авто

Переключатель языков

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Қазақстан халық банкі» АҚ-мен бірлесіп, еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі – Халық банкінің (Halyk Bank) 95 жылдығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналған ісшара өткізеді.

«Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры)Кез-келген мемлекет тарихында тек бір рет енгізіліп, Тәуелсіз Егеменді мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылатын төл валютасы ерекше орын алады. Теңге тарихы ел президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шыққан кезден бастау алады. Өзіндік ақша бірлігін айналымға енгізу, Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өз бетінше елдің ішкі және сыртқы саясатында табыстарға жетуге бағытталған экономикалық және ақша-несиелік саясат жүргізуге мүмкіндік берді. Теңгенің ширек ғасыр өмір сүруі – оның Қазақстан тарихында алатын орынының маңыздылығын көрсетеді. Елімізде екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істейді. Бірінші деңгейде мемлекеттік ақша-несиелік саясатын қамтамасыз етіп, қаржы нарығын реттеу мен бақылау қызметін атқаратын Ұлттық банк тұр. Екінші деңгей мемлекеттік және/немесе шетелдік капиталға қатыса алатын және тікелей клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктерден тұрады.

Еліміздегі көне де ең ірі банктердің бірі – Қазақстан Халық банкі. Оның тарихы 1923 жылдың тамыз айында Халық комиссариаты кеңесінің бұйрығына сай, Ақтөбе қаласында ашылған Қазақстандағы тұңғыш жинақ кассасынан бастау алады.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендігіміз екшелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Жинақ банкі дербес заңдық құрылым – «Қазақстан Халық Банкі» болып қайта ұйымдастырылды. Бүгінде 95 жылдық тарихы бар әмбебап коммерциялық банк өзінің еншілес компанияларымен бірігіп еліміздегі ең ірі – Halyk Group қаржы тобын құрды. Қаржылық топ халыққа, оның ішінде жалпы тұрғындарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне, корпоративтік клиенттерге алуан түрлі қаржылық қызмет: банктік, зейнетақылық жинақ, сақтандыру, лизинг (жалға беру), брокерлік-дилерлік, активтерді басқару қызметтерін ұсынады. Сондай-ақ Халық Банкі өзінің алыс-жақын шетелдердегі (Ресей, Грузия, Қырғызстан) еншілес құрылымдары арқылы да банктік операцияларды жүзеге асырады.

Аталмыш ісшара жұртшылықты ҚР МОМ нумизматикалық қор коллекцияларынан алынған Қазақстандағы ақша айналымының тарихымен таныстырады.

Ісшара бағдарламасында:

- 24 ақпан сағ. 12. 00-де – «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорынан» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Тақырыптық-хронологиялық принцип бойынша құрылып отырған бұл көрмеде ерте кезеңдерден бастап қазіргі Қазақстан аумағында және онымен көршілес аймақтарда пайда болған мемлекеттердің (Кушан-Сасан, Түрік-Түргеш, Қарахан, Шағатай, Жошы, Темір әулеттері және т.б.) сауда-экономикалық айналымында, тауар-ақша қарым-қатынастарында болған күмістен, мыстан жасалған көне монеталар қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми сипаттамаларымен үлкейтілген түрінде жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ Ресей патшалығы, Кеңес Одағы кезеңінде қолданыста болған қағаз ақшалардың (бонистика) алуан түрлері мен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы және кейінгі үлгілері, тәуелсіздік жылдарындағы түрлі нумизматикалық топтамалар, яғни мерейтойлық монеталарды да осы көрме төрінен табуға болады. Сонымен қатар көрмеге келушілер назарына ҚР МОМ қорынан алынған мұрағаттық құжаттар, облигациялар, лотерея билеттерімен қатар түрлі иллюстрациялар, кестелер және осы тақырыпты аша түсетін қосымша экспонаттар қойылады. Көрме аясында оқушылар мен студенттер назарына «Нумизматика әлемінде» атты музейлік-педагогикалық бағдарлама ұсынылады.

- 24-25 ақпан сағ. 9.30-дан 17.30-ға дейін – ҚР Мемлекеттік орталық музейі мен «Қазақстан Халық банкі» бірлесіп, «95 Ізгі іс» фестивалі аясында «Ашық есік күндері» акциясын өткізеді. Акция кезінде келушілер музейдің 4 экспозициялық залдарын: «Палеонталогия және археология», «Қазақ этнографиясы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан» және «Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан (Тәуелсіздіктің бірегей тұғыры) көрмесін тегін тамашалай алады. Бұл күндері музей экскурсоводтары қазақ және орыс тілдерінде тегін экскурсиялар жүргізеді.

Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр" Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр"
Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр" Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр"
Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр" Открытие выставки "Звон монет, шелест купюр"

Көрме 2018 жылдың 20 наурызына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 16 ақпанында сағат 15.00-де «Жаңғыру-2018» атты көркем туындылар көрмесін ашады.

Музей күнделікті жұмысында өз көрермендерін еліміздің өнер әлеміне қосылған жаңа буын өкілдерімен таныстыру арқылы талантты жастардың шығармашылығын қолдап қазіргі кезеңдегі ұлттық өнер жетістіктерін насихаттауға үлес қосуда. «Жаңғыру-2018» көрмесі Алматы қаласындағы 30-дан астам көркем өнер колледждерінің оқытушыларын кезекті рет жинап, әртүрлі жанрда: кескіндеме, графика, мүсін және қолданбалы-сәндік өнер туындыларымен таныстырады. «Жаңғыру-2018» көрмесінің қатысушылары С.Нақысбекова, С.Жұмашева, А.Қуантаева, Тілеужанова, Ж.Кошен, У.Даубай, Х.Мырзахметова, Д.Толыбай, А.Қырықбаева , Тұлақбаева , Б. Мұсабаев, А.Рамазанов, Б. Қашқынов, А.Серікқызы, С.Ильясов, А.Исекев, М.Мағзұмов, Г.Бахретдинова, А.Алданаева, А.Алиясқарова, А.Набиев, С.Ахтанов, А.Сәбитова, А.Татаева, А.Кенженова, Б.Қайранбай, Қ.Сырлыбаев, М.Тұрбай, Ғ.Төремұратова, Б.Жетпісбаева, Д.Нұрқанова, А.Әбдінұрова, А.Нығметова, А.Төлебиев, Д.Аршабаева, С.Мырзахметова, Ж.Кенесарина, Е.Қазбекова, А.Бухал, А.Дүйсенханова, М.Сүйлекова, А.Гонтарева, З.Әльмұқамбетова. Көрме қалыптасуға, кәсіптік өсуге, біліктілікті қадағалауға, көрменің қатысушыларының шеберлігін, сондай-ақ тұтас көркемдік деңгейдегі көрінісін, дәстүріне, мектептеріне және шығармашылығына тұтас көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Авторлардың туындылары – олардың бай, рухани әлемінің көрінісі. Суретшілердің шығармаларында әртүрлі табиғи ландшафттар, этникалық сюжеттер және т.б. туындылары ерекше көрініс тудырады. «Жаңғыру-2018» көрмесіне өз туындыларын қойған авторлар әрқайсысы жеке дара, әрқайсында өзіндік қолжазбасы және стиль бар.

Көрме – Алматыдағы ең үздік жас суретші-педагогтардың өзгеше шығармашылық жетістіктерінің есебі. Олар көрме арқылы өздерінің кәсіптілік жетістіктерімен бөліседі.

Көрмеде көпшілік назарына 100-ден астам жұмыс ұсынылады.

Выставка художественных произведений «Жанғыру-2018» Выставка художественных произведений «Жанғыру-2018» Выставка художественных произведений «Жанғыру-2018»

Көрме 2018 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.

Қазақстан Республикалық Орталық Мемлекеттік Музейі 2018 жылдың 17 қаңтар күні сағ 15.00-де «Творим вместе» білім беру көркем жоба мүшелерінің «Әлем жауынгерлері» атты көрмесін ашады.

«Әлем жауынгерлері» атты көрмесіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық Музейі 2013 жылдан бері «Творим вместе» студиясымен бірлесе отырып:   «Музей түні», «Наурыз бояулары», «Отбасымен Музейге!» және басқа да жобаларды іске асырды.

Жоба жетекшісі, суретші Дина Мертенова, Шет тілдері институтын тәмамдағаннан кейін бірден іскерлікпен айналысты. Дегенмен ол өзінің суретші екенін жан-тәнімен әрдайым сезінетін және сурет училищесінде оқыған жылдарын ыстық сезіммен жиі еске алатын. Біршама жыл өткенде кенеттен отбасы оған – мольберт, қылқалам мен бояулар ұсынып тосын сый жасады. Содан бері кескіндеме өнері оның өмірлік ісіне айналған, сөйтіп «Творим вместе» атты көркемсурет студиясын ашты.

Украиналық суретші М. Скоблинскиймен кездескеннен кейін жоба иесі Д. Мертенова кескіндемеде тың әрі бірегей, адамға шабыт беретін, бастысы – кенепке бояуды саусақпен жағу, масхитинмен және қылқаламдарды араластыра отырып сурет салу сияқты нәтижелі тәсіл арқылы адам сезімінің сан алуандығын көрсетуге болатынын байқады.

«Алла прима» әдісі 2-3 сағат арасында толыққанды сурет салуға мүмкіндік беретін импрессионист суретшілердің шығармашылығында тұрақты орнын тапты. Бұл майлы бояумен әп-сәтте сурет салып шығуға мүмкіндік беретін танымал тәсіл. Бұндай әдісті қолданатын суретші бояу толық кеуіп болғанша суретін салып бітіреді.

Қазіргі кезде «Бірге жасаймыз» студиясы өнерге немқұрайлы қарамайтын, өз дарындарының түрлі қырларын шыңдағысы келетін түрлі жастағы адамдарды біріктіре алды. Себебі шығармашылық ұшқынын әрбір адам бойынан табуға болады. Кенеп бетінде сенімді сырғыған қылқалам қимылынан түрлі жолақтар, бояулар мен бейнелер пайда болып, соңында тамаша бір картинаның дүниеге келуін бақылау да бір ғанибет. Күні кеше өнерден алшақ жүргеніңмен бүгін өзіңді кескіндеме өнерінде байқап көрген тіпті де ғанибет.

Жобаның мақсаты – майлы бояумен сурет салудың қыр-сырын үйрете отырып адамның өзіне деген сенімін ояту.

Көрмеге түрлі жанрдағы — пейзаж, натюрморт, портрет және батик әдісінде салынған 50 шығарма қойылды.

Көрмеде Нүкетаева Жанар, Нұр Наталия, Васильева Надежда, ВасильевАртур,  Әміреева Венера, Қонаева Қаншайым, Ли Санчер, Жарна Найля, Жұманиязов Арман,  Мертенова Дина, Камалова Роза, Соколова Ирин, Тойтаева Жібек Нұрахановна, Маракулина Елизавета, Мұхамед-Рахимова Джамиля, Кайдаш Татьяна, Рахымғалиева Венера сынды студия шәкірттерінің картиналары ұсынылды. Бұлар сурет салуда академиялық білімдері болмағанымен, суретті жүрегімен және көңілінің сиқырлы сәулесі – дарын, шабыт және зор сүйіспеншілікпен салатын жандар.  Өнерге деген сүйіспеншілік біріктірген бұл топ өздерін «Әлем жауынгерлері» сезінеді.

Выставка "Воины света"- 2018 г Выставка "Воины света"- 2018 г
Выставка "Воины света"- 2018 г Выставка "Воины света"- 2018 г

Көрме 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.    

2018 жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматы қаласындағы Гёте институтымен бірлесіп «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНА – ТАБИҒАТТАН ҮЙРЕНЕМІЗ» атты Халықаралық интерактивті көрмесін салтанатты түрде ашты.

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНА – ТАБИҒАТТАН ҮЙРЕНЕМІЗ»

Көрмені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Қақабаев Бейбітқали Смағұлұлы ашты. Сонымен қатар көрменің ашылу рәсімінде Алматы қаласындағы Гёте институты