Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Алматы қалалық «Самоцвет» суретшілер клубының 55 жылдығына арналған «Бізді қоршаған әлем» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияға клуб суретшілерінің кескіндеме және графика жанрындағы 150-ге жуық туындысы қойылды.
Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Ахманов Асқар Мұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, көрме қатысушыларына алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, көрменің ұйымдастырушысы, Алматы қалалық «Самоцвет» суретшілер клубының жетекшісі Кухаренко Наталья көрменің ашылуымен құттықтап, клуб мүшелеріне шығармашылық табыс тіледі.
Көрме келушілерді реалистік мектеп дәстүрінде орындалған туындылармен таныстырады. Пейзаждар, натюрморттар, сәулеттік көріністер мен тұрмыстық жанрдағы шығармалар қоршаған әлемнің сұлулығын, суретшілердің табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілігін және өмірге деген құштарлығын бейнелейді.
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде 2026 жылғы 17 тамызға дейін жалғасатын «Бізді қоршаған әлем» көрмесін тамашалауға шақырамыз.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |



