авто

Переключатель языков

22.04.2019 ж. Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2019 жылдың 22 сәуір күні сағат 15.00-де академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрмесін ашады.  

«Қазақтың ұлы ғалымы» атты көрмесіАкадемик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - көрнекті геолог, біртуар ғалым,ғылым саласының бірден-бір ұйымдастырушысы, ол еліміздегі геологиялық қызметтің және Қазақ КСР Ғылым академиясының, Үлкен Жезқазған мен бүгінде оның атындағы Геология ғылымдары институтының негізін қалады.Қ.И. Сәтбаев – Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті әрі одақ көлеміндегі бірінші қазақ академигі (1946ж.). Қазақстанның жер қойнауы байлықтарын ашу мен оны геологиялық зерттеу, кен көздерін жедел анықтауға бағытталған ауқымды, кешенді зерттеу ісінің жарқын беттері Сәтбаевтың атымен байланысты.

Көрменің мақсаты:алғашқы қазақ геологы, академик Сәтбаевтың өмір жолы, қайраткерлік қызметімен таныстыру; ғалымның ғылыми мұрасын сақтау, танымалдығын арттыру ҚР МОМ қорындағы құжаттарды, академиктің архивіндегі фотоқұжат, заттық деректерді көпшілік назарына ұсыну.

Көрме экспозициясы төрт тараудан тұрады:

«Өмір жолын таңдау» айдарымен құрылған бірінші тарау Қ.И. Сәтбаевтың өмірбаянына арналған: фотоқұжаттар тұлғаның балалық шағы, Семейдегі мұғалімдер семинариясында білім алуы, ұстаздық қызметі және Томсктехнологиялық университетіндегі студенттік өмірінен сыр шертеді.

«Ғалым-геолог» – екінші тарау Қ.Сәтбаевтың ғылыми-тәжірибелік жұмысымен таныстырады. Фотоқұжат, заттық деректер инженер-геолог, бөлім басшысы, Атбасар және Қарсақпайгеологиялық трестерініңбас инженерінің күнделікті атқарған қызметін ашып көрсетуге бағытталған. Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кені орнында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмысын ұйымдастырып іске асырды. Ол бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы кен орындарының қорын жоспарлы түрде анықтау ісін жолға қойып, әлемдегі үш ірі мыс кені орындарының бірі – Ұлытау-Жезқазған мыс кені көзін ашты.

«Академик Қ. Сәтбаев – ҚазКСР Ғылым академиясының негізін қалаушы» айдарымен құрылған үшінші тарау 1944ж. Қазақ КСР ҒА құру туралы үкімет қаулысының қабылдануыҚ.И. Сәтбаевтың тікелей атсалысуымен жүзеге асқындығын көрсетеді. 1946 ж. 1 маусымда Қ.И. Сәтбаев Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті болып сайланды. Осы жылдың қазан айында ол КСРО ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Ғалымның еңбегі үкімет тарапынан лайықты марапатталған.

«Мұра» айдарындағы төртінші бөлім ғалымның ғылыми туындыларымен таныстырады.. Қ.И. Сәтбаевтың еңбектерінің басым бөлігі геология мәселесіне арналған. Жарияланған 240 шығармасының 42-і Жезқазған-Ұлытау ауданының геолгияжәне минералдық қорын қамтиды. Ғалым мұрасының бірінші және басты тарауы геология саласындағы еңбектерінен тұрады.Қ.И. Сәтбаевтың әдеби мұрасының екінші тарауы академикті ғылым саласын ұйымдастырушы, насихаттаушы, қоғам қайраткері ретінде танытады. Ғалымның осы тараудағы 298 мақаласының 242- орыс тілінде, 51 қазақ, 5- ағылшын тілінде жазылған.

Көрме экспозициясында көпшілік назарына ғалымның еңбектері, қайта басылған «Алгебра оқулығы»,ҚР МОМ қорында сақталған жеке заттары: марапат белгілері, құжаттары, шығармалары, кәдесый және т.б. қатар академиктің архивінен алынған материалдар ұсынылған.

Бүгінде әйгілі ғалым, ғылым саласының ұйымдастырушысы, білікті маман, жаны жайсаң азамат, қайырымды тәлімгер, өз халқының нағыз жанашыры, ұлтжанды Қаныш Имантайұлының кіші отаны – Қарағанды облысындағы қала Сәтбаевдеп аталса, ғалымның есімі бірқатар минералдар, гүлдер, мұздық, тау шыңдары, Қазақстанның көше, кәсіпорын, мекемелеріне берілген, Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық және стипендиялар жарияланған.

Көрме 2019 жылдың 1 маусымына дейін созылады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source