23 мамырда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде қазақстандық фотограф Алексей Романовтың «Боямасыз Үндістан» атты жеке көрмесі ашылады.
Алексей Романов – қарапайым адамдардың өмірінен алынған ерекше сюжеттерді аңғарымпаздықпен байқай алатын және оны нәзік жеткізе білетін фотограф әрі саяхатшы. Үндістанды аралаған бір ай ішінде ол 3000 шақырым жер жүріп, қарапайым адамдардың күнделікті өмірі мен тұрмыс-тіршіліктерін, еңбек еткен сәттерін және көңіл-күй сезімдерін білдіретін бірегей фотосуреттерді түсірген. Фотограф кейіпкерлері - әулие адамдар, қайыршылыққа душар болған жандар, баспанасыз балалардан бастап ғасыр жасаған абыз қарияларға дейінгі персонаждарды құрайды. Бұлар өздерінің ішкі сезімдерін жасыра алмайтын, көздерінде махаббат ұшқыны, күш-жігер оты мен мұң тұнған жандар. Фотограф шынайы баяндап беруге тырысатын олардың әрбірінің өз тағдыр-талайы, әр алуан ғұмырнамасы бар.
Үндістанның бұрынғы астанасы Калькутта жайында түсірілген фотосуреттер сериясы да өте қызықты. Кезінде британдық отардың інжу-маржаны болған, бірақ XVIII ғасырда жартылай қираған сол отаршылдық кезінің үйлері аясында, қарапайым адамдар тұрып, отбасы қуанышына бөленіп, балалар сүюде, дәмді, қою шай ішу, киім-кешегімен сүріне-қабына ұйықтау, ескі аяқ киімін жөндеу секілді сан алуан түйткілді тіршілік қуанышы ләзаттарын сезініп, өмір кешіп жатыр.
Автор өздерінің фотосуреттерінің тууы туралы былай дейді: «Төңіректегінің бәрі өтіп жатқан және фотосуретке түсірілген болып бөлінеді. Көріп, біліп тұрғанымды фотосуретке түсірмесем, онда оны бәрін әлі сезіне қоймағандай боламын. Фотосурет белгілі бір сәтті бейнелеп, тасқа басып, оны тарихтың өшпес куәгеріне айналдырады.
Егерде сізге өзіңіздің өміріңіз бейнетті болып көрінсе, аз еңбекақы аламын деп ойласаңыз, қуаныш-күлкінің ізі де жоқ деп ойласаңыз, егерде сіз үнемі даудың үстінде қалсаңыз, егерде сіз өзіңізге әрі өз туысқандарыңызға разы болмасаңыз және алдыңыздан ешқандай үміт сәулесін көрмесеңіз, онда біздің көрменің ашылуына келіңіз, осы жерде өмірге құштарлығы мол тұлғаларға зер салыңыз, сонда олар сізге өздерінің сыр-сандығының құпия кілтін ұсынады», - деп өз көрермендерін шақырады Алексей Романов.
Бүгінде Қазақстан мен Үндістан арасында 20-дан астам бағытта дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған. Екі ел де өз халықтарының тарихын, дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын таныстыра отырып, мәдени ынтымақтастықты дамытуда. Бұл осы елдердің мәдени бай жетістіктерімен жақын танысуға мүмкіндік тудырды.
Көрмеде Алексей Романовтың 35-тен астам жұмысы қойылған. Көрме 3 қабаттағы айналма галереяда орналасқан.
Көрме 2015 жылдың 8 маусымына дейін жалғасады.