Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2015 жылдың 1-сәуір күні сағат 16.00-де хронодокументалист, ҚазТАГ-ТАСС фототілшісі Мұрат Мамбетовтың жеке фотокөрмесі ашылады. Ол КСРО Журналистер Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы премиясының лауреаты (2006 ж.).
Біз өз өмірімізді фотосуретсіз елестете алмаймыз, оның маңызды ерекшеліктерінің бірі – түсірілген оқиғалардың нақтылығы, шынайылығы болып табылады.
Кәсіби фотосуретші, жоғарғы деңгейдегі шебер, үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, қызықты және көріністі фототүсірілімдер жасаудың шебері Мұрат Мамбетов өзінің шығармашылығын қазақстандықтардың өмірін, қандайда бір оқиғалар мен деректерді көрсететін фотосуреттер жасауға арнады.
Мұрат Мамбетов 1955 жылы Батыс-Қазақстан облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Ол фотосуртке жеті жасынан әуес. Сол жылдардың өзінде оны бір сурет арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәрселерді көрсетуге болатындығы таңқалдырды. Ол өзінің еңбек жолын 1957 жылы Орал қаласындағы облыстық теларнасында кинооператордың көмекшісі болып бастады. Мұрат кәсіби фототілші (Полиграфиялық техникалық училище, Уфа қаласы) және журналист (сырттай ҚазМУ, Алматы қаласы) мамандығына ие. Училищені бітіргеннен кейін «Орал өңірі» облыстық газетінде фототілші болып жұмыс істеді, кейінірек Алматыға көшіп келіп Қаскелен қаласының аудандық газетінде жұмысын жалғастырды. 1985 жылдан бастап ҚазТАГ-ТАСС фототілшісі болып қызмет атқарды. 1995 жылы Қазақстан
Республикасының Үкіметінің баспасөз қызметіне ауысты. Мұрат Мамбетов өзінің жеке шығармашылық қызметін 1998 жылдан бастады. Нәтижесінде «Қазақстан спорт әлемінде», «Арал – КСРО мұрасы» атты екі деректі фотоальбом шығарды. Аталған фотоальбом үшін ТМД мемлекеттерінің «Кітап өнері» атты Халықаралық байқауында мерзімді баспасөз, кітап басып шығару саласы бойынша Мемлекетаралық одақтың ІІ-ші деңгейлі дипломына ие болды (Мәскеу қаласы, 2010 жыл). Автордың жеке көрмесінде суретшінің сезімін, арманы мен қабылдауын көрсететін фотосуреттер қойылған. ҚР МОМ-де өтетін көрменің тақырыптары әралуан, олар «Советтік Қазақстанның социалистік реализімі», «Тәуелсіз Қазақстанның демократияға алғашқы қадамдары», «Қазақстан. Мәдени мұрасы мен дәстүрлері», «Арал қасіреті».
Мұрат Мамбетов «Визуальды антропология» бағыты бойынша жұмыс жасайтын фотосуретшілердің бірі. Ол түсірген фотосуреттер тарихи кезеңдер мен нақты мезгілді айқын көрсетеді. Ол өзінің жұмыстары арқылы көрерменмен түрлі байланыс жасайды, бұл жай ғана сурет емес, ол «шынайылықтың нышаны», сезім мен алаңдау, сондай-ақ Мұрат Мамбетовтың ішікі әлемінің бір бөлігі.
Көрменің жұмыс уақыты: 2015 жылдың 1-13 сәуір аралығы, сағат 9. 30-дан 18. 00-ге дейін
Музейге кіру құны: үлкендер – 150 тг; студенттер мен зейнеткерлер – 70 тг; мектеп оқушылары – 50 тг