авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 21 қазанында Республика күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» патриоттық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу жолы туралы білімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлері 804-ші полкінің бірінші командирі, полковник Жұманов Союзжол Сұлтанұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы ашты. Сондай-ақ әскери тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі, капитан Отарбаев Ербол Есілбайұлы сөз сөйледі.

Іс-шара аясында келушілер назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «ЖАУЫНГЕРЛІК ЖАНҰЯДАЙ ҰЙЫСҚАН, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛІ МЕН ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН» көрмесі ұсынылды (фотосуреттер, кітаптар, марапаттар және т.б.).

Шара барысында Қ.Сәтбаев атындағы №56 атындағы гимназия, Махатма Ганди No92 мамандандырылған лицейі оқушылары «Қазақстан мақтанышым» әнімен, «Біздің Отанымыз – Қазақстан» мәнерлеп өлең оқудан өнер көрсетті. Орал Таңсықбаев атындағы Республикалық сәндік-қолданбалы өнер колледжінен дәстүрлі қолөнер түрлері, «Творим вместе» кескіндеме мектебі мен «Giraffe ar tschool» қосымша білім беру орталығынан сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар өткізілді. Мерекелік күні музей кинотеатрында «Көшпенді», «Біз осында тұрамыз» фильмдерінің көрсетілімі өтті.

 

мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
pic-den-respubliki-2 мероприятие «Процветай, мой Казахстан»
мероприятие «Процветай, мой Казахстан» мероприятие «Процветай, мой Казахстан»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 2022 жылдың 30 қыркүйек - 2 қазан күндері «Алтын алма» атты қолөнер шеберлерінің дәстүрлі Орта Азиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді.

altyn-almaСіздердің назарларыңызға Қазақстанның барлық өңірлерінен, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген қолөнер шеберлері өздерінің сәнді де, сүйкімді, әсем бұйымдары мен кәдесыйларын, зергерлік бұйымдар, киізден және жібек матадан жасалған бұйымдар мен киімдер, сазды аспаптар, шығыс миниатюрасы, тоқыма, теріден жасалған заттар, сандықтар мен кілемдер ұсынады.

Көрме-жәрмеңке ұйымдастырушыларының басты мақсаты – Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениетінің алуан түрлілігін көрсету, қала тұрғындары мен қонақтарын қолөнер бұйымдарының үздік үлгілерімен таныстыру.

Сонымен қатар көрме-жәрмеңкеде дәстүр бойынша әр түрлі қолөнер бойынша шеберлік-сабақтар көрсетіледі:

1 қазан Марат Сарсебаев 11.00-ден - 15.00-ге дейін – қыш жасау бойынша шеберлік-сабақ.

1-2 қазан Волкова Александра 12.00-ден - 14.00-ге дейін бисермен тоқу бойынша шеберлік-сабақ.

 Өтетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музейі Алматы, Самал-1, 44 үй.

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 30 қыркүйек 14.00-ден.

                                                       1-2 қазан 9.00-18.00.

 Қосымша ақпаратты сіз көрме ұйымдастырушыларымен төмендегі телефондар арқылы байланыса аласыздар: 

Әбдікәрім Бахыт - +7 702 321 54 66, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кунсулу - +7 778 390 41 65, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. "> This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Мәдениет және спорт министрлігі отандық ұжымдар мен мәдениет,өнер қаайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту,дәріптеу мақсатында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығын тағайындап отыр.Мәдениет және спорт министрлігі аталмыш конкурсқа қатысуға шақырады.

Толығырақ ақпаратты осы жерден жүктей аласыз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізді. Кеш аясында ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы А. Байтұрсынұлына арналған көрмесі ұйымдастырылып, онда ғылыми басылымдарымен, ҚР МОМ қорының фотоқұжаттық материалдарымен және т.б. танысты.

«Ұлт ұстазы» атты әдеби-шығармашылық кешінің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Реcпубликасы Мемлекеттік орталық музейі директоры – Рашида Ерімқызы және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман сөз сөйледі. Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.

Көрменің мақсаты – музейге келушілерді Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығымен таныстыру.

Қазақстан тарихы бөлімінің аға қызметкері – Шынар Садықова ҚР МОМ қорының фотоқұжаттық материалдарымен таныстырып, қысқаша баяндама жасады. Әдеби кеште Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры - Анар Фазылжан, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Ермұхамет Маралбек сөз сөйлеп Ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы тың деректерімен бөлісті. Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Жұлдыз» журналының редакторы - Мереке Құлкенов, сөз сөйлесе, А.Байтұрсынов атындағы гимназия оқушылары өлеңдерді нақышына келтіре оқыды.

Осы қатарда, бүгінгі әдеби кешке арнайы қатысқан ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан, Ақын, Ұстаз,тілші, жас ақын – Бауыржан Ерғалиұлы, Ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ұстаз Айгүл Жұмаділ – қатарлы қалам иелерін атап өтуге болады. Ұлттық өнердің тарихын зерделеп жүрген өнерпаз, дәстүрлі әнші Абылай Жаппар жиналған жыр сүйер қауымға әуезді ән шашуын тарту етсе, әсемде, қоңыр үнді қасиетті қара домбыраның қос ішегінен төгіліп, күмбірлей шыққан ән-күйін дәріптеп жүрген «Әсем қоңыр» тобының қыздары ән шырқап көпшілікті тәнті етті.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ аспанның жарық жұлдызы іспетті. Қанша ғасыр өтседе өз нұрын төгіп тұра бермек. Оның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

baitursinov-1 baitursinov-2
baitursinov-3 baitursinov-4
baitursinov-5 baitursinov-6

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Қазақстан-жапон адам ресурстарды дамыту орталығымен бірлесіп 2022 жылғы 24 қыркүйегі күні дәстүрлі жыл сайынғы «Жапония мәдениеті күні» фестивалін өткізді.

Жапония мәдениеті күні фестивалінің мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, екіжақты байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Күншығыс елінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, заманауи инновациялық және зияткерлік жетістіктерімен таныстыру.

Фестивальде келушілер мәдени дәстүрлермен және заманауи өнер түрлерімен, каллиграфиямен, музыкамен, қуыршақтармен ғана емес, жапон компанияларының технологияларымен де танысты.

«Жапонияның мәдениет күні» фестивалін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы, дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Томохиро Қанат ашты. Сондай-ақ, «Нархоз» Университетінің Президенті Дәуленов Мирас Мұхтарұлы құттықтау сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер бұл іс-шараның елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын және қазақстандықтардың Күншығыс еліне деген үлкен қызығушылығын атап өтті.

Бұл күні келушілерге қызықты іс - шаралар ұсынылды: концерттік бағдарлама-«Есакой Соран» биі, кэндо (семсерлесу) және айкидо бойынша көрсетілімдер; өнер мен қолөнердің әртүрлі түрлері бойынша шеберлік-сабақтар: оригами және фурошики( матадан жасалған сыйлықтарды ораудың ежелгі техникасы), комикстер салу бойынша (манга) шеберлік-сабақтар; «го» ұлттық ойындар (жапон дойбы) және сёги (жапон шахматы). Фестиваль қонақтары сондай-ақ жапондық «Самурай» қуыршақтарымен танысып, каллиграфия бойынша шеберлік-сабақтарына иероглиф жазуға және жапон тілі сабағына қатысты.

Жапондық Toyota tsusho Kazakhstan Auto автокөліктерінің тұсаукесері және жапондық «Tokyo Rope», «Mareven Food», «Жібек Жолының Қазақстан-Жапон қауымдастығы» стендтері үлкен қызығушылық тудырды.

фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»
фестиваль «День культуры Японии» фестиваль «День культуры Японии»

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source