авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 15.00-де Отбасы күніне арналған «Мәдени құндылықтар: өнер біріктіреді» атты бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларының жаңа көрмесін келушілер назарына ұсынды.

Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқитын қазіргі заманғы суретшілер мен студенттер өз шығармаларында Қазақстанның табиғи жерлерінің сұлулығын, қазіргі қоғам өмірінің сюжеттерін, сондай-ақ ұлттық, тарихи-мәдени және отбасылық құндылықтарды бейнелейді. Көрмеге қойылған жұмыстардың ішінде «Ана», «Ұмай. Дүниеге келу», «Сәукеле», «Көшпенділер қаласы», «Ұлттық киім» және т.б.

Көрме музейге келушілерді бүгінгі таңда оқу орындарының суретші – педагогтары қолданатын стильдер мен жанрлардың алуан түрлілігімен, жастарды өнерге баулумен таныстырады.

Көрмені салтанатты түрде ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Ғалия Теміртон, өнертанушы Мария Жұмағұлова және суретші Бибігүл Смақова ашты.

Іс-шараға Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен педагогтары қатысты.

Көрмеге 30-дан астам авторлық кескіндеме жұмыстары қойылған.

«Мәдени құндылықтар: өнер біріктіреді» «Мәдени құндылықтар: өнер біріктіреді»
«Мәдени құндылықтар: өнер біріктіреді» «Мәдени құндылықтар: өнер біріктіреді»

 

          Көрме 2022 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жалғасады.

«Шығыстың ғажайып бояулары»ҚР Орталық музейі 2022 жылдың 26 тамызында суретші-кескіндемеші Надирова Диланның «Шығыстың ғажайып бояулары» атты жеке көрмесін ашты.

Көрме Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровты (1932-2021 жж.) еске алуға арналған.

 "Шығыстың ғажайып бояулары" атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Орталық музейінің мәдени-білім беру жұмысы бөлімінің басшысы – А.В. Кущенко, профессор, өнертанушы – О. Әбішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі – Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Диланның әкесі – Ариф Нәдірұлы Нәдіров, Заң ғылымдарының магистранты – Мусаева Гуле Гюльгусейнқызы және көрменің авторы Дилан Надирова құттықтау сөз сөйледі.

Музейге келушілер Д. Надированың өнер туындыларымен танысты, олардың ішінде: «Шығыс натюрморты», «Лезгинка», «Күрт ханшайымы», «Ана мен бала», «Жайлау» және т. б. бар.

Сөз сөйлеушілер Дилан Надированы көрменің ашылуымен құттықтап, оған шығармашылық табыс тіледі.

Шығыстың ғажайып бояулары» Шығыстың ғажайып бояулары
Шығыстың ғажайып бояулары Шығыстың ғажайып бояулары
Шығыстың ғажайып бояулары Шығыстың ғажайып бояулары

 Көрме 2022 ж. 05 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Ұлттық домбыра күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2022 жылдың 28 маусым күні сағат 16.00-де музей қорындағы қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары коллекциясының негізінде «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесін өткізеді.

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» жылжымалы көрмесіҚазақ халқының та­рихи-мәдени, әлеуметтік және рухани өмірінде музыка өнерінің орны айрықша. Сан ғасырдан сарқылмай жеткен музы­калық дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, халық шығармашылығының ажырамас бөлігіне айналды. Музыкалық мә­дениетіміздің негізін ән-күй, ауызекі дәстүрге не­гіз­делген суырып сал­ма­лық, эпикалық, сон­дай-ақ аспаптық шығармалар құрайды. «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» көрмесі – бірегей қа­зақ мәдениетіне қалт­қы­сыз қызмет еткен өнер майталмандарының көзін­дей болған сырлы аспап­тар­дың сиқырлы үнін жеткізеді.

Көрменің мақсаты: мәдени астанамыз Алматы қаласында орналасқан ҚР Мемлекеттік орталық музей қорында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған қазақтың ұлттық дәстүрлі бірегей музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Көрмеге қазақ халқының әйгілі әнші-сазгері, ақын Жаяу Мұса Байжанұлының 1955 жылдың мамыр айында музей қорына ұлы Салық тапсырған домбырасы мен ішектері жылқының қылынан жасалған қобызы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының жары – Ділда Алшынбайқызының 1978 жылы музей қорына Абайдың шөбересі С.А.Ысқақовтың тапсырған қос ішекті, сүйектелген қалақ домбырасы, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, әйгілі әнші Күләш Жасынқызы Бәйсейітованың анасы тапсырған атаулы домбырасы қойылады. Сонымен қатар, қазақ тарихы мен мә­дениетіндегі шоқтығы биік тұлғалар – Әміре Қа­шаубаев, Манарбек Ержанов, Елу­бай Өмірзақов, Қа­ныш Сәтбаев, Қасым Аман­жолов, Жұбан Мол­дағалиев, Кемел Ақышев, Өз­бекәлі Жәнібеков сынды ғылым, мәде­ниет және өнер майталман­дарының музыкалық аспаптары көрермен назарына ұсынылады.

Сондай-ақ музыкалық аспаптардың ішекті, үрмелі, тілшелі, соқпалы түрлері – жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз, асатаяқ, тұяқ, қоңырау түрлерімен қатар домбыра жасаушы қолөнер шеберлерінің бұйымдары, барлығы 175 жәдігер көрермен назарына ұсынылады.

Өтетін уақыты: 2022 жыл 28 маусым сағ. 16.00

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі, Нұр-Сұлтан қ-сы, Тәуелсіздік даң-лы, 54

Көрме 2022 жылдың 28 маусым – 13 шілде аралығында өтеді.

2022 ж. 24 тамызында ҚР Мемлекеттік Орталық музейі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесін ашты.

Қоңыр маусым көрмесіКөрме экспозициясы келушілерді халық шығармашылығымен, суретші-шеберлердің авторлық жұмыстарымен, қолданбалы өнердің жанрлары мен стильдерінің алуан түрлілігімен таныстырды.

"Қоңыр маусым" атты көрмесінде Қазақстанның Айман Бекжанова, Шолпан Даирова, Гүлнар Омарова, Лаура және Юрий Федотовтар, Наталья Полянских, Айгүл Рахманова, Гүлшат Джураева, Гаухар Сәбит, Бибігүл Кабулова, Наргиз Рахманова, Гүлназым Өмірзақ, FineDeco.Art шеберлері сияқты кәсіби суретші–шеберлерінің 50-ден астам интерьерлік жұмыстары қойылды. Онда бізді қоршаған әлемнің барлық палитрасы, таңғажайып сұлулық гобелендері, киіз және кестеленген панно, батиктен жасалған бұйымдар, мозаикалар, сәндік қуыршақтар мен сөмкелер бейнеленген.

"Қоңыр маусым" атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Орталық музейінің мәдени-білім беру жұмысы бөлімінің басшысы – А.В. Кущенко, өнертанушы – М. Жұмағұлова, батик пен киіз басудан қолөнерші – Наталья Полянских, сәндік қуыршақтар жасау шебері – Гаухар Сәбит, киіз басудан қолөнерші – Шолпан Даирова құттықтау сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтап, оларға шығармашылық табыс тіледі.

 

Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі
Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі
Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері-суретшілерінің "Қоңыр маусым" атты көрмесі

 

Көрме 2022 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

«Ғажайып балалық шақ»Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2022 жылдың 1 маусымы сағат 15:00-де «Ғажайып балалық шақ» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының көрмесінің ашылуы өтеді.

Жаз маусымының алғашқы күні, бүкіл әлем 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күні барынша балаларға қамқорлық көрсетіледі. Балаларды қорғау – әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.    Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз.

Көрменің мақсаты: жас дарындардың шығармашылығында стильдік, үлесімділік сезімін қалыптастыру, балалар мен жас өспірімдердің ой-өрісін, шығармашылық қиялын, көркемдік қабілеттерін дамытуға ықпал ету; бейнелеу және сәндік өнер сласындағы балалар мен жастардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру және дағдыларын жетілдіру; қазақстанның мәдени-мұрасына патриотизмді қалыптастыруға бағытталған балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту және балалардың көркем шығармашылығын насихаттау.

Көрмеге 6 мен 20 жас аралығындағы еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген дарынды балалардың шығармашылық жұмыстары қойылады. Әр түрлі техникадағы және әр түрлі материалдардан (ағаш, металл, пластмаса, мата, жүн және т.б.) жұмыстар, сурет, графика, мүсіндер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылады. Бұл көрмеде балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Шығармашылық жұмыстар арқылы әр елден келген балалар құрдастарының тұрмысы мен дәстүрлерін, ұлттық және мәдени ерекшеліктерін түсінуге үйренеді.

Көрме 2022 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source