авто

Переключатель языков

31.05.2024 ж. «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музейінде Орталық музей мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейімен бірлесіп, 31 мамыр, 10.00-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Түркістан екі империяның билігі астында: отаршылдық және қуғын-сүргін» халықаралық көрмесі ашылады.

afisha-repressiiКөрмеде тұңғыш рет Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Мемлекеттік музейі қорынан Қазақстан мен Өзбекстанның қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерімен қатар, С. Ходжанов, Ф. Зарипкызы, Т. Отарбаев, М. Мылтықбаев және т.б. фотоқұжаттары, Орталық музей қорынан А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышпаевтың жеке кешендері, С. Сейфуллин, Х. Досмұхамедовтың музейлік заттары қойылады.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми зертханасымен бірлесе отырып Қазақстан және Өзбекстан Мемлекеттерінің ғалымдарының қатысуымен «Орталық Азия елдеріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту барысы туралы: нәтижелері мен жалпы проблемалары» Халықаралық дөңгелек үстелі өткізіледі. Дөңгелек үстел барысында Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің директоры, «Шаһидлар хотирасы» қоғамдық қорының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Бахтияр Хасанов «Реформы в новом Узбекистане по увековечению памяти интеллектуалов-просветителей, репрессированных во время тоталитарного советского режима», Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев «Қазақстандағы саяси репрессияның себебі мен салдары», Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік музейінің бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы (PhD) Бахром Ирзаев «Перспективы совместных исследований истории репрессированных казахов, переселившихся в Узбекстан» және т.б. тақырыптық баяндамалар оқылатын болады.

Іс-шараға қатысушылар сағат 9.00-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source