авто

Переключатель языков

09.08.2024.«Абай күніне» арналған «Жазамын мен бәйітті.....» әдеби-сазды кеш

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі  2024 жылдың 9-тамыз күні қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба әдебиетіміздің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған  «Жазамын мен бәйітті...» әдеби-сазды іс-шараны өткізді.
Іс-шара мақсаты: Абай шығармалары арқылы әр тұлғаның  бойына адами құндылықтарды сіңіру.

post abai01 post abai01a
post abai02 post abai06a
post abai04 post abai05
post abai06 post abai03

Шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Р.Е.Харипова ашып, Орталық музей қорындағы Абай мұрасына қатысты аса құнды жәдігерлермен таныстырды.

Сондай-ақ Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мағазбеков Нұр Жандосұлы сөз алып, Абай мұрасын насихаттау қай кезеңде де құндылығын жоғалтпайтынын тілге тиек етті.
ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР жазушылар одағының мүшесі, күйші   Қараш Талапұлы ақынға арналған өз шығармасынан «Абай тойы» күйін орындады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисті, Халықаралық конкурстардың лауреаты Балуан Беркенов «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, Халықаралық конкурстардың лауреаты Алияр Өтетілеу «Абайға арналған фортепианолық фантазия» шығармасын көрермен назарына ұсынды.

Республикалық Достық үйіне қарасты этно-мәдени орталықтардың өкілдері, Алматы қаласы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы «Жас қанат» бөлімінің және  облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының тәрбиенушілері де өнерлерін ортаға салды. Ал музейлік педагогика бөлімі музей қорында сақталған Абай Құнанбаевтың жеке заттарына экскурсиялық шолу жүргізіп, «Абай ақын, Абай сазгер» викториналық ойынын өткізді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source