авто

Қателік
  • Error loading component: com_media, 1
  • Error loading module MySQL server has gone away SQL=SELECT m.id, m.title, m.module, m.position, m.content, m.showtitle, m.params, mm.menuid FROM ser_modules AS m LEFT JOIN ser_modules_menu AS mm ON mm.moduleid = m.id LEFT JOIN ser_extensions AS e ON e.element = m.module AND e.client_id = m.client_id WHERE m.published = 1 AND e.enabled = 1 AND (m.publish_up = '0000-00-00 00:00:00' OR m.publish_up <= '2024-12-04 05:31:41') AND (m.publish_down = '0000-00-00 00:00:00' OR m.publish_down >= '2024-12-04 05:31:41') AND m.access IN (1,1) AND m.client_id = 0 AND (mm.menuid = 266 OR mm.menuid <= 0) AND m.language IN ('kz-KZ','*') ORDER BY m.position, m.ordering

14.11.2024 ж. Студенттер күніне орай ұйымдастырылатын «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында «Музейдегі сол бір кеш» жобасы

den-studentov2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жастарға қатысты: «Қазақстанның болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», – деген болатын. Демек, жастар әлеуеті – жарқын болашақ кепілі, мемлекетіміздің тұтқасын ұстайтын да солар. Олай болса, жастардың қоғамдық және мәдени өмірге белсенді атсалысып, мәдениетті де білікті болып қалыптасуына ықпал ету әрбір мәдениет ошағының маңызды қызметі болуы тиіс. Осы орайда, 2024 жылдың 14-қарашасында сағат 15.30-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тікелей қолдауымен Мемлекеттік орталық музейі министрлікке қарасты оқу орындарымен бірлесе отырып, Студенттер күніне арналған «Жастардың әлеуеті-елдің болашағы» студенттердің шығармашылық инновациялық өзіндік жұмыстарының көрмесінің аясында "Музейдегі сол бір кеш" мәдени-танымдық шараны ұйымдастырып отыр.

Шараның мақсаты: студенттерді халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру, жастардың рухани білімін арттыра отырып шығармашылық қабілеттерін жандандыру және музейдің оқу орындарымен байланысын нығайту. Студенттерді ізденгіштікке, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Шара аясында студенттер түрлі салалардағы өз жұмыстары мен жобаларын таныстырып, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын көрсетеді.

Студенттер «Домбыра патиге» қатысып, Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісұлы, Біржан сал домбыраларының көшірмелерінде ойнау мүмкіндігіне ие болады. Жобаға қатысушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын «Ойшылдар алаңы» ғылыми-танымдық ойынында көрсете алады. Сонымен қатар шара аясында «Ақылды қоғам құру және зияткерлік орта қалыптастыру» тақырыбында ғылым, мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, әр түрлі маман өкілдерімен кездеседі.

Сондай ақ кеш аясында шеберлік сабақтар және экскурсиялар ұйымдастырылады.

Орталық музей сіздерді ұмытылмас кештің куәсі болуға шақырады! Шараға студенттерге студенттік билетпен кіру ТЕГІН.

05.09.-15.10.2024 ж. «Менің қаламымдағы музей» ІІІ Республикалық ғылыми жоба байқауы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2024 жылы 5 қыркүйек пен 15 қазан аралығында мектеп оқушылары арасында «Менің қаламымдағы музей» ІІІ Республикалық ғылыми жоба байқауын жариялайды. Жобаның форматы - онлайн, қатысушылар12-16 жас аралығындағы оқушылар. Нақты шарттарын байқаудың ЕРЕЖЕСІНЕН көре аласыздар.

Толығырақ...


Центральный Государственный музей Республики Казахстан при поддержке Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики  с 5 сентября по 15 октября 2024 г.  объявляет III Республиканский конкурс научных проектов «Меңің қаламымдағы музей»среди школьников.  Формат конкурса - онлайн,  в нём могут принять участие школьники в возрасте 12-16 лет. Более подробно об условиях проведения КОНКУРСА смотрите Положении Конкурса.

Подробнее...


06.09.2024 Отбасы - Бақыт мекені мәдени танымдылық іс-шарасы

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Орталық музей отбасылық рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді. Биыл 2 – 8 қыркүйек аралығындағы Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша өткізу ұсынылды. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік орталық музейі «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбы бойынша 6 қыркүйек күні «Отбасым – бақыт мекенім» іс-шарасын өткізді.

post 06.09.20240 post 06.09.20241
post 06.09.20242  post 06.09.20243
post 06.09.20244 post 06.09.20245

Іс-шараны ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипова үлгілі отбасының иесі атанып, саналы ұрпақ тәрбиелеп, ел дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс сезімін білдірді.
Шараға Алматы қалалық әкімшілігінің отбасы істеріне қатысты қызметкерлері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әйгерім Нұрланқызы, Медеу ауданының және Түрксіб аудандарының Отбасын қолдау орталығының жетекшісі Гүлнар Төлегенқызы, көпбалалы ана, еңбек ардагері Қасенова Зүлпия және «Cалауатты ұзақ өмір» орталығының мүшелері қатысты. Шара қонақтарына экскурсия жүргізіліп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Абдіқадыр Тасқын және Жасұлан Өтемұратовтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, «Анаға апарар жол» кинофильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

14.09.2024 ж. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу

Заманауи музей мәдениет ошағы ғана емес, бүкіл отбасы үшін демалыс орны болуы керек. 2022 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ата-аналар мен балаларға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді. Әлемдік тәжірибені қолдай отырып, Орталық музей 2024 жылғы 14 қыркүйек күні, сағат 11.00-де қала күнін мерекелеуге арналған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу салтанатын өткізеді.

afisha 14.09.2024Шараның мақсаты – жас отбасыларды қолдау және ана мен сәбиге қолайлы жағдай жасау. Бөлме түрлі жиһаздар, құндақтауға арналған үстел және кварц шамы, баланы ойнатуға арналған ойыншықтармен жабдықталған. Бөлмеде нәрестені тамақтандыруға және демалуына барлық жағдай жасалған.

Жобаның демеушісі Қазақстан мен Орта Азия бойынша ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын емдеуге арналған клиникалардың ең ірі желісі саналатын Репродуктивті медицина институты (жетекшісі – Джусубалиева Тамара Муфтаховна). Орталықтың басым міндеттерінің бірі – репродуктивті денсаулық проблемаларын шешуде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қала күніне орай «Алматы – мәдениет пен өнер қаласы» іс-шарасын өткізеді.

Шара аясында «Сүйікті қаламның көрікті жерлері» тақырыбындағы «Ұмай» балалар көркемсурет мектебі оқушыларының, «Достық» және «Жас ұлан» демалыс орталықтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алматы – қызғалдақ қаласы» тақырыбында сурет көрмесі өтеді. Балаларға Алматы қаласының тарихына арналған викториналық сұрақтар қойылып, кескіндеме өнері бойынша «Алматы шығармашылық пен шабыт қаласы» шеберлік сабақтары өткізіледі.

 

04.09.2024 ж. «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2024 жылдың 4 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Ашық қалпына келтіру орталығының» таныстырылымы мен «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелін өткізді.

Шараны салтанатты түрде ашқан ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы: «Ашық қалпына келтіру орталығын» құрудағы басты мақсат –тарихи мұраларды қаз-қалпында сақтау және музей құндылықтарын қалпына келтіруші мамандардың тапшылығына байланысты болашақ реставраторлар легін қалыптастыру, сондай-ақ орталықта шеберлік сабақтарын өткізу арқылы осы мамандыққа деген жастардың қызығушылығын оятып, көрермендер арасында музей жұмысына деген оң көзқарас қалыптастыру, – деді.

Жалпы орталық музей қоры ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан қалыптаса бастаған. 200 жылға жуық тарихы бар музейде реставрациялық жұмыстар 1978 жылдан бастап жүргізіледі. Ал «Ашық қалпына келтіру орталығы» жобасының мақсаты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша білім беру алаңын ұйымдастыру, сонымен қатар қалпына келтіру мамандары, тарихшылар мен өнер сүйер қауым арасындағы іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыру. Мұндай орталықтарды қоғамдық өмірге енгізу мәдени нысандар мен музей қорларындағы музейлік заттарды сақтаудың маңыздылығын көрермендер арасында жан-жақты насихаттау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптасыруға ықпал ету.

post restav01 post restav02
post restav03 post restav04
post restav05 post restav06

«Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» дөңгелек үстелінің баяндамашылары: ЮНЕСКО және Еуроодақтың Жібек жолы жобасының үйлестірушісі Маджер Масанов «Жібек жолы бойынша ЮНЕСКО жобалары аясында жүзеге асырылған қалпына келтіру жұмыстары»; Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы, материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі және сарапшысы Айжан Бекқұлова және «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының дизайнері және реставраторы Элина Алтынбекова «Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің оюлы есігінің қайта жаңғыруы: консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбында баяндамалар жасады.

«Ашық қалпына келтіру орталығының» ашылуы барысында Орталық музей қызметкерлері келесі бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын ұсынды:                                      

  • Керамика бұйымдарды қалпына келтіру (А.М.Құрақбаев);
  • Кілем және тоқыма бұйымдарын қалпына келтіру (Д.Ибраева);
  • Киіз бұйымдарды қалпына келтіру (Мекебаева Г.);
  • Киім және мата бұйымдарын қалпына келтіру (Перова О.);
  • Металлдан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру (Шайкенов Б.);
  • Бейнелеу өнері туындыларын қалпына келтіру (Заманбекова Ш.).

«Ашық қалпына келтіру орталығының» құрылуы музейге деген қызығушылықты арттырып, музей көрермендерінің, мамандардың (қалпына келтіруші, өнертанушы, суретші, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және т.б.), ғылыми қоғамдастықтың, сондай-ақ Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мәселелеріне қызығушылық танытатын көпшіліктің назарын аударары сөзсіз.

Таныстырылым аясында бірегей экспонаттар – белгілі зерттеуші, өнертану ғылымдарының докторы, Орталық Азия мен Қазақстанның сәулет өнерін зерттеуші ғалым Лия Юлиевна Маньковскаяның Қожа Ахмет Ясауи кешенін қалпына келтіру жұмыстарына даярлаған сызбалары, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген суретшісі Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың (1925-1993) Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігінің қарындашпен салған сызбасы ұсынылды.

Сондай-ақ шара барысында Орал Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттеріне метал және керамика бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source