авто

Переключатель языков

Құрметті алматылықтар және қала қонақтары! Орталық мемлекеттік музей 2022 жылдың 12 желтоқсанынан бастап музейге кіру негізгі кіреберіс арқылы жүзеге асырылатынын хабарлайды.

27.12.2022 ж. Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» іс-шарасы

2022 жылдың 27 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде еліміздегі Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты іс-шара өтеді.

Жыл бойы ҚР орталық музейі балаларды ұлттық құндылықтарға баулуға және тарихи мұраны зерттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды, көптеген республикалық көрмелер, конкурстар, балалар фестивальдері мен мерекелерін өткізді. Орталық музейдің мәдени-білім беру жұмысында ерекше балаларды қолдауға арналған инклюзивті білім беру бағдарламалары және оқушыларды ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға тарту мақсатында байқаулар ерекше орын алды. Іске асырылған жобалар мен байқаулардың нәтижелері бойынша жыл қорытындысы шығарылды.

Іс-шара бағдарламасында:

  • «Менің қаламдағы музей» I республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздарын келесі номинациялар бойынша марапаттау:
    1. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынов атындағы номинациясы;
    2. «Музей қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны»;
    3. «Музей жәдігері-рухани құндылық»;
    4. «Музей қызметінің маңызы мен мәні (музейде қызмет атқарған және атқаратын тұлғалар)».
  • Алматы қаласы мен Алматы облысының жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары арасындағы ұлттық ойындар бойынша «Музей Кубогы» спартакиадасының жеңімпаздарын номинациялар бойынша марапаттау: «Асық ату», «Бес асық», «Тоғыз құмалақ», «Арқан тарту».
  • «Жас экскурсия жүргізушісі» үйірмесінің жеңімпаздары мен мүшелеріне сертификаттар тапсырылады.
  • Музейдің инклюзивті бағдарламаларын іске асыру аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қолдан жасалған бұйымдары (суреттер мен қолдан жасалған заттар) ұсынылатын «Өмір ағашы - шығармашылық ағашы» шығармашылық бұрышының ашылуы.
  • Балалар Коворкинг орталығында ерекше балаларға арналған «Менің Отаным – Қазақстан» музей сабағы.  
  • «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық балалар шығармашылық көрмесімен таныстыру.
  • Балалар музыкалық топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама.

2022-жылдың 22-желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ««Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2022-жылдың 22-желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ««Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Пленарлық мәжілісті ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті және Алматы қаласы Білім басқармасы жолдаған құттықтау сөзімен ашты.

Аталған шараға ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының басшысы Әбжанов Хангелді  Махмұтұлы «Ұлы даланың мемлекеті», Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры (Қазақстан, Алматы), т.ғ.д. Қожа Мұхтар Бахадырұлы «XVI –XX ғасырдың бірінші жартысындағы Жошы хан мавзолейі туралы мәліметтер», Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к. Исин Амантай Исаұлы «Шыңғыс хан әулеті мемлекеттерінің аталуы мәселесі» және «Қырым әйелдерінің Қырым хандығы сыртқы саясатын жүргізуге қатысуы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Атығаев Нұрлан Әділбекұлы «Жошы ұлысы және Шағатай ұлысы тарихына қатысты Иран мен Түркияның кітапхана қорларында сақталған кейбір дереккөздер жайында», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Шамшиденова Факия Мешведенқызы «Жошы ұлысының тарихындағы Тайбұға әулеті», Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті,  «Margulan centre», «Ұмай» Халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясынан Крупа Татьяна Николаевна «Р.Г. Де Клавихо «Күнделіктерін» аударудың кейбір аспектілері және алтынорда киімін сипаттаудағы кейбір ерекшіліктер», АБДИ гуманитарлық зерттеу институты директоры, т.ғ.к. Өскенбай Қанат Зұлқарышұлы «Ақ Орда Қазақстан тарихында» тақырыптарында баяндама оқыды.

