авто

Переключатель языков

07.03.2018 ж. Суретшілер Юнус, Зухра және Жасмин Ибраимовтардың отбасылық «Мұра» вернисажы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2018 жылдың 7 наурыз күні, сағат 15.00-де өтетін көмтем мерекелері – 8 наурыз бен Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған суретшілер Юнус, Зухра және Жасмин Ибраимовтардың отбасылық «Мұра» вернисажына шақырады.

Суретшілер Юнус, Зухра және Жасмин Ибраимовтардың отбасылық «Мұра» вернисажыЕрлі-зайыпты Ибраимовтар Ташкент қаласындағы П.П.Беньков атындағы көркем сурет училищесін оқып бітірді. Юнус училищенің Театр декорациясы, Зухра Дизайн бөлімін және Островский атындағы Театр-көркем сурет институтының Кітап графикасы бөлімін оқып бітірді. Жұбайлар қазіргі уақытта сурет және кескіндеме сабақтары бойынша жеке ұстаздық қызмет атқаруда.

Әрбір суретшілердің көрмесі өзіндік жаңа көп қырлы шығармашылық қызметімен ерекшеленеді. Ю.Ибраимов монументальды және станокты кескіндеме техникасында жұмыс жасайды. Өз шығармаларын пленэрге шыққанда да, шеберханада да жасағанда ол сәуле мен көлеңкенің қозғалысын байқап, кез-келген түс өзгерістерін сезінуге тырысады. Суретші барлық өзінің ішкі дүниесін жұмсақ және әдемі майлар арқылы көрсетеді. Өзі туылған жердің табиғатының сұлулығын бейнелеген «Қарғалы. Кеш», «Алексеевкаға барар жол», «Весновка», «Ремизовка»; жыл мезгілдері-«Ақпан», «Шілде», «Күз таяп қалды» атты көптеген пейзаждық жұмыстары бар. Суретшінің туындыларында «Қыз күн бейнеленген көйлекте», «Скрипкада ойнаушы» және т.б. портреттер бар. Жыл өте оның жұмыстары сенімді түс пен суретшінің мінезін суреттейді.

Зухра графикаға, ағашқа күйдіріп өрнек салуға, матаға көркем ою-өрнектер салып әшекейлеуге – батикке, өз шығармашылығында әр түрлі әдістерді, материалдарды пайдаланып, жиі сынақтар жасауға құштар, сондай-ақ ол майлы кескіндеме техникасында да жұмыс жасайды. Оның картиналары, әсіресе («Бутаковка», «Таңғы суық», «Ыстық көл», «Қыстағы күннің батуы») пейзаждары өте көркем және әдемі. Соңғы жылдары жұбайлар мүсінмен және барельефпен шұғылдануда. Суретшілер отбасымен пленэрлерге шығып, көптеген жұмыстарын табиғат аясында салған.  

Зухра және Юнус Ибраимовтар өздерінің көрмелерін 2010 жылы көрермендер назарына ұсынған. Ал бүгінде отбасылық жұпқа олардың қыздары Жасмин қосылды. Көрмеге Жасмин алғаш рет өзінің акварель жұмыстарын қояды. Ол Қастеев атындағы мектептің көркем сурет бөлімінде оқиды, көптеген балалар шығармашылық байқауларының қатысушысы: «Гүлдер әлемі» (1 орын), «Менің Қазақстаным» (1 орын), Балдәурен және т.б лагерьдердің эмблемасы үшін 1 орынды иеленген.

Юнус пен Зухра – «Суретші және кітап» (2002 ж.), «Ландшафт-дизайн» (2008 ж.), «Қолданбалы өнердің жәрмеңкесі» (2009 ж.), «Графика әлемі» (2011ж.) атты көптеген жастар көрмелерінің қатысушылары. Суретшілердің картиналары Өзбекстанның, Ресейдің, Қазақстанның, АҚШ-тың, Латвияның, Италияның жеке коллекцияларында сақтаулы.

Көрмеге 45-тен астам жұмыс қойылып отыр.

Көрме 2018 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source