Эколог күніне арналған «ЭКОART: Планетаға қамқорлық өнері» экологиялық сабағы мен шығармашылық шеберлік сабағына шақырамыз!
Іс-шара барысында табиғатты қорғаудың маңызы, қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қоршаған ортаны сақтауға көмектесетін экологиялық әдеттер туралы әңгімелесеміз.
Қатысушыларды:
танымдық экологиялық сабақ;
қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау туралы қызықты мәліметтер;
интерактивті ойындар мен талқылаулар;
қайта өңделетін материалдардан арт-нысан жасауға арналған шығармашылық шеберлік сабағы күтеді.
Біз қарапайым заттарға екінші өмір сыйлауға болатынын көрсетіп, әр адамның кішкентай әрекеті үлкен өзгерістерге бастай алатынын бірге түсінеміз.
2026 жылғы 4 маусым. Сағат 11:00
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі
Қатысушылар жасы: 8–14 жас
Планета біздің қолымызда – үлкен болашақ үшін кішкентай қадамдар!