Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музйі мен “Nikolya” шоколад музейі” алғаш рет Қазақстанда, танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарының көрмесінің ашылуын Алматы қаласы күніне орайластырып отыр.
Әлемдік турне шеңберінде "Nikolya шоколад музейі" атты авторлық көрме 40-тан астам қалаларында болып, көрмемен 500.000-нан астам адам танысты. Енді Алматы қаласының тұрғындары мен оңтүстік астанамыздың қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып қана қоймай, түрлі акциялар мен мастер-класстарға қатысу, сондай-ақ өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады.
“Nikolya шоколад музейі” көрмесінде өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300-ден астам өнер туындылары көрсетіледі. Жалпы салмағы 700 кг-нан астам шоколад пен марциран мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б.
Аталмыш көрмеге арнап, сондай-ақ Алматы қала күні мерекесіне орай, танымал шебер Nikolya Қазақстан Республикасы мен біздің әсем қаламызға арнап шоколадтан жасалған өнер туындыларының бірнеше топтамасын жасады. Олардың қатарына Мемлекеттік орталық музей экспозициясында тұрған қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары, бас киімдері мен киім-кешектері сияқты заттық мәдениеттің үлгілерінің школадтан жасалған көшірмесі қойылады.
Көрме барысында келушілер үшін түрлі төмендегідей іс-шаралар мен оқиғалар ұсынылады:
- танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен авторлық мастер-класстар;
- Алматы қаласына арналған шоколадтан жасалған бірегей экспонаттардың тұсаукесері;
- шоколадпен және марципанмен жұмыс жасау бойынша авторлық мастер-класстар.
Картиналар, музейдің шоколадтан жасалған экспонаттары, мүсіндер мен шоколад инсталляциялар бізді «Nikolya шоколад музейінің» таңғажайып қиял әлеміне алып барады. «Алматы қаласы күніне» орай көрмеге келуші алғашқы 1000 адам (алдын-ала сатып алынған билеттер бойынша) көрме ұйымдастырушыларынан бірегей шоколадтан жасалған кәдесыйлар алады!
Көрме 2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Кіру ақылы.
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі, Самал-1, 44-үй. Анықтама телефондары: 8(727) 264 46 50, 264 55 77.
Көрменің ашылуы жайлы мына жерден де оқи аласыздар...