авто

Переключатель языков

Назар аударыңыз !!! 2019 ж. 19-сәуірінен бастап музейге кіру билеттерінің бағасы өзгерді. Билеттердің бағасы туралы "Музей туралы" - "Қызметтері мен олардың төлемақылары" атты тараудан білуге болады.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Антропология музейі

Антропология музейі ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2007 жылы «Антропология музейі» экспозициялық кешені ашылды. Идеяның авторы және ғылыми жетекшісі – Нұрсан Әлімбай. Музейдің салтанатты ашылуы 2007 жылдың 18 мамыр күні - Халықаралық музейлер күні қарсаңында өтті. Музейдің ашылуына ежелгі адамдардың пайда болуы мен қазақ халқының 40 ғасырлық тарихын көрсететін экспозицияларды дайындауға қаржылай көмектескен барлық демеушілер қатысты. Залдағы экспозициялар көркемдігімен, жаңашылдығымен адамға өте ерекше әсер қалдыруымен ерекшеленеді. Залда Қазақстан тарихының этно-рассогентикалық үрдісін көрсететін антропологиялық, археологиялық экспонаттар қойылған.

Зал экспозициясы үш бөлімнен тұрады:

-     біріншісінде адамның даму эволюциясының сызбанұсқасы, тарихи мекен еткен жері, үлкен үш расаның классификациясы берілген;

-     екінші бөлімде адам эволюциясының даму сатылары мен олардың физикалық типінің қалыптасуы, көне заман адамдарының әлемге таралуы көрсетілген;

-     үшінші бөлімде андронов мәдениетінен бастап қазіргі заманға дейінгі адамдардың антропологиялық мүсіні және Антропология музейі қазіргі қазақтардың тіс морфологиясы, алақан және саусақ бедерлері, қан топтары бойынша экспозициялар қойылған. Экспозицияда көрсетілген Еуразияның далалы аймақтары тұрғындарына тән антропологиялық типтер түрлі тарихи кезеңдердегі расалық типтерді сипаттайды.

Залдағы «Алғашқы тұрмыстық қоғам», «Берел патша қорғанына жерленген тұлғалар», «XIX ғасырдағы қазақ тұрмысының этнографиялық ерекшеліктері» диорамалары ерекше назар аударады. Сонымен қатар адамның пайда болуы туралы бейнефильмер экспозицияны жандандыра түседі.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source