авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «KS – production» продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық ҚҚ-мен бірлесіп, 2019 жылдың 6 мамыр күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі жауынгерлер» атты іс-шарасын өткізеді.

Сондай-ақ іс-шара аясында ҚР Орталық музейі «Ұлы Отан соғысының Қаруы» атты көрмесін дайындап, акция қатысушыларын кеңес және неміс-фашистік атыс қаруымен таныстырады.

Орталық музей жыл сайын Алматы қаласының әр аудандарындағы ҰОС ардагерлерінің құрметіне арналған қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырды.

Аталмыш шара 2018 жылы Медеу ауданының ардагерлеріне арналған, ал биыл акцияға Жетісу ауданында тұратын ҰОС және еңбек майданының ардагерлері қатысады.

Ардагерлермен жүздесу өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи мұраларымен танысуға, олардың бойына азаматтық сана-сезімдерді оятуға және патриоттық рухқа баулуға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ҚР мүдделеріне қызмет етуге лайық деп білеміз.

Ұлы Жеңіс күні – жан аямай елін қорғаған ержүрек батырларымызды еске алу күні. Асау уақыт тізгінін ауыздықтай алмайсың – жылдан-жылға адамзаттың басына алапат қасірет түсірген зұлмат соғыс туралы баяндайтын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары арамызда азайып бара жатыр. болуға, ардагерлерге құрмет пен алғыс сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында ардагерлерге арналған Қазақстан Республикасының халық әртістерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама болады. Сондай-ақ, акцияға қолдау танытып демеушілік еткен серіктестердің атынан сыйлықтар табысталады: Виктор Александровский – Халықаралық экстрасенстар сайысының жүлдегері, «Бостан» ЖШС, «Gezaro» ЖК, «Ақсай нан» ЖШС, «Мagnum Cash & Carry», «Lemonadoff Food» ЖШС, «Алатау Құс» АҚ, «ZUGO HOME TEXTILE», «Өнер» баспасы, «VITA BOTTLERS ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара Қызметінің Академиясы.

«Память в наших сердцах» «Память в наших сердцах»
«Память в наших сердцах» «Память в наших сердцах»
«Память в наших сердцах» «Память в наших сердцах»

 

Дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесіҚР Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 3-5 мамырында дәстүрлі Орталық-Азиялық «Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Моңғолия және Грузия елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.

Ұлы Жібек Жолы – Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық мәдени-экономикалық сауда-саттықты қалыптастырған тарихи жол болып табылады. Түрлі нақышы бар әйгілі базарға әлемнің түкпір-түкпірінен сатушылар да сатып алушылар да ағылып келетін болған. Сонау ертеден қалыптасқан сауда мәдениеті күні бүгінге дейін өз бояуын жоғалтқан емес.    

Осы жолы жәрмеңкеге қатысушылар қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына үйге және тұрмысқа қажетті түрлі естелік сыйлықтарын: киімдер, зергерлік бұйымдар, музыка аспаптары, шығыс миниатюрасын, кілемдер, киіз және жібек бұйымдарын, тоқыма, мата заттары мен кестелер, тұмарлар, тері бұйымдарын ұсынбақ.

Іс-шара аясында: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы негізінде «Art Bazar – Ұлы Жібек Жолы» атты студенттік жұмыстардың халықаралық байқауы сондай-ақ, шеберлік-сабақтары мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің ұйымдастыруымен өтетін лоторея ойындары.

Көрменің ашылуы 3 мамыр 2019 ж., сағ. 12.00

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 3-5 мамыр 2019 ж., сағ. 9.00-18.00

Көрмеге кіру – ақылы

 

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде 2019 жылдың 5-сәуірінде «Археология және музейтанудың халықаралық практикасы» тақырыбы бойынша «VI Фараби оқулары шеңберінде Ботай мәдениеті және Орталық Азияның басқа да энеолиттік ескерткіштері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының секциялық отырысы өтеді. Конференцияда қазіргі заманғы археологияның теориялық және әдістемелік аспектілері қарастырылады, Ботай қонысын халықаралық ғылыми зерттеудің нәтижелері талқыланады.  

conference05042019Шараның мақсаты: келушілерді Ботай мәдениетімен – дала өркениетінің матрицасымен және оның адамзат үшін тарихи маңызымен таныстыру.

Ботай қонысы – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында орналасқан энеолит дәуірінің (б.з. дейінгі 4-3 мыңжылдық) археологиялық ескерткіші. Ғалым-археолог В. Зайберттің пікірінше, «Ботай ашылған сәттен бастап қазақтардың және тұтастай алғанда дала халқының мәденигенезі басталады». Ботай мәдениеті жаңа, ат-көліктік дәуірге бастау салды. Ботай мәдениетінің табылған артефактілерінің көп бөлігі (250 000 бірліктен астам) Көкшетаудағы Солтүстік Қазақстан музейінде, сонымен қатар ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің қорларында сақталуда.

Конференцияның жұмысына белгілі ғалым-археологтар, этнографтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, генетиктер, биологтар, сонымен қатар Қазақстанның ғана емес, жақын және алыс шетелдердің – Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Литва, Германия және басқа да елдердің музей қызметкерлері мен ғалымдары қатысады.

