
  • Этникалық тарих пен этномәдени процесстердің жалпы және өзекті мәселелері;
  • Көрнекті археологтар туралы естеліктер мен ойлар;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және мұражайландыру әдістері;
  • Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер

Конференцияның жұмысы 3 тілде – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен археолог, этнограф, тарихшы ғалымдары, мәдениеттанушы, музей ісінің мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады

САЯ ІЗДЕСЕҢ АҒАШ ЕК
Наурызнама тұжырымдамасының онкүндігіне сәйкес, 19-наурыз Жаңару күні болып бекітілген болатын. Бұл күні еліміздің барлық аймақтарында дәстүрлі ағаш егу науқаны өтеді.
Осыған орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі Медеу ауданы әкімшілігі және Медеу аудандық «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ардагерлерімен бірлесе отырып, музей алаңына ағаш отырғызу акциясын өткізді.

tal00tal01
tal02tal03
tal03-1tal04


Шара ағаш егу мәдениетін қалыптастыру арқылы қаланың экологиясын жақсартуды көздейді. Табиғатты аялауды үлгі-өнеге етуге бағытталған шарада ұрпақтар сабақтастығын сақтау ұстанымы негізінде ардагерлер ағаш отырғызуды музей жастарымен жұмыла атқарды.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source