авто

Переключатель языков

Қателік
  • Error loading component: com_phocaguestbook, 1

20.11.2024 ж. Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Болат Мұхамедиев — көпқырлы талант иесі. Оның шығармашылығы 50 жылдан астам уақытты қамтиды. Ол кітап графикасы, кескіндеме, абстракция, мүсін, дизайн, архитектура және фотографияның ерекше үйлесімін ұштастыра отырып, заманауи технологиялар мен дәстүрлі өнерді үйлесімді біріктірген талантты қылқалам шебері.  

Суретші өмірінің маңызды белестерін атап өтпеу мүмкін емес. Ол Қазақстан мен әлемнің көптеген қалаларында білім алып, шынайы шеберлік пен өмірге деген ерекше көзқарас қалыптастырды. Оның өнері Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де мойындалған. Ол көптеген халықаралық марапаттар мен 12 елдің құрметті суретшісі мәртебесіне ие, олардың ішінде 2023 жылы Парижде өткен абстракционисттер арасындағы дүниежүзілік байқауда жеңіп алған алтын медаль ерекше орын алады. Сонымен қатар, автордың жетістіктері америкалық «Forbes» басылымында жарияланған.

post 20.11.2024 01 post 20.11.2024 02
post 20.11.2024 03 post 20.11.2024 04
post 20.11.2024 05 post 20.11.2024 06
post 20.11.2024 07 post 20.11.2024 08

Б. Мұхамедиев Германия, Болгария, Чехословакия, Польша, Түркия және Жапония елдерінде кітап-журнал өнері саласында 6 халықаралық сыйлыққа ие болған. 1992-2023 жылдар аралығында ол 11 тақырыптық стела мен 50-ден астам шағын архитектуралық формаларды жасап, бес архитектуралық жобаны әзірлеген. «Білім және еңбек» журналында жұмыс істеген жылдары суретші 24 мұқабаны иллюстрациялап, «Қазақстан» баспасында әртүрлі жанрдағы 300-ден астам кітапты көркемдеген, олардың ішінде балаларға арналған, ғылыми-көпшілік, көркем және ауылшаруашылық әдебиеттері бар.

Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі директордың орынбасары Анна Викторқызы Кущенко ашты. Өз сөзінде: «Болат Мұхамедиев — уақыт талабына сай шығармашылық шекараларды кеңейтіп, өнер әлемінде өз орнын айқындаған дара тұлға. Оның әрбір туындысы терең ойдың, талғампаз шеберліктің және заманауи технологияларды игеру қабілетінің көрінісі. Бұл көрме суретші шығармашылығын таныстырып қана қоймай, жаңа мәдени-рухани қырларды ашуға мүмкіндік береді. Баршаңызды Болат Мұхамедиевтің шығармашылығымен тереңірек танысуға шақырамын», - деді.

Сонымен қатар, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов сөз алып, өнердің қоғамдағы маңызы мен мәдениетке тигізетін ықпалы туралы ойларымен бөлісті және Қазақстан Суретшілер Одағының тарапынан «Бейнелеу өнеріне сіңірген өнері үшін» медалін тақты.

Көрмеде ұсынылған ерекше туындылардың бірі - цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық. Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.

Көрмеде автордың 50 астам жұмысы ұсынылған.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source