Конференцияда баяндама жасайтындар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері институты» ҒЗИ директоры, Германия археологиялық институтының мүше-корреспонденті - В.Ф.Зайберт; биология ғылымдарының докторы, Астана қ. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры – М.Ж. Нұрышев; Эксетер университетінен - Айви Джей.Оуэнс, Элина Ананьевская, Алан К.Отрам; Вильнюс университетінен - Ингрида Чичюркайте, Элина Ананьевская; Қытайдың Хэнань университетінен - Минь Ран, Жаодонг Фэнг; Макс Планк атындағы адамзат тарихы туралы ғылым институтынан - Чунгвон Чжон, А. Имель, Ж. Краузе.

Модератор: ҚР Орталық музейінің директоры, проф. - Нұрсан Әлімбай.

Конференция шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің археологиялық коллекциясы негізінде «Т.ғ.д. В.Ф. Зайберттің басшылығымен 2005-2006 жж. жасалған Солтүстік Қазақстан-Көкшетау археологиялық экспедициясының материалдары» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеге Ботай мәдениетінің 50-ден астам бірегей артефактілері қойылады. Экспонаттардың ішінде кременийден жасалған, 2 жағы өңделген ірі пышақтар, тегістелген және жылтыратылған тас балталар, найзалардың, жебелер мен дротиктердің ұштықтары, нақышталған саусақ бөліктері бар.

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1 ықшам ауданы, 44-үй).

Конференцияның секциялық отырысы жұмысының басталуы: 15.00

Конференция «Ботайская культура и другие энеолитические памятники Центральной Азии» в рамках VI Фарабиевских чтений по теме «Международная практика археологии и музееведения». Конференция «Ботайская культура и другие энеолитические памятники Центральной Азии» в рамках VI Фарабиевских чтений по теме «Международная практика археологии и музееведения».
Конференция «Ботайская культура и другие энеолитические памятники Центральной Азии» в рамках VI Фарабиевских чтений по теме «Международная практика археологии и музееведения». Конференция «Ботайская культура и другие энеолитические памятники Центральной Азии» в рамках VI Фарабиевских чтений по теме «Международная практика археологии и музееведения».

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп 2019 жылдың 26-27 сәуірінде «Ұлы даланың жеті қыры және Еуразия археологиясының көкейтесті мәселелері» тақырыбымен «ХІ Оразбаев оқулары» дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Абдулманап Медеуұлы Оразбаев – танымал ғалым, археолог, педагог, далалық археологиялық зерттеулер әдістемесінің қазіргі заманғы қазақстандық мектебінің, сонымен қатар Қазақ ұлттық университеті археология, этнология және музеология кафедрасының негізін қалаушылардың бірі. А.М. Оразбаевтың ғылыми қызметі өмір бойы қола дәуірі тайпаларының материалдық мәдениеті және ежелгі көшпелілер ескерткіштері тарихымен байланысты өтті. Ғылыми зерттеулерінің 45 жылы ішінде ол Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды (1954, 1960, 1961, 1964, 1965, 1967), Батыс Қазақстанда далалық іздеулермен айналысты (1968 г.). Академик Ә.Х. Марғұланмен бірлесіп 1957, 1961,1962, 1963, 1972, 1974 жж. Орталық Қазақстанда қазба жұмыстарын жүзеге асырды. Ол 1958, 1985–1988 жж. Шығыс Қазақстан, ал 1989-1990 жж. Семей археологиялық экспедицияларына басшылық жасады. А.М.Оразбаев Солтүстік Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің кезеңге бөлінуін әзірлеп шықты.Ол Андронов мәдениетінің дамуындағы үш кезеңді атап көрсетті: федоровтық, алакөлдік, сондай-ақ замараевтық. Бұлардың әрқайсысынан ол дербес, өзіндік мәдениетті көрді.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелер талқылау жоспарлануда:

  • Ежелгі және ортағасырлық Еуразия археологиясы;
  • Аса көрнекті археологтар жөнінде естеліктер мен толғамдар;
  • Археологиялық экспедициялардың дала материалдары;
  • Археологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдемелер;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау, музеефикациялау әдістері;
  • ЖОО-да археологияны оқытудағы жаңа тәсілдемелер мен инновациялық әдістер;
  • Археологиядағы пәнаралық әдістер.

Конференция жұмысына отандық және шетелдік мамандар қатысады: археологтар, этнографтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, сонымен қатар музей ісінің мамандары мен ЖОО оқытушылары.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын, орыс. ( «Таңбалы» мемлекеттік музей-қорығында 2019 ж. 27-сәуірде дала семинарын өткізу жоспарланған)

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінің кинозалы (Алматы қ., Самал-1 ы/а, 44-үй).

Конференцияға қатысушыларды тіркеу: 09.00 – 10.00.

«Өткеннің жаңғырған куәлары» көрмесінің ашылуы: 10.00.

Конференция жұмысының басталуы: 10.30

nazarbaev-portretҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің өсіп-өркендеу жолында тарихи еңбегі өлшеусіз. Ширек ғасырдан астам уақыттың тізбегін ұстап, қазағын қатарға қосып, байрағымызды биікке көтерді. Оның бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Жаңа астана – Астанана қаласы құрылды, төрткүл дүниенің төрт бұрышына барсада елін «Мен қазақпын» деген сөзді қаймықпай айтатындай дәрежеге жеткізді. Бір шаңырақ астында көп ұлтты мемлекет бір атаның баласындай өмір сүріп келеді, елбасының барлық бағдарламалары мен жолдаулары Қазақстанның келер ұрпағы мен жастарының болашағына бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музей ұжымы Қазақстан халқы үшін, елім деп еңбек еткен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына алғысын білдіреді! Елбасының игі істерін жалғастыруға дайынбыз!

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source