25.11.2022 ж.«Қазіргі отандық музей: жаңа тәсілдер мен өзекті іс-тәжірибелер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музеіның тәжірибесі негізінде)» тақырыбында республикалық ғылыми әдістемелік семинар-тренинг
2022 жылдың 25 қарашасында музей директоры Р.Е.Харипованың «МӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУДІН ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ» тақырыбындағы баяндамасымен басталған Республикалық семинар-тренинг қатысушыларына қорытынды дәрістер өтті. Келесі тақырыптар талқыланды:
«Музейдің мәдени-ағарту қызметінің кешенді нысандары. Музей маркетингінде қолданылатын заманауи технологиялар. Музейге келушілерді тартудың факторлары» (ҚР Орталық мемлекеттік музейінің мәдени-білім жұмысы бөлімінің меңгерушісі А. Кущенко жүргізді). Топтық жұмыс және іскерлік ойындар түрлері қолданылды – «Затты музей экспонатына айналдыру», «Келушілермен әмбебап байланыс», «Музей іс-шарасын ұйымдастыру: ресурстар мен тәуекелдер.
«Музей педагогикасы: теориялық және практикалық аспектілері» (Музей педагогикасы секторының меңгерушісі С. Баққұлова). Семинарға қатысушылар үшін «Жаңа мектеп музей» – «Ұлттық мұраны сақтау – болашаққа сый», «Музей өздеріңмен бірге», «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» атты музейлік-педагогикалық бағдарламалар мен әлеуметтік жобалар ұсынылды. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған «Ұлы дала қызғалдақтары» атты көрмелік музейлік сабақ-шебер-класс өткізілді (өткізген З.Баянова).
Іс-шара қатысушыларға сертификаттар тапсырумен және республика музейлерімен,Дипломатиялық клубпен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.