авто

Переключатель языков

14.09.2024 ж. «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу

Заманауи музей мәдениет ошағы ғана емес, бүкіл отбасы үшін демалыс орны болуы керек. 2022 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ата-аналар мен балаларға арналған коворкинг орталығы жұмыс істейді. Әлемдік тәжірибені қолдай отырып, Орталық музей 2024 жылғы 14 қыркүйек күні, сағат 11.00-де қала күнін мерекелеуге арналған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» іс-шарасының аясында алғаш рет ана мен балаға арналған демалыс бөлмесінің ашылу салтанатын өткізеді.

afisha 14.09.2024Шараның мақсаты – жас отбасыларды қолдау және ана мен сәбиге қолайлы жағдай жасау. Бөлме түрлі жиһаздар, құндақтауға арналған үстел және кварц шамы, баланы ойнатуға арналған ойыншықтармен жабдықталған. Бөлмеде нәрестені тамақтандыруға және демалуына барлық жағдай жасалған.

Жобаның демеушісі Қазақстан мен Орта Азия бойынша ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын емдеуге арналған клиникалардың ең ірі желісі саналатын Репродуктивті медицина институты (жетекшісі – Джусубалиева Тамара Муфтаховна). Орталықтың басым міндеттерінің бірі – репродуктивті денсаулық проблемаларын шешуде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қала күніне орай «Алматы – мәдениет пен өнер қаласы» іс-шарасын өткізеді.

Шара аясында «Сүйікті қаламның көрікті жерлері» тақырыбындағы «Ұмай» балалар көркемсурет мектебі оқушыларының, «Достық» және «Жас ұлан» демалыс орталықтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алматы – қызғалдақ қаласы» тақырыбында сурет көрмесі өтеді. Балаларға Алматы қаласының тарихына арналған викториналық сұрақтар қойылып, кескіндеме өнері бойынша «Алматы шығармашылық пен шабыт қаласы» шеберлік сабақтары өткізіледі.

 

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source