01.06.2024 ж. «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасы
1-ші маусым күні сағат 11.00-де ҚР Мемлекеттік орталық музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз балаларға» мерекелік шарасын өткізеді.
1949 жылдан бастап бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі.
Іс-шара барысында «MUSEUM FOR KIDS» балаларға арналған жазғы музей лагерінің ашылуы өтеді.
Сонымен қатар бағдарламада қолөнершебері Гүлзира Сәрсембаеваның «Қазақтың дәстүрлі қолөнері», «ByArT» өнер студиясының «Сиқырлы батик» (жібекке сурет салу), Ажар Төлеубаеваның «Қаттама-Құрақ әдісіндегі кулон», Толғанай Сембаеваның «Жүннен жасалған брошь-гүлдер мен моншақтар», Оқушылар сарайына қарасты «Ақ киіз» өнер студиясының жетекшісі Бақытжан Тұрдақынованың «Акварельді кесіндеме», «Ұмай» балалар өнер мектебінің ұстаздары «Пластилинография», «Санат» шығармашылық орталығының ұстаздары «Киізден жасалған зергерлік бұйымдар», Орталық музейдің кіші ғылыми қызметкері Айжан Құрбанованың шеберлік сабақтары қамтылған.
Осы күні «Барни» компаниясы балаларды аю Барнимен бірге тарих әлеміне қызықты онлайн саяхат жасауға шақырады.
Сондай ак, «Музей экспозицияларындағы аңдар мен құстар» экосаяхаты, биологтар мен зоологтармен кездесу, танымдық экскурсиялар және балаларға арналған мерекелік концерт ұсынылады.