24-27.12.2015 ж. «Верный жәрмеңкесі» атты жаңа жылдық көрме-жәрмеңкесі
2015 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Алматы қаласындағы «Творческие сезоны» компаниясымен бірлесіп ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең ірі Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» атты жаңа жылдық көрме-жәрмеңкесі өткізіледі.
Жаңа жыл қарсаңында музей және «Творческие сезоны» компаниясы музейге келушілердің назарына мерекелік шаттықты көңіл-күй сыйлап, әдемі әсерге бөлейтін кезекті көрме-жәрмеңкесін өткізеді.
АТМОСФЕРА – бұл қолөнер бұйымдары, винтаждық және сәнді киімдер, аяқ-киімдер мен аксессуарлар, қымбат емес және сүйкімді брендтер, тұрмыстық және интерьер заттары, антикварлық және қолдан жасалған жиһаздар, кішігірім отбасылық бизнес, достар мен пікірлестер құрған дүкендер, талантты дизайнерлер мен мануфактурашылардың қолынан туған аз тиражды заттарға деген қызығушылықтары бір адамдар жиналатын қаланың басты жәрмеңкесі, ірі дизайн-маркеті. АТМОСФЕРАДА «Звук детства» компаниясының винилді таспалары мен дабылдағы жазбалардың үлкен топтамасы ұсынылады.
Ең ірі жаңа жылдық жәрмеңкеде түрлі сыйлықтар, тедди-аюлары, шырша мен шырша ойыншықтары, әшекей бұйымдары, жұмсақ жібек, жылы киізден жасалған авторлық заттар, киім-кешек пен аксессуарлар, интерьер заттары, тіл үйірер тәттілер, сәнді фарфор мен қыш, эко-косметика және басқа да қызықты нәрселерді алуға болады.
Бағдарламада – жас әрі болашағынан үлкен үміт күттіретін сәнгерлер, иллюстраторлар, "гараж" брендтері, өнкәсіптік дизайн мен декор жобалары, сонымен бірге азпаздық жобалар, шығармашылық шеберлік-класстары, музыкалық бағдарлама, көңілді уақыт өткізу. Көрме-жәрмеңкеде дизайнер Айнұр Моштаеваның дәстүрлі жаулықтар көрсетілімі болады, сонымен бірге дизайнерлік киім мен аксессуарлар, үйге арналған әшекей бұйымдар мен тауарлар, винтаждық интерьер бұйымдар, сирек кәдесыйлар мен тағамдар ұсынылады. Шара кезінде жеңсіз көйлектерге түрлі бейнелер басылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен «Творческие сезоны» компаниясы Сіздерді Халықаралық «Верный жәрмеңкесі» көрме-жәрмеңкесін тамашалауға шақырады.
Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы: 2015 ж. 17 желтоқсан, сағат 13.00-де
Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 17 - 20 желтоқсан, сағат 9.00-18.00-ге дейін
Көрме-жәрмеңкеге кіру – 150 теңге.