01.11.2024 «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі
2024 жылдың 1 қарашасы сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ашылады.
Бұл бірегей шара Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы мәдени және стратегиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бүгінде бұл көршілес елдерді барлық саладағы серіктестік қарым-қатынастар мен ынтымақтастық байланыстырады.
Көрме Қытай ғылыми-білім беру фильмдері мен телебағдарламалары қауымдастығының және «Фото және бейнетүсірілім» журналының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Іс-шараның басты мақсаты – фотоөнер саласындағы мәдени кәсіби қауымдастықтар арасындағы өзара ынтымақтастық пен байланысты күшейту, сондай-ақ келушілерді үш елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қазіргі дамуымен таныстыру.
Фото саласындағы Республиканың жетістіктерін танымал ету, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, ағартушылық қызметті жүзеге асыру, фото мәдениет тақырыбында кездесулер ұйымдастыру және конференциялар өткізу, танымдық фильмдер мен бейнематериалдар көрсетілімін өткізу, фотографиялық мұраны сақтау арқылы елімізде және сол сияқты шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға жәрдемдесу.
«Қазақстан, Қытай, Ресей. Қуат палитрасы» көрмесінде үш елдің табиғатының сұлулығын, мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен даму жетістіктерін көрсететін 600 фотосурет ұсынылады.
Біз бұл көрме мәдени байланыстарды нығайтып, елдер арасында ынтымақтастық орнатып, жаңа мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.
Ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – Қазақстанның жетекші мәдени-білім беру орталығы, ол тарихи мұраны, мәдени және білім беру бастамаларын дамыту мен танымал етуге белсенді ықпал етеді.
- Қытайдың ғылыми-танымдық фильмдер мен телебағдарламалар қауымдастығы – ғылыми және білім беру контентін ілгерілетумен, мәдени байланыс пен ынтымақтастық үшін бар күшін салады.
- «Фото және видеотүсірілім» журналы – қытайдың жетекші басылымы, фотография мен фидеотүсірілімнің заманауи жетістіктеріне, сондай-ақ мәдени байланыс пен кәсіби дамуға арналған.
- Ресейдің кәсіби фотографтар лигасы – 2014 ж. Ксения Лебед негізін қалаған, фотографтарды біріктіретін алаң болып табылатын бүкілресейлік коммерциялық емес ұйым. «Біз Еуропалық дипломдар мен біліктілік алуға көмектесеміз, көрмелдер, дәрістер ұйымдастырамыз, сауда көрмелеріне қатысамыз. Лиганың басты міндеті – көпшілікке жоғары сапалы суреттерді насихаттау».
- «Фотографтар мен цифрлық фотосуретшілер одағы» ҚБ-ң президенті Дарья Дунич: «Бірлестік өнерге және жалпы фото мәдениеттің дамуына ұқсас көзқарастары бар кәсіби фотографтар мен фотоәуесқойлар мүддесін білдіреді».