авто

Переключатель языков

08.11.2018 ж. «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» көрмесі

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Польша Республикасының Алматы қ. Бас Консулдығының және ҚазБат Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының, Алматыдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен 2018 ж. 8 қараша күні сағат 16.00 «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» көрмесі ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртон, Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Радослав Грук, «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының төрайымы Мира Құдабаева-Мустафина, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің десанттық-шабуыл әскерлерінің қолбасшысы Қайдар Қарақұлов, Ирактың бітімгершілік миссиясының ардагері, резервтегі подполковник ГЖЕГОЖ Брыш мырзалар қатысты.

Сөз сөйлегендер мұндай халықаралық маңызы бар көрмелер жастарды патриоттық тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастыққа үлкен үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстандық бітімгершілік батальоны (ҚазБат) Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылғаны туралы, ҚазБат офицерлері мен келісімшарттағы сержанттар алдында тұрған міндеттер жөнінде де айтылды. Ирактағы «Орталық Оңтүстік» көпұлтты дивизиясы құрамына поляк әскери контингентінің басшылығымен 2003-2008 жылдар аралығында қазақстандық инженерлік-саперлік тобының батальоны кіргені атап өтілді. Иракта бейбітшілік орнату үшін поляк жауынгерлері қазақстандық әскери қызметкерлермен алты жыл бірлесе иық тіресе күресті.

«ҚазБат» инженерлік-саперлік тобының міндеттеріне жарылыс қаупі бар заттарды табу, сақтау және жару кірді. Ирактағы миссияның басталғаннан ҚазБат мүшелері 4 миллионнан астам жарылғыш заттарды жойып, 6718 текше метр су тазартқан.

Жиналғандар «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» көрмесінің ұйымдастырушы, Ирак жерінде қайтыс болған бауыры, 3-ші инженерлік-саперлік бөлімшесінің 29 жасар капитаны Қайрат Құдабаев жайлы естеліктерімен бөліскен Мира Құдабаева-Мустафинаның сөзін зор ықыласпен тыңдады (Қазақстандық батыр қайтыс болғаннан кейін 1-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған). Бір атап өтерлігі, көрмеге қойылған көптеген фотосуреттерді Қайрат Құдабаевтың өзі түсірген және олар көпшілік назарына алғаш рет ұсынылды. Көрмені тек алматылықтар мен қала тұрғындары ғана көріп қоймайды. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында аталған көрме Астанадағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери- тарихи музейінде ашылады. Ал, жылжымалы көрме өз жұмысын Екінші дүниежүзілік соғыс музейінде жалғастырмақ (Гданьск қаласы, Польша Республикасы).

Іс-шарада Әскери әрекеттер мен бітімгершілік миссиялар (операциялар) ардагерлері одағының төрайымы Мира Құдабаева-Мустафина және VI отряд командирі полковник  Қайсар Зейдалиев Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Радослав Грук мырзаға және Польша Республикасының Иракта бітімгершілік миссиясы аяқталғаннан бері алғаш рет қазақстандық әріптестерімен кездескен үш бітімгерші-ардагерін осы кездесу үшін арнайы жасалған «Парызына адалдығы үшін» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Содан кейін қонақтар жауынгерлік міндеттерді орындаудың әртүрлі сәттері, сарбаздардың күнделікті өмірі, сондай-ақ қазақстандық және польшалық бітімгерлердің демалыс күндері көрініс тапқан көрме фотосуреттерімен танысты. Көрмеге келушілер үшін экскурсияны VI отрядтың командирі, полковник Қайсар Зейдалиев мырза жүргізді.

Іс-шараға капитан У.Н. Әбдірахманов пен лейтейнант А.И. Исалиевтың жетекшілігімен Алматы аймақтық гарнизонының біріккен әскери оркестрі қатысты. Музыканттар қазақ және поляк композиторларының шығармаларын, екі елдің әскери марштарын орындады.

Көрме 2018 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады

«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер»
«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» «Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер»
«Ирактың ортақ аспаны астында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» pic-nebo-iraka-06

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source