авто

Переключатель языков

15.04.2019 ж. «Бейнелеу өнеріндегі Орал Таңсықбаев мұрасының іздері» атты өнер колледждері мен ЖОО студенттері арасындағы көрме-байқау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжімен бірлесіп, 2019 жылдың 15 сәуірі күні сағат 15.00-де өнер колледждері мен ЖОО арасында ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы және ЖАСТАР ЖЫЛЫ аясында «Бейнелеу өнеріндегі Орал Таңсықбаев мұрасының іздері» атты халықаралық көрме-байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: студенттердің көркем шығармашылығын қолдау, жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін көрсету, кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби дағдыларын жетілдіру, жастардың отандық тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, әртүрлі елдердің жас суретшілерінің Достық, мәдени және шығармашылық байланыстарын дамыту және тәжірибе алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайту.

Байқау жұмыстарының тақырыптары: Салт – дәстүр; Ежелгі металлургия; Аң стилі; Алтын адам; Түркі әлемінің бесігі; Ұлы Жібек жолы; Қазақстан – Алма мен қызғалдақтар отаны.

Байқау бағдарламасын тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды, оның құрамына өнер қайраткерлері, белгілі суретшілер, өнертанушылар, көркем сурет оқу орындарының оқытушылары шақырылды.

           Байқау «Бейнелеу өнері»; «Сәндік-қолданбалы өнер» (тоқыма, батик, қыш, ағаш, металл, тері көркем өңдеу) номинациялары бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде-шығармашылық тапсырмаларды орындау мен ойдың бірегейлігі, авторлардың көркемдік шеберлігінің деңгейі, композицияның аяқталуы назарға алынады. Халықаралық байқаудың қорытындысы - қатысушыларды марапаттау («Гран-При», І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен және қатысушы Дипломдарымен).

Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Мемлекеттік орталық музейі; Алматы қаласы ҚР ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық ұлттық федерациясының қолдауымен ҚР Суретшілер одағының қоғамдық ұйымдары; Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжі; О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source