авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалалар жылы» деп жариялауына орай «Талантты балалар» республикалық балалар фестивалін өткізеді.

«Талантты балалар» Фестивалдің мақсаты–балаларды музей алаңына тарту арқылы оларға мәдени білім беру, шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар дарынды балалардың ғылыми-зерттеу, ізденіс, ақпараттық-техникалық құралдарымен жұмыстарын насихаттай отырып жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды, дәстүріміз бен мәдениетімізді тануға тарту. Сонымен қатар, республика бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғарғы жетістікке жеткен балалардың білім, өнер, музыка, спорт саласында жеткен жетістіктерін насихаттай отырып, олардың арасында достық қарым-қатынастың орнауына жол ашу.

Қатысу шарттары: 2022 жылдың 14 мамырына дейін ұйымдастыру алқасына төмендегідей құжаттар өткізу керек.

  • өтінім;
  • электронды кітап форматында фотоcурет, jpg форматында
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жетістіктерінің куәлік, сертификат, диплом көшірмелері;
  • қатынасатын сайыс түрін көрсете отырып 3-5 минуттық бейнебаян дайындап жіберу (бейнебаянда өзін таныстыруы, жұмысымен таныстыру және мақсатын айқындау. Бейнебаян еркін форматта түсірілуі керек).
  • байланыс телефон, электронды пошта

Тапсырылатын құжаттар сканерленген нұсқада e-mail арқылы жолданады.

Фестивалге 6-15 жас аралығындағы балалар қатынаса алады. Олардың біліміне, ұлтына шектеу қойылмайды.

Фестивалдің қорытынды шарасына қатынасуға ниет білдірген бүлдіршіндерге қойылатын талаптар:

  • қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;
  • фестивалге қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
  • фестивалдің қорытынды шарасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болғысы келетін бүлдіншіндер алдын-ала тапсырыс беруі керек.

Фестиваль қатынасушылары арнайы дипломдармен марапатталады және жетістіктері жыл бойына орталық музей арқылы насихатталатын болады.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

Фестивал аясында төмендегідей номинация бойынша үздік жобалар марапатталатын болады: актёр, би, археолог, домбырашы, палуан, ақын, суретші, әнші, географ, этнограф, өлкетанушы, тоғыз кұмалақ, гимнастика, шахмат.

Фестиваль аясында:

  • балалар шығармашылығының көрмесі;
  • шеберлік сабақтары;                      
  • блиц-турнирлер өткізіледі.

Фестиваль бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2022 жылдың 14 мамырына дейін мына электрондық пошта с This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  арқылы қабылданады: 

Координаторлар: Зухра Баянова 8 702 221 42 68, Билибаева Асель 8 701 757 10 70      

Өтетін уақыты: 18 мамыр 2022 жыл.

ҚР орталық мемлекеттік музейі оқушылар мен студенттерді "Жас экскурсия жүргізушісі" танымдық үйірмесіне шақырады.

"Жас экскурсия жүргізушісі"

ҚР Мемлекеттік орталық музеінің жұмыс кестесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. ҚР Президенті белгілеген өзекті міндеттердің бірі-балалар мен жастар үшін сапалы білім беруді жақсарту саласындағы нақты бағыттарды әзірлеу.

«Баршаға арналған білім» атты екі күндік білім беру көрмесі

2022 жылдың 29 сәуірінде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Баршаға арналған білім» атты екі күндік білім беру көрмесі ашылды. Оған шетелде білім алу жөніндегі кеңес орталықтары, тіл мектептері және Алматы қаласының білім беру курстары қатысты. Бұл жоғары және орта білім берудің үздік, тілдік, мәдени бағдарламалары және шетелде демалысты ұсынатын қаламыздың жетекші ұйымдары: «Education First», «Globus Education», «Edu Stream», «Study Room», «Get Education», «Чешский Образовательный Центр», «Global Student Center», «USL Kazakhstan», «Cambridge Academy» білім беру орталықтары ұсынады.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Анара Саметова, «Education First» білім беру орталығының білім беру бағдарламаларының директоры Елана Тұрмағамбетова, «Edu Stream» білім беру орталығының баспасөз хатшысы Полина Шиманская, Чехия жоғары оқу орындарына түсу үшін шетелдік студенттерді даярлау жөніндегі «ASSOCIATION» білім беру орталығының директоры Радим Кноблох, «Global Student Center» білім беру орталығының директоры Зульфия Жулумова, «Cambridge Academy» бас менеджері Осьмина Вилора сөз сөйледі. Анар Саметова көрмеге қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, «Балалар жылы» аясында аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Білім беру орталықтарының басшылары өз компаниялары туралы қысқаша мәлімет беріп, көрмеге келушілерді орталықтардың жұмысымен танысуға шақырды.

