авто

Переключатель языков

Музей тарихы

sobor

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағындағы бірегей, әрі әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде түрлі сипаттарға ие коллекциялар палеонтология жайлы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ежелгі заманынан, орта ғасырдан және қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толық мағлұмат беретін жеті экспозициялық зал жұмыс істейді.

Музей коллекцияларын құру туралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары қолға алынды. Оның негізі Орынбордағы Неплюев әскери училищесінде «Орынбор өлкесіндегі Музеум» деген атпен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі – белгілі тіл маманы, «Орыс тілі түсіндірмелі сөздігінің» авторы Владимир Даль. Әр жылдарда музей қорының құрамына Орынбор өлкесіндегі музеймен қатар (1924 ж.), Жетісу облысы (1929 ж.) мен республикалық атеизм музейінің (1941 ж.) коллекцияларымен толығып отырды. 1904-1907 жж. Алматы қаласында вернендік белгілі архитектор А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған тамаша архитектуралық кешен болып табылатын музей Вознесенский Кафедралды соборына орналасты.

Қазақ автономиялық республикасының 1920 ж. басшылықтың қаулысы бойынша Орталық Қазақ өлкетану музейі құрылды. Осы сәтте Орынбор губерниясы музейінің коллекцияларының бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан Орталық өлкетану музейіне берілді. Алайда, ҚР МОМ құрылуы Орталық өлкетану музейін Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы Алматыға көшіруіне байланысты 1929 жылы ғана толығымен аяқталды.

1944 жылы музей 1-категорияға және өзінің қазіргі, яғни Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі атауына ие болды. Мемлекеттік Орталық музей дамуы мен құрылуы барысында көптеген жағдайларды бастан өткерді және мәдени-ағартушылық және ғылыми ұйымдардың негізінде республиканың дамуына үлкен үлес қосты. XIX ғасырда қызметін бастаған және ХХ ғасырдың қиындықтарын бастан өткерген Орталық музей республиканың өзге музейлерінің ұйымдастырылуы мен дамуына үлкен үлес қосып отырды. Алматының, Қызылорданың, Орынбордың түрлі кезеңдерін бастан өткерген және археологиялық, этнографиялық және географиялық өлке байлықтарындағы зерттеулерде белгілі бір нәтижеге қол жеткізген музей   қоғамды мемлекеттің тарихымен таныстырды.

Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін музейдің заманауи ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобалары бойынша салынды. Көрме экспозициясы 7000 шаршы метрді құраса, музейдің жалпы ауданы 20 мың. шаршы метрді құрайды. Музейдің экспозициясы мен қор коллекциясы 300 мыңға жуық тарихи, археологиялық және этнографиялық характерлерге ие сақтау бірліктен тұрады. Музейдің экспонаттарының қатарында мәдени дәстүр мен ерте дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихынан көрініс беретін материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіштері кездеседі.

Музейдің құрылымын жинақтауда қазақ мәдениетінің, әдебиет пен өнердің, ғалымдар мен тарихшылардың, саясаткерлерлердің, қоғам қайраткерлерінің атқарған қызметтері зор болды. Атап айтар болсақ: А.Байтұрсынов, Ә.Жиреншин, Ғ.Мұстафин, К.Бадыров, Ә.Марғұлан және тағы басқалар.

Ә.М. Жиреншин (1942-1951 жж.), С.С.Есова (1956-1973 жж.), Р.И.Қосмамбетова (1974-1995 жж.), Г.Б.Дюсенбинова (1995-1997 жж.), Е.Т.Жангелдин (1997-1999 жж.) сынды жандар Мемлекеттік Орталық музейді басқарды, еліміздегі бас негізгі музейінің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Республиканың түрлі аймақтарында тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Соның нәтижесінде қазақ халқының дәстүрі, көпұлтты Қазақстан халықтарының саяси және әлеуметтік тарихи өмірін бейнелейтін үлкен қомақты материалдар жинақталды.

1999 жылдан бастап музейді елімізде және шетелде танымал этнолог-ғалым Нұрсан Әлімбай басқарады. Ол 300-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы, сонымен қатар номадология, этнология және қазақтардың мәдени дәстүрі, фольклоры мен музейтану салалары бойынша монографиялық зерттеулер жазды.

Соңғы он жылдықта ҚР МОМ Нұрсан Әлімбайдың басшылығымен арнайы ғылыми-зерттеу және мәдени білім беру институтының негізінде қайтадан жасақталды. Музей жаңа функционалды-құрылымдық тұрпатқа ие болды, ғылыми орталықтар жаңадан құрылды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірінші кезекте ғылыми құрылым секілді, музейдің функциялануы өзінің түрлі характерлерден туындаған жоғары деңгейдегі функцияларын іске асыруға мүмкіндік береді. 2005 жылы Музей мәдени білім беру мен ғылыми-зерттеулер жүргізуде жаңа күшке ие, арнайы ғылыми-зерттеу орталығы деген статусқа ие болды. Үлкен көлемдегі мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясындағы дербес субъектінің әлеуметтік және ғылыми маңызы бар ісіне ҚР МОМ белсенділік танытып келеді. Қазақстанның ерте және орта ғасырларына жүргізілген нарративті зерттеулер мен археология, этнография, нумизматикадағы ғылыми каталогтар мен зерттеулер бойынша 30-дан аса басылымдар жарық көрді. Олардың бәрі де тек Республиканың ғылыми қоғамымен шектеліп қоймай, сонымен қатар шет елдік мемлекеттердің ғылыми қоғамында мамандардың тарапынан жоғарғы бағаға ие болды (Франция, Италия, Германия, Ресей және т.б.).

Еліміздің музей кеңістігінде ҚР МОМ ұзақ жылдар бойы басты мекеменің қызметін атқарып келеді, ал оның бай қоры мен залдарында ұлттық құндылығымыз болып табылатын, ұлтымыздың ең құнды тарихи-мәдени раритетті ескерткіштері сақталған. МОМ – келушілер көп келетін еліміздің музейі жыл сайын 130 мыңға жуық адамдарды қабылдайды, 100-ден аса лекцияларды ұйымдастырып, өткізеді; 30-дан аса көрмелер ұйымдастырып, халық арасында танымал іс-шаралар мен түрлі мәдени білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

2008 жылы Нұрсан Әлімбайдың бастамасы мен күш-жігерінің арқасында Музейде Ғылыми кітапхана құрылды. Осы жылдан бастап қор коллекцияларын электронды каталогтау және төлқұжаттау ЮНЕСКО-ның бастамасымен Орта Азия музейлерінің іс-тәжірибесіне «Музеолог» бағдарламысы енгізілді.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source