авто

Переключатель языков

«Қажырлы еңбек – табыс кілті»«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігін дәріптеу және еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында еңбек етуде бар күш-жігерін босқа сарп етпей, өмірде кездескен түрлі қиындықтарға мойымаған әрі қоғамға пайдасын тигізген тұлғаларға арналған «Қажырлы еңбек – табыс кілті» атты флаерлер (инфографикалар) дайындау жобасын ұйымдастырады.

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылында әр салада қажырлы еңбектің арқасында жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін, еңбекқорлық құндылықтарын, ұдайы өзін-өзі жетілдіру идеясын тарату арқылы еңбекке деген сүйіспеншілікті насихаттау, жастарға үлгі ету.

Қажырлы еңбектің арқасында көрнекті жетістікке жеткен тұлғалардың еңбек салалары:

 

 

 

  • білім беру;
  • ғылым;
  • медицина;
  • мәдениет;
  • ауыл шаруашылығы;
  • өнеркәсіп.

 Көрнекті жетістіктің белгілері:

  • қоғамға және адамзатқа пайдасын тигізетін шәкірт тәрбиелеу, ұрпаққа мұра қалдыру;
  • өз еңбек саласын республикалық, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ету;
  • ғылымда, өндірісте жаңалық ашу.

Қажырлы еңбектің белгілері:

  • ұзақ жыл бір салада еңбек ету;
  • өмірде және еңбекте кездескен түрлі қиындықтарға мойымау;
  • кәсіби біліктілгі мен дағдыларын және уақытын тиімді пайдалануға бағыттау;
  • еңбек жолында қайсарлық, қайраттылық, табандылық таныту.

Қатысу шарттары:

  1. Тұлғалардың кандидатурасын үшінші тараптан Instagram желісіндегі өз парақшасында ұсынады. Ұсынылатын тұлғалардың жасына шек қойылмайды.
  2. Қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 23 наурызға дейін.
  3. Тұлғаларды ұсыну жарияланымында (пост) #қажырлыеңбек және #выдающийсяуспех хештегтерін қолдану міндетті.
  4. Тұжырымдаманың белгілеріне сай іріктелген тұлғалар туралы инфографикалар дайындалады.
  5. Тұлғалар туралы ақпараттар Ruh.kz, Kipd.kz сайттарында және Instagram парақшаларында жарияланады.

алғыс хат2020 жылдың желтоқсан айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Мемлекеттік орталық музейі ғалымдары музей директоры, белгілі ғалым, этнограф Нұрсан Әлімбайдың жетекшілігімен араб харпімен жазылған ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы 5 түпнұсқа қолжазбалардан тұратын «Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы түпнұсқа қолжазбалар» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан) атты ғылыми-инвентарлық каталог жарық көрді.

Міне бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев музей директоры Нұрсан Әлімбайдың ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесін бағалап жіберген алғысын сіздермен бөлісіп отырмыз.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың  2 қыркүйегінен бастап келушілер үшін музей залдары жұмыс істейтінін хабарлайды!

Жұмыс уақыты 10.00-дан 18.00-ге дейін.

 


 

Келушілер назарына!

Күту аймағында:

  • Күту аймағына топтар 15 адамнан кіреді;
  • Музейдің экспозициялық залдарына 30 адамнан артық кіруге болмайды;
  • Музей ғимаратына кіру көше жақтағы есік арқылы жүзеге асырылады;
  • Келуші санитарлық тәртіпті сақтай отырып (антисептик, 1,5 м арақашықтық, бетперденің болуы) күзет тексерісінен өтеді.
  • Келушінің медициналық немесе мата бетпердесі болмаған жағдайда, сол жерде таратып беру қарастырылған.

Зал аймағында:

  • Келушілер залды кіре берісте көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап қарайды.

Залдан шығу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Келушілер залдан көрсетілген маршрут бойынша, бір-бірінен 1,5 м арақашықтықты сақтап шығады.
  • Залдан шығу схемаға сәйкес музей қараушылары мен бақылаушының алып жүруімен жүзеге асырылады.