Көрменің ашылуына Қаскелең қаласының «Немере» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, Алматы қ. № 176 мектеп-гимназиясы, халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ALT Академиясының студенттері қатысты.

Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"
Выставка-ярмарка "Образование для всех" Выставка-ярмарка "Образование для всех"

Сіздерді 30 сәуір күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көрмеде күтеміз.

Көрмеге кіру тегін.

2022 жылдың 31 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде (әрі қарай – ҚР МОМ) "Наурыз нақыштары" атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестивалі өткізіледі. ҚР МОМ ұжымының жыл сайын өткізетін бұл дәстүрлі іс-шарасы Қазақстан халқының мәдени дәстүрлерінің біртұтастығының символына айналған.

"Наурыз нақыштары" атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестиваліҚазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, музей заттарын қалпына келтіру болып табылады. Жыл сайын музейдің реставраторлары музей заттарының бұзылуын болдырмау және зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, экспонаттардың ұзақ сақталуына оңтайлы жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Фестиваль аясында ҚР МОМ-нің қор коллекциясындағы қалпына келтірілген зергерлік бұйымдардың негізінде "Көненің көзі" атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде әртүрлі ғасырлардағы дәстүрлі қазақ зергерлік әшекейлерінің сан алуандығы мен сұлулығын көрсетіп қана қоймай, мәдени мұраны сақтауға және музей құндылықтарын "жаңғыртуға" өз үлесін қосып отырған музей реставраторларының күрделі тынымсыз жұмысының нәтижелері де ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің реставраторлары әртүрлі сипаттағы артефактілерді қалпына келтіру барысында көптегені қалпына келтіру тәсілдері мен әдістерін пайдалана отыра, экспонаттарды жөндеу, экспозициялық «түрге» келтіру жұмыстарын кешенді түрде орындайды. Соңғы уақытта музей реставраторлары (суретшілер, зергерлер және т.б.) зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, музей жәдігерлерінің 700-ден астам сақтау бірлігін қалпына келтірді.

"Көненің көзі" атты көрме экспозициясында алғаш рет дәстүрлі қазақ зергерлік бұйымдарының музей қорындағы бірегей коллекциясынан 100-ден астам қалпына келтірілген әйелдердің зергерлік бұйымдары ұсынылады: сырғалар (айсырға), білезіктер, сақиналар, әшекейлер (шолпы), киімге арналған сәндік ілгектер, кеуде әшекейлері (алқа, айшық, өңіржиек,тармақша) және т.б. Экспонаттардың ішінде Гариф Жалмұханов, Иван Брякин, Алтынбек Абдулдаев және т. б. зергерлерлердің көпғасырлық дәстүр бойынша дайындаған зергерлік әшекейлері де бар. Сонымен қатар, көрмеде қазақ операсының негізін қалаушылардың бірі – К.Байсейітова, қазақ бишісі, Қазақстан Республикасының Халық әртісі – Ш. Жиенқұлова, қазақ әншісі – Ж. Омарова сияқты ХХ ғасырдағы аты аңызға айналған әйелдердің зергерлік жиынтықтары ерекше орын алады. "Көненің көзі" көрмесі Орталық музейдің реставратор шеберлерінің көп жылғы жұмысының түрлі қырлары мен құпияларын ашып көрсетеді.

Іс-шара бағдарламасы аясында зергерлік өнер бойынша мастер-класстар ұымдастырылып, өнер майталмандары – этникалық қазақ әндерін орындайтын танымал "Тенгри" музыкалық этнотобы; ҚР еңбек сіңірген әртісі Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттері және т.б.өнер көрсетеді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source