авто

Переключатель языков

19.06.2024 ж. "Әнім қалсын" мәдени-танымдық іс-шарасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде күміс көмей әнші, композитор, ақын Кенен  Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай мәдени іс-шара өтті.

                 kenen-00 kenen-02
kenen-03 kenen-04

Шараны Орталық музей директорының музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Анна Викторқызы ашып, Кененнің музыкалық мұрасын ары қарай жалғастыруда бүгінгі жас ұрпақтың қосар үлесі зор екенін айтты.

Мәдени іс-шара барысында өнертану ғылымдарының магистрі, дәстүрлі әнші Аманжол Қуанышұлы балаларға дәріс оқып, Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер ұсынды. Сондай-ақ өнер иесінің «Бастау» және «Игигай» әндерін шырқады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы “Sanat” өнер мектебінің домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, Кенен Әзірбаевтың таңдаулы шығармаларын орындады.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақын, композитор Кенен Әзірбаевтың  шығармашылығын  насихаттап,  әндерімен сусындату, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.

ХІХ ғасырдың аяғында дүниеге келіп, ХХ ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы: жырауы әрі ақыны, жыршысы әрі күйшісі, әншісі әрі композиторы, шежірешісі әрі ірі қоғамдық қайраткері болып танылған Кенен Әзірбаев халқымыздың алтын қорына сан-салалы мол мұра қалдырды.

Ақынның өте мол жазба мұрасы бар. Он дастан, жүзден астам әндері, мыңдаған өлең-жырлары, айтыстары, жеті күйі, басқа да аты аңызға айналған тарихи тұлғалар жайлы жазған құнды мұралары халық игілігіне айналып отыр. Ақынның ән-жырлары баспадан үздіксіз шығып келеді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source