авто

Переключатель языков

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің 2021 жылғы 27 наурызындағы №12 қаулысына сәйкес ҚР Мемлекеттік орталық музейі  2021 жылдың 29 наурызынан 12 сәуіріне дейін  жұмыс істемейді.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

Фарфор және керамика коллекциясы

Музей қорында негізі ХІХ ғ. екінші жартысында, яғни Орынбор кезеңінде қалыптаса бастаған фарфор мен көркем керамика коллекциясының орны ерекше. Қазіргі таңда аталған коллекцияда 1200-ден астам экспонат бар. Коллекциядағы ең көне жәдігерлер қатарына ХІІ ғ. Қытай фарфорынан (селадон) жасалған табақша, Алматы қаласы маңындағы Талғар (Талхиз) қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған жапон фаянс табағының (ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ.) фрагменттерін атауға болады. Германия, Ұлыбритания, Франция және Ресейдің Император зауытының, Гарднер, Попов, ағайынды Кузнецовтар зауыттарының бірегей асханалық ыдыстары: табақтар, шәйнектер мен кеселер, сонымен қатар қытай және жапон шеберлері жасаған вазалар, мүсіншелер ерекше қызығушылыққа ие.

Отандық өнімдер белгілі суретшілер – А.Северов, С.Сражадинов, Г.Күреңкеева, Г.Семикашева, Г.Юрченко және З.Хан сынды авторлардың жұмыстары және 1965 ж. негізі қаланған Қапшағай фарфор зауытының, Целиноград фарфор және Алматы қыш зауыттарының үлгілері арқылы көрсетілген.

 

farfor-col-1

Ваза. Фарфор. Франция.
ХІХ ғ.

 Китайская ваза

Қытай вазасы

farfor-col-3

Мүсінше. Алма сатушы.
Фарфор. Ресей, Гарднер
зауыты. ХІХ ғ. ортасы.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source