Аталған шараға қашықтықтан қатысқан ғалымдар, атап айтқанда, Ұлттық технология институты, Ояма колледжі (Жапония, Ояма) әдебиет магистрі Хироюки Нагаминэ «Мунтахаб ат-Таварих-и Муʻини» париж қолжазбасындағы джадвал және Натанзидің «Синоптикалық тарихы», Термез мемлекеттік университеті, имам Термизи Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығынан (Өзбекстан, Термез) т.ғ.к., доцент  Мирзаев Джалалитдин Зайниевич «Термез Алтын Орда анклавы ретінде», В.Н. Татищев атындағы Астрахань мемлекеттік университетінің «Археология Нижнего Поволжья»  мектебінің басшысы (Россия, Астрахань), т.ғ.к., доцент Васильев Дмитрий Викторович «Тағы да Алтын Ордадағы буддизм жайында», М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің тарих-философия факультеті жалпы тарих және археология кафедрасының аға оқытушысы (Украина, Киев), т.ғ.к. Пилипчук Ярослав Валентинович «Дешті Қыпшақтағы күнделікті ахуал құрылымы», Алтай Республикасының «А.В. Анохин атындағы Ұлттық музейінің» музейлік заттар сақтаушысы (Россия, Горно-Алтайск) Чичинов Владислав Алексеевич «О датировании битвы на Калке», Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы археология институтының лаборант-зерттеушісі Бугарчев Алексей Игоревич (Россия, Казань) «Орда – Бұлғар монета сарайы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Петров Павел Николаевич «Қаялық монеталары» тақырыптарында онлайн форматта баяндама оқыды.

 

«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
«Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы» «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
 «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»  «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»
 «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»  «Ұлы дала кеңістігіндегі Шыңғыс хан ұрпақтары мемлекеттілігінің эволюциясы»

07.12.2022 ж. «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» республикалық фестивалі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» атты республикалық фестивалі өтті.

 «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» республикалық фестивалі

Фестивальдің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы өз жылы лебізін білдіріп қатысушы ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Бейнелеу өнері бойынша ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңрген қайраткері, суретші Ақанаев Бейсебек Атабекұлы, Сәндік-қолданбалы өнер бойынша ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рыскелді Мұсаев балаларды ГРАН-ПРИ жүлдегерлерімен марапаттады.

«Балалар жылының» жабылуына арналған фестиваль аясында Балалар музыкалық ұжымдарының «Фиеста» шоу-балеті, №5 оқушылар үйі, Алматы қаласы Оқушылар сарайы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының қатысуымен балаларға арналған концерт ұйымдастырылды.

«Ұлы дала ұрпақтары» балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары 16 оқушы әр түрлі жанрдан БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БОЙЫНША Солтан Айнара, Солтан Санжар Алматы қаласы «Зердеш» зияткерлік мектебі, Ғалымжанқызы Ләйлім Алматы облысы, Балқаш ауданы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп, Арыстанбек Асқар Жамбыл облысы, Шу қаласы, А.С. Макаренко орта мектебі, Сәлім Алсу «Зердеш» зияткерлік мектебі, Андреева Екатерина №199 мектеп, Михалевская Снежана Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Шығанақ орта мектебі, Ерлер Алмас Шымкент қаласы, Ә.Қастеев атындағы дизайн және өнер колледжі сондай-ақ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР БОЙЫНША Ғаниқызы Аякөз Алматы облысы, Балқаш ауданы, Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп, Медетбек Рамазан Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №173 мектеп-лицейі, Муратбек Нурбах №199 мектеп, Афанасьев Тимур Алматы облысы, Талғар ауданы, №36 Алақай өнер мектебі, Елеуова Илана Алматы қаласы, №111 гимназия, Нұрахмет Амина Алматы қаласы №176 мектеп-гимназия оқушылары ГРАН ПРИ жүлдегерлерімен марапатталды.

Бұл күні балалар Н.Сац атындағы орыс Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «SATS ComUnity» балалар театралдық студиясының қойылымдарын («Алдар көсе» қойылымын) және Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-цирк колледжінің студенттерінен қуыршақ театрын тамашалады.

Сонымен қатар, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінен және Алматы қаласының көркемсурет студияларынан, өнердің әртүрлі бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды: кескіндеме, пластилинография, саз терапиясы және т.б.

 

 

pic-potomki-stepi-8
 pic-potomki-stepi-5  
   

«Менің қаламымдағы музей» республикалық ғылыми жобалар нәтижесі

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі

Өткізілген күні: 2022 жыл 2 желтоқсан

Байқау түрі: online

Байқауға қатысты: республиканың барлық облыстарынан 48 қатысушы.

 

Комиссия шешімімен байқаудың қорытындысы байқау туралы Ережеге сәйкес (04.11.2022 ж.) шығарылды. Инновациялық идеялар мен музей қоры мен экспозициялық материалдар біріктірілген ғылыми және практикалық маңызы бар жобалар таңдалды.

ТАҚЫРЫПТЫҚ НОМИНАЦИЯЛАР ІШІНДЕ

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ (секциялар)

Бас жүлде - ГРАН-ПРИ:

Жұман Елдана, 6 сынып оқушысы. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылы, Ақтам орта мектебі. Жетекшісі: Енсебаева Р.Р. Тақырыбы: Музей жәдігерлері – рухани құндылық.

I СЕКЦИЯ «Музей қорындағы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да жекелеген тарихи тұлғалардың мәдени-мұрасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны»

I орын

Қасейінқызы Айгерім, 10 сынып оқушысы ШҚО Өскемен қаласы Жамбыл атындағы ОММГИ. Жетекшісі: Сагиева Қ.С. «Қанипа Бітібаеваның мұражай - кабинеті - ұстаздың педагогикалық мұрасының муза сарайы» атты ғылыми жоба.

II орын

Батыркулова Динара, Нурлыбаева Алуа, Қарағанды облысы №62 ЖББ мектептің 7 сынып оқушылары. Жетекшісі: Гильмутдинова Г.А. «Струны Сарыарки. Таттимбет Казангапулы» атты ғылыми жоба.

III орын

–– Ахметжан Арлан, Алматы қаласы №111 гимназиясының 9 “В” сынып оқушысы, жетекшісі: Тайменова А.С. Тақырыбы «Плененный степью и домброй».

Тұқанов І.М., ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша “Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы” 10 “А” сынып оқушысы Жетекшісі: Нұрғалиева М.З. Тақырыбы «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы мұрасын насихаттаудағы мектеп мұражайының рөлі».

II СЕКЦИЯ«Музей жәдігері – рухани құндылық»

I орын

Ғалижанова Меруерт Муратовна. Атырау облысы, Атырау қаласы, 31 орта мектеп-гимназиясы. Жетекшісі – Есенбаева Р.Р. Боранбай Мөлдір. Тақырыбы «Мұражай жәдігері – шолпы мен шашбау».

II орын

Серік Мадияр Арманұлы. Павлодар қаласының Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мекемесі.. Жетекшісі Амирова Сәуле Балтабаевна. Тақырыбы «Сан жылдағы, қазақ батыр қызы Мәншүктің самауыры».

III орын

Азарян Яна Эдуардовна. Г. Караганда. Руководитель Таловская Марина Юрьевна. Тақырыбы «Музейный экспонат – духовная ценность».

Бақыт Маржан. Алматы қаласы, 198-жалпы білім беретін мектеп. Жетекшісі – Шакенова Балжан Абылкановна. Тақырыбы «Ұлт  ұстазы»  деген ұлықтауға ие болған Ахмет Байтұрсынұлы»

III СЕКЦИЯ «Музей қызметінің маңызы мен мәні» (музейде қызмет атқарған және атқаратын тұлғалар бойынша)

I орын

Ким София Львовна, тақырыбы «Наш школьный музей», (Қарағанды қ. Григорий Потанин атындағы мектебі, 10 б сынып). Жетекшісі: Мейірбек Назым Сағатбекқызы

II орын

Шадьярова Алуа, тақырыбы «Имя твоё –на веки в летописи школы» (Алматы қ. М. Маметова атындағы № 28 мектеп-лицейі, 10 сынып). Жетекшісі: Соколова Наталья Михайловна

III орын

Спиридонова Елизавета, тақырыбы «Музеи Павлодара – туристическая достопримечательность города» (Павлодар қ. инновациялық типтегі жалпы орта білім беретін А. Байтұрсынұлы атындағы мектеп, 8 сынып); Жетекшісі: Марзатаев Ерлан Туктагулович

Елтай Әділет, тақырыбы «Мектеп мұражайы» мектеп тарихы туралы сыр шертеді», (Қарағанды қ. М. Жұмабаев аттындағы гимназиясы, 9 сынып). Жетекшісі: Мустафина Жайнагуль Амангалиевна

Ресми марапаттау рәсімі күні туралы чата қосымша хабарланады.

 

 

02-04.12.2022 ж. Орта Азия қолөнер шеберлерінің «ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» атты кезекті көрме-жәрмеңкесі

Орта Азия қолөнер шеберлерінің «ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» атты кезекті көрме-жәрмеңкесіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қорымен бірлесіп 2022 жыл 2-4 желтоқсан күндері ежелгі мәдени дәстүрді жалғастыра отырып, Орта Азия қолөнер шеберлерінің «ШЫҒЫС КЕРУЕНІ» атты кезекті көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Бәрімізге әйгілі Шығыс керуені халықаралық экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды дамыту жолында үлкен рөл атқарды. Көңілді, түрлі-түсті шығыс базарына әр елден саудагерлер мен сатып алушылар асыға келіп, Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қышын, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағада сату және сатып алу саудасын жүргізіп отырған. Осы ежелгі мәдени дәстүр бүгін де сәтті жалғасуда.

Қазақстанның әр аймағынан және Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан елдерінен келген майталман шеберлер өз тауарларын: қолдан тоқылған жібек орамалдарын, экологиялық таза киізден, ағаштан оюлап жасаған, жібек жіптермен тоқылған кестелерін, қыштан жасалған, әдемі зергерлік бұйымдарын, киім-кешек, сазды аспаптарын, шығыс миниатюраларын, кілемдер мен сандықтарын ұсынады.

Көрме-жәрмеңке бірнеше мақсатты көздейді:

  • Шеберлер арасында өзара тәжірибе алмастыру;
  • Өз тауарларын сату арқылы қаржы жағдайын зерттеу;
  • Сатып алушылармен қарым-қатынасты ұлғайту;
  • Қолөнер шеберін дамыту;
  • Мәдени қарым-қатынасты жақсарту.

Көрме-жәрмеңке алматылықтар мен Алматы қаласы қонақтарының асыға күтетін қызықты іс-шараларының бірі десе де болады. Осындай дәстүрлі де көне және заманауи қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі алматылықтар мен қонақтардың назарын өзіне тартады.

Көрме-жәрмеңке аясында қыш құюдан шеберлік-сабақтар көрсетіледі.

Сонымен қатар көрме-жәрмеңке аясында желтоқсанның 3 күні бірнеше конкурстардың лауреаты, Евразия дизайнерлер одағынының орденімен марапатталған, фурнитуралардан ұлттық әшекейлерді жасаумен айналысатын Қазақстандық қолөнер шебері Қасымбекова Бейбіткүлдің «Көркем зере» деп аталатын коллекциясынан дефиле көрсетіледі.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 2022 жыл 2-4 желтоқсан, сағат 900-ден 1800-ге дейін.

Өткізетін орны: ҚР Мемлекеттік орталық музей (Самал-1 ықшам ауданы, 44 үй).

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source