 


 

Ескерту!

Келуші жоғарыда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда музей қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Музей ғимаратынан шығару шараларын орындайды.

«Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясы ҚР Мемлекеттік орталық музейі 20 жыл бойы жыл сайын түрлі дамуында ақауы бар және мүмкіндігі шектеулі тұрақты медициналық емделуде, түрлі аурулары және мүгедектігі бар балаларға, сондай-ақ жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық акцияларын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Бұл акция музей үшін балаларға қуаныш сыйлайтын жақсы дәстүрге айналды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларды назардан тыс қалдырмады және Жаңа 2021 жыл қарсаңында осы санаттағы балалар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық және моральдық қолдау көрсету және сол арқылы олар үшін мереке ұйымдастыру мақсатында «Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясын өткізеді.

Акция аясында музей қызметкерлері балаларға арналған сыйлықтарын үйлеріне барып табыс етеді. Бұл қайырымдылық акциясы интернеттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

ҚР Орталық музейі және серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған «Музей өздеріңмен бірге» қайырымдылық акциясы биыл мүмкіндігі шектеулі балалар үшін тосын сый болады. Бұл акция бақыт пен қуаныш әкеледі деп үміттенеміз, өйткені Жаңа жыл - бұл нағыз ертегі, жақын достарымен және туыстарымен кездесу уақыты.

 2020 жылы қайырымдылық акцияға қолдау көсеткендер: Алматы қаласындағы ҚХР Бас Консулдығы, «Бостан» ЖШС, «Алатау-Құс» ЖШС, «ZUGO HOME TEXTILE», «Lemonadoff Food» ЖШС, «ByArT» көркемсурет студиясының жетекшісі Тюлеубаева Ажар, ЖШС «Скиф трейд» «Мейірім» ҚҚҚ, «AMIRAN» ЖШС, «Бисквит» кондитерлік үйі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2020 жылдың 7 наурыз күні сағат 14.00 «Алматы – Қазақстан Үнді классикалық би орталығымен» бірлесіп «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығының» туған күніне және Махатма Гандидың туғанына 150 жыл толуына орай «Үндістан биі: ежелгі өнер тарихы» атты іс-шара өткізеді.

«Үндістан биі: ежелгі өнер тарихы» атты іс-шараҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Алматы –Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» бірнеше жыл қатарынан бірлесіп бірқатар іс-шаралар өткізіп келеді.

Ақмарал Қайназарованың жетекшілігіндегі «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» – 2006 жылдан бастап Үндістанның музыкалық мұрасы мен дәстүрлі өнерін зерттеу және көпшілікке дәріптеу бойынша өз қызметін жүзеге асыратын Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз коммерциялық емес мекеме.

«Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігі, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, концерт залдары, оқу орындары, мұражайлармен бірлесе отырып, қазақстандықтарды Үндістанның дәстүрлі мәдениеті, өнері, музыкасы және биімен таныстыруда нәтижелі ағартушылық жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, би орталығы Грузия, Польша, Испания, Үндістан және т.б. елдерде өткен халықаралық байқауларда Гран-при және жүлделі орындарға ие болған.

Іс-шара Алматы қаласы тұрғындарына Үндістанның аспаптық әуені, әндері мен халық билерін, классикалық үнді биінің ежелгі өнері – Бхаратанатьям, Катхак, сондай-ақ дәстүрлі үнді йогасын көрсету мақсатында өткізіледі.

Іс-шара аясында:

  • «Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би орталығы» студенттерінің Бхаратанатьям, Катхак үнді классикалық биі;
  • аспаптық әуен;
  • Үнді халық биі мен әндері;
  • 2000 жыл тарихы бар «Бхаратанатьям Ежелгі костюм өнерінің ерекшеліктері» тақырыбына дәріс;
  • Санскрит тілінде орындалатын би теориясының үзінділері.

Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Үнді Республикасының арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі баршаңызды классикалық үнді би өнерімен танысуға шақырады.

Өткізу уақыты: 14.00-ден – 17.00- ге дейін

Іс-шараға кіру – тегін

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source