02.05.2024 ж. «Қуаныштың көк түсі» көркем шығармалар көрмесін ашады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Қуаныштың көк түсі» көркем шығармалар көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.
Көк - әдетте аспан түсі. Бұл түс - жердегі тіршілікпен тығыз байланысты. Әркімнің көк түсті қабылдауы әртүрлі. Осы түске ену арқылы тыныштық, тазалық, шынайылық сезімдерін бастан өткереміз.
«Яблоневая палитра» Кәсіби суретшілер қауымдастығы осыған дейін де «ақ», «жасыл», «қызыл» тақырыптарында эксперименттік көрмелер өткізді. Ал бұл Қазақстан халқының жан тазалығы туралы символдық көрме.
Суретшілердің туындыларында Қазақстанның бейбіт көк аспаны, көгілдір таулары мен мөлдір суы бейнеленген. Мемлекеттік геральдикада ел туының түсі көк болуы кездейсоқтық емес. Көк түс – шексіздіктің және мәңгіліктің белгісі.
Сондай-ақ көрмеде экологиялық тақырып қозғалды. Қазақстанның ауасын, өзендер мен көлдерді, дала мен тау гүлдерін қорғау бүгінде өте өзекті. Суретшілердің бұл таңғажайып түстерді осы көрмеге қойылатын шығармашылық жұмыстары арқылы көрсетуі көпшілікті қызықтырары сөзсіз.
«Қуаныштың көк түсі» көрмесіне «Яблоневая палитра» қауымдастығының отыздан астам кәсіби суретшілері қатысты.
Олардың құрамында ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстан өнер қайраткерлері, ҚР Өнер Академиясының мүшелері, «Яблоневая Палитра» Кәсіби суретшілер қауымдастығының белсенді қатысушылары: Ақанаев Бейсебек, Марлан Нысанбаев, Лидия Дроздова, Игорь Гущин, Георгий Макаров, Есназарова Перизат, Мақсат Қаңтарбаев, Фурса Елена, Ророкин Александр, Кәрімов Ильдар, Ақанаева Ботагөз, Ли Георгий, Саванкина Лариса, Киянова Ирина, Самаркин Юрий, Попова Елена, Латын Андрей, Сағымбаев Жұмағазы, Абжанова Анара, Ведерников Максим және басқа да қылқалам шеберлері бар.
Шарада М.Серкебаевтың жетекшілігіндегі Алматы қаласы әкімдігінің концерттік оркестрі өнер көрсетті.