06.05.2024 ж. «Жеңіс күнімен»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі 6 мамырда сағат 14.00 Алматы қаласы Медеу ауданының еңбек және Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлеріне арналған «Жеңіс салтанатты» көшпелі әлеуметтік қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл күні Орталық мұражай қызметкерлері ардагерлерді «Жеңіс күнімен» құттықтап, оларға сыйлықтар жиынтығын табыстайды.
Жыл сайын ҚР Орталық музейі өскелең ұрпақты отансүйгіштік және еліміздің тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған патриоттық іс-шаралар өткізеді. Біз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызға құрмет көрсетіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін атап өтеміз!
Майдангерлердің ерлік ісін әрдайым есте сақтау және Қазақстанның бейбіт өмірін, тыныштығы мен еркіндігін сақтаған жандардың барлығына алғыс айту – біз үшін парыз! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.