авто

Переключатель языков

ҚР Мемлекеттік орталық музейі әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірігіп 2018 жылдың 13-14 сәуірі күндері «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

«III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі»Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өтеді. Мақалада жария етілгендей қазақ қоғамын жаңғыртудың бірінші шарты өз мәдениетімізді, өз ұлттық кодымызды сақтау. Қазіргі Қазақстан этнографиялық ғылымына үлкен жауапкершілік арта отырып, жаңғыртуды табыспен іске асырудың алғы шарттары – тарихи тәжірибелеріміз бен үздік ұлттық дәстүрлерімізге сүйену.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

  1. Отандық этнология ғылымының тарихы.
  2. Қазіргі Қазақстан этнология ғылымының өзекті мәселелері.
  3. Этнология және оған байланысты ғылымдар: тарих, археология, көркемөнер, фольклортану және т.б.
  4. Музей және Қазақстандағы музей үрдісі.
  5. Қазақстандық өлкетану: «Туған жер» бағдарламасы аясындағы жаңа импульс.

Көрме аясында:

  • Тарих ғылымдарының докторы, профессор Халел Арғынбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей қорында сақталған жеке заттары мен құжаттарының көрмесі өткізіледі.
  • Республикамыздың этнологтарының күштерін біріктіру мақсатында Құрылтай мәжілісі мен Республикалық этнологтар мен антропологтар ассоциациясының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда.
  • «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 5 томдық энциклопедия / Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы: «Әлем Даму Интеграция» ЖШС, 2017» ғылыми басылымның тұсаукесері өтеді.
  • Осы конференция аясында этнография ғылымының соңғы 10 жылдықта жеткен жетістіктерін баяндайтын кітаптар көрмесі өтеді. Сонымен қатар жаңа шығарылымдардың тұсаукесері, плакаттар көрмесі, ғылыми әдебиеттерді тарату және айырбастау жөнінде киосктер жұмыс жасауы жоспарлануда.

Конференцияға этнологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, фольклористер, өнертанушылар,археологтар,ұқсас пәндер өкілдері, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен музей қызметкерлері және т.б. шақырылады.

Конференция – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Өткізілетін орын: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1 ықш. ауд., 44 үй).

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00-10.00.

Конференцияның басталу уақыты: 13 сәуір сағ.10.00.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нақыштары» атты іс-шара өтті.

«Наурыз нақыштары» мейрамы Мемлекеттік орталық музейде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шаралардың біріне айналып отыр және Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлерінің біртұтас нышаны боп саналады. Іс-шара ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Б. Қақабаевтың алғы сөзімен ашылды.

Көрмеде О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі студенттерінің «Қиял», «ҰЛЫ ДАЛА» қазақ ұлттық киімдері ұсынылды.

Ежелгі Наурыз мерекесі бүгінде заманауи нақыштағы ұлттық мейрамға айналды. Қоғамдағы саяси тұрақтылықты, достықты және үйлесімділікті нығайтуда үлкен рөл атқарып келеді. Шығыс халықтарының басым көпшілігі үшін, Наурыз – көктемнің бастауы, табиғаттың жаңаруы, мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің белгілі болып табылады. Осы мерекелік күнде музейдің қонақтары үшін ...... суретші Н.Г. Хлудовтың шығармашылығына және «Дәстүрлі қазақ мәдениет әлеміне» арналған интерактивті сабақтар; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінен ұлттық сән киімдер үлгілері («Қиял» және «Ұлы дала» коллекциялары); музыкалық топтар мен ансамбльдердің қатысуымен болған концерт, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері, А. Жұбанов ат. ұлттық аспаптар оркестрі мен «Гүл-Бану» би ансамблі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясы; Ж. Елебеков ат. Республикалық эстрадалық-цирк колледжі; «Айбын» би ансамблі және т.б.

Көрермен қауым қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары орналастырылған 2-ші «Қазақ этнография» залына қызығушылық танытты.

Мәдени шарада 300-ден астам қонақтар болды. Оның 200-і Алматы қ. жалпы білім беру мектептері мен студенттері және оқытушылары құрайды.

Фестиваль "Краски Наурыза-2018" в ЦГМ РК Фестиваль "Краски Наурыза-2018" в ЦГМ РК
Фестиваль "Краски Наурыза-2018" в ЦГМ РК Фестиваль "Краски Наурыза-2018" в ЦГМ РК

2018 жылдың 3-4 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Орталық Азия қолөнер шеберлерінің «ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕГЕНДЕ» атты дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Көктем - алғашқы гүлдер бәйшешек пен қызғалдақтардың уақыты, керемет көктемнің мерекесі - 8 наурыз. Осы мереке арқылы көктемнің жылуы мен жаз шырайының хабарының оянуын сезіне аламыз. Халықаралық әйелдер мерекесінің символы, көктемнің гүлі – бәйшешектер мен сыйлықтар беретін мезгіл.

Көркем өнер мен қолөнер туындыларының алуан түрлері көрме-жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Мұнда тамаша әрі ғажайып сыйлықтар, авторлық үлгідегі әсем заттар мен қолөнер туындыларын сатып алуға болады.

Бұл ауқымды көрме-жәрмеңкеге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия және Монғолияның 100-ден астам халық шеберлерінің бірғана данадан тұратын бірегей туындылары – сыйлық және сувенирлік өнімдер, киізден және жібектен жасалған бұйымдар, кілемдер, зергерлік әшекейлер, қыш ыдыстар, бейнелеу өнері шығармалары көпшілік назарына ұсынылады.

Жәрмеңке – тек қолөнер бұйымдарын сатып алу орны ғана емес, сонымен қатар ол халықтың қолөнер кәсібі арқылы өз тарихын таныту шарасы. Онда шебер әсем бұйымдардың қалай жасалатындығы және қолөнер әдістерінің құпияларымен бөліседі. Көрме аясында суретші Өмірбекова Гүльнар батик бетін әрлеу бойынша шеберлік сабағын өткізеді.      

Халық шеберлерінің біртума бұйымдары өнер сүюшіні бейтарап қалдырмайды. Бұл көрме-жәрмеңке - Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін әрдайым нағыз мереке, жарқын мәдени оқиға.

Құрметті музей қонақтары! Баршаңызды ертедегідей шығыс базарының ғажайып думанын сезінуге шақырамыз!

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2018 жылдың 3-4 наурыз күндері сағат 9.00-18.00-ге дейін.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source