Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі 2026 жылдың 22 маусымы күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Полиция күніне орай Алматы қаласы Полиция Департаменті Медеу ауданының полиция басқармасымен бірлесіп «Тәртіп сақшыларына тағзым» атты мерекелік іс-шарасын өткізеді.
Іс-шараның мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, олардың кәсіби қызметіне құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Бұл мереке қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін сақтау жолында қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында аталып өтеді.
Мерекелік шарада арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қызмет бабымен жоғары нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлері, ардагерлер және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтар марапатталады.
Тәртіп сақшылары – заң мен құқық үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, құқық бұзушылықтардың алдын алады және қоғам қауіпсіздігін сақтауға қызмет етеді.