авто

Переключатель языков

20.06.2024 ж. «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылуы

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде күйші, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовтың жеке кешеніндегі экспонаттар негізінде «КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ» көрмесінің ашылуы өтті.

post kali1 post kali3
post kali6 post kali5
 post kali2  post kali4

Алғашқы құттықтау сөз Орталық музей директоры Рашида Ерімқызына берілді. Ол өз сөзінде: «Рухани қазынамыздың өрісін кеңейтуге ерен үлес қосқан күйші кезінде әйгілі академик Ахмет Жұбановпен бірге Құрманғазы атындағы оркестрдің іргетасын қалауға атсалысты әрі шәкірт тәрбиеледі. Өнер саңлағы өзі жинаған киелі мұраны шәкірттеріне табыстай білді. Олардың бірқатары қазір арамызда отырғаны біз үшін зор мәртебе», - деді.

Кештің құрметті қонақтары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрының ардагері Өтепберген Хамзин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші Шәміл Әбілтай, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышев Медет Ермекқалиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы көпшілікті көрменің ашылуымен құттықтап, Қали Жантілеуовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды ақпараттармен бөлісті.

Көрмеге «Музейге сый - ұрпаққа аманат» акциясы аясында Орталық музейге тапсырылған Қали Жантілеуовтың отбасылық архивінен жеке портреті, «Қазақстанның еңбек сіңірген Халық Әртісі» атағы берілгендігі туралы куәлігі», тақиясы мен шапан, түпнұсқа фотосуреттері, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының халық аспаптары кафедрасының 25 жылдыққа арналған түлектер мен мұғалімдердің венеткасы секілді 30-дан астам құнды экспонаттар қойылды.

Шаһар тұрғындары мен қонақтары аталмыш көрмені шілде айының 20-на дейін тамашалай алады. 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source