авто

Переключатель языков

ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына  100 жыл толуын мерекелеу аясында «Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.

Алғашқы сөз ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызына берілді. Ол Сағадат Қожахметұлының ерлікке толы өмірі жастарға үлгі екенін айта келіп, ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің бір құралы екенін баса айтты.

Ал ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің басшысы Әлжан Ләззат аталған іс-шараның музейлер арасындағы ынтымақтастықты дамуға қосар рөлі зор екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлымен қызметтес болған ардагер, отставкадағы полковник Казбек Владимирұлы Мамсуров Сағадат Қожахметұлы туралы естеліктерімен бөлісті.

Көрмеде Сағадат Қожахметұлының жеке заттары, осы уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, әртүрлі әскери-оқу жаттығуларынан және күнделікті өмірдегі отбасымен түскен фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар, қысқы киім үлгісі мен плащы, номер бірінші Халық қаһарманы “Алтын жұлдызының” көшірмесі көрсетілген.

Айта кетейік, аталмыш көрме көрме 2024 жылы Қазақстанның 10-нан астам қаласында (Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Семей, Павлодар, Қостанай, т.б.) ұйымдастырылмақ.

Алғашқысы «Деньги на «Шелковом пути» (территория Казахстана, XIII-XIV вв.) деген атаумен жарық көрді. Авторлары Музейлік деректану және қолжазба бөлімінің ғалымдары Павел Николаевич Петров, Нұрлан Әділбекұлы Атығаев және Жасұлан Мәзуләұлы Белтенов.

Ұжымдық монография қазіргі Қазақстан аумағы арқылы өткен керуен жолдарында орналасқан XIII-XIV ғасырлардағы елді мекендердің монета айналымы мен монета ісі негізінде «Жібек жолы» трассаларының белсенділігін зерттеуге арналған. Кітап 3 тараудан тұрады.

Ал екінші жеке монографиялық еңбектің авторы профессор Нұрлан Әділбекұлы Атығаев. Кітап «Казахское ханство: очерки внешнеполитической истории XV-XVII веков» деп аталады. Бұл монография XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы саяси тарихына арналған.

Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры – Харипова Рашида Ерімқызына берілді. Ол аталмыш ғылыми жұмыстар үш жылдық еңбектің жемісі екенін айта келіп, шараға zoom платформасы арқылы қатысқан ұжымдық монографияның негізгі авторларының бірі, нумизмат ғалым Павел Петровқа алғыс білдірді. Сондай-ақ монографиялық еңбектердің жазылу тарихына байланысты ақпараттармен кітап авторлары Жасұлан Белтенов пен Нұрлан Атығаевтар бөлісті.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрсан Әлімбай, ҚР ҰҒА академигі Берекет Кәрібаев, АБДУ гуманитарлық зерттеу институтының директоры Қанат Өскенбай, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев т.б ғалымдар мен қоғам қайраткерлері шараға арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.

Шара соңында зиялы қауым өкілдері мен ғылыми мекемелерге аталмыш монографиялық еңбектер үлестірілді. 

mages/PHOTO-2023-12-21-16-26-38.jpg

2023 жылдың 23 желтоқсаны сағат 13.00-де  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі мен Түркия

Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесіп Түрік Республикасының 100 жылдығына арналған Түркиялық әйгілі керамика шеберлері Ибрахим Кушлу мен Джумхур Айгүннің «Түркия ғасыры: Ата

бабаларының отанындағы Анадолы әйнектері, керамикасы  және өрнектері» көрмесін ашады.

Түркияның бір бөлігі болып табылатын және археологиялық аумақтарға бай Анадолының керамикасы көптеген бірегей тарихи және көркемдік дәстүрлерді қамтиды.

Көрмедегі қыш бұйымдарда осы өңірге тән, ежелгі өркениеттің тарихынан және мәдениетінен шабыттанған сәндік элементтер мен мотивтер бар. Жергілікті шеберлер буыннан-буынға берілетін бірегей әдістерді сақтай отырып, қыш бұйымдарды жасау кезінде дәстүрлі техника мен қолөнерді жиі пайдаланады.

Аталмыш көрмеге келушілер қылқалам шеберлерінің – Ибрахим Кушлу мен Джумхур Айгүннің 200 жуық заманауи мотивтегі бірегей жұмыстарымен таныса алады.

Көрме дәстүрлі Анадолы керамикасы мен графика өнерін біріктіреді. Бұл көрме Алматыдағы қақаған қыстың суық күндеріне жылу сыйлап, өнер сүйер қауымды қапы қалдырмайтын көркем шара болмақ.

Көрме 2024 ж. 10 қаңтарына дейін жалғасады.

                              

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Этнодизайнерлері одағымен бірлесе отырып, кәсіби суретшілер, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері мен этноарт дизайнерлерінің халықаралық симпозиумын өткізді. Шара аясында «Шығыстың шеберлері» кітабының тұсауы кесілді. ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы шараны салтанатты түрде ашып, Қазақ-Қырғыз қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәні мұғалімдерінің арасындағы мәдени құндылықтарды насихаттап, креативті индустрияны дамыту және өзара тәжірибе алмасуда осындай басқосулардың маңызды екенін ерекше атап өтті. Симпозиум аясында дефиле, шығармашылық туындылар көрмесі, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оған Қазақстан мен Қырғызстаннан 100-ге жуық қолөнер шеберлері қатысты. Қазақ-Қырғыз этнодизайнерлері ұсынған «Ұлпан», «Айпара», «Шаңырақ», «Самғау» топтамаларының сән көрсетілімдері де көпшілікті тәнті еткені анық. Шараға Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығына қарасты мектеп мұғалімдері, Түркістан облысы білім басқармасына қарасты мектеп мұғалімдері, Қырғыз Республикасының ЖОО оқытушылары мен мектеп ұстаздары, Республика көлеміндегі білім беру ұйымдарының көркем еңбек пәнінің мұғалімдері, «Жебе» баспасы және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Этнодизайнерлер одағы бүгінде ұлттық құндылықтарымызды дамытып, төл тарихымызды қайта жаңғыртуға бағытталған маңызды мәселелерді басшылыққа ала отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Бабаларымыздың бізге қалдырған құнды мұрасын әлемдік деңгейде дәріптеп, төл тарихымызды төрт құрлыққа таныту Қазақстан Этнодизайнерлер одағының басты мақсаты.

 

Ғажайыптарға сенетіндердің барлығын 2023 жылы 22–24 желтоқсан күндері ҚР Мемлекеттік орталық музейіне «Жаңа жылдық жәрмеңкеге» шақырамыз!

Көрме-жәрмеңкеге түрлі стилистикалық бағыттағы компаниялар мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменістан елдерінің қолөнер шеберлері қатысады.

Сіздердің назарларыңызға интерьер заттары мен жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған қуыршақтар және зергерлік бұйымдардың барлық түрлері, керамика мен киім, шарфтар, сөмкелер, қораптар, шырша ойыншықтары және т. б. ұсынылады!

Сыйлықтар талғаммен жасалған және қолжетімді.

Бізбен бірге мерекелік атмосфераға еніңіз!

Көрме-жәрмеңкеде шебер Несібелі Асылбек-Бахытжан шеберлік сабақтар көрсетеді.

Желтоқсанның 22-23 күндері, сағат 11-00 – 15-00 аралығында Шым ши тоқудан шеберлік сабағы.

Желтоқсанның 24 күні сағат, 11-00 – 15-00 аралығында Макраме бойынша шеберлік сабағы өтеді.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source