авто

Переключатель языков

Музейдің мәдени-білім беру шаралары

Музейлік дәріс «ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖОЛДАУЫ – ТАБЫСТЫ ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ»

Музей қызметкері Р.Ы. Билдебаева ҚР Ұлттық Гвардия курсанттарына дәріс оқу кезеңі«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі жолдауы бойынша» музейлік дәріс.

Мақсаты: тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2018 ж. Жолдауында көрсетілген халық қауіпсіздігінің кепілдерімен таныстыру.

Міндеттері: азаматтық сезімді қалыптастыру, еліне деген отансүйгіштік қасиетті нығайту, ҚР Заңнамаларына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Дәріс барысында Қазақстанның қазіргі дамуы, орта буынды қалыптастыру қажеттілігі, кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін төмендету және т.б. білім беру, салауатты өмір сүру, жас дарындар мен ғалымдарға қолдау көрсету, заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.

Дәрістер 2-3 тоқсан бойынша колледж оқушылары, әскери оқу орындарында жүргізілді.

 

Музейлік дәріс  «АСТАНАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОРТАЛЫҒЫ РЕТІНДЕГІ РОЛІ»

 Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің магистранттарына оқылған дәріс2018 жылдың 2-3 тоқсанында Қазақстан тарихын зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері Успанова М. «Астананың Қазақстан Республикасының интеллектуалды орталығы ретіндегі ролі» тақырыбында Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ магистранттарына дәріс оқыды жолдауынан (шілде-қыркүйек). Заманауи, өркендеген Қазақстанның символына айналған, бүкіл елдің дамуының флагманы қызметін атқаратын Астана қаласына басым көңіл бөлінді. Сондай-ақ қоғамның моральдық санасында үлкен роль атқаратын, еңбек өнімділігін ынталандыратын, қоғамның дамуына ықпал ететін интеллектуалды меншік туралы айтылды.

Дәріс мақсаты: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына үзіндімен, соңғы жиырма жылдағы Астананың жетістіктерімен студенттерді таныстыру. Міндеттері: студенттерді шығармашылық белсенділікке, жаңа идеялар, жаңалықтар ашуға баулу. Бұл тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

 

«Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Назарбаев» атты дәріс

№22 мектеп-гимназияның 9-сыныптарының оқушыларына дәріс оқу кезінде. Фрагмент лекции для учеников 9 класса школы-гимназии №22 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Жапақова Г.С.: «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Назарбаев» тақырыбында №22 мектеп-гимназияның 9а, 9б, 9в сыныптарына (90 оқушы – 3 топ) дәріс оқыды.   Дәрістің мақсаты: Тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мен дамытудағы ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролін көрсету.

Міндеттері:

1. ҚР Бірінші Президенті тұлғасы туралы білім қалыптастыру;

2. Толеранттылық, мәдени және тарихи мұраға құрмет, патриотизм сезімін қалыптастыру рухында тәрбиелеу.




«Қазақ тілінің тарихы» атты жылжымалы лекция (дәріс)

«Қазақ тілінің тарихы» атты жылжымалы лекция (дәріс) 2018 жылдың ІІ-ІІІ тоқсанда №72 және № 19 жалпы білім беретін мектептің, № 33 мектеп –лицейдің   7-8-9 сынып оқушылары мен Алматы қазақ –түрік колледжінің І курс студенттеріне өткізілді.

Лекцияның мақсаты : көпшілікке қазіргі қазақ жазуының мәртебесі мен орнын таныту және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің бірі - қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналады.

Лекцияда қазақ халқының мәдени өмірінде қолданылған жазудың дамуы мен қазіргі қазақ графикасы мен орфографиясының теориялық негіздері айтылды.

«Қазақ тілінің тарихы» тақырыбындағы дәріс. Дәріс оқушы: ф.ғ.к., ҚР МОМ АҒҚ Г.Құлназарова. «Қазақ тілінің тарихы» тақырыбындағы дәріс. Дәріс оқушы: ф.ғ.к., ҚР МОМ АҒҚ Г.Құлназарова.
 «Қазақ тілінің тарихы» тақырыбындағы дәріс. Дәріс оқушы: ф.ғ.к., ҚР МОМ АҒҚ Г.Құлназарова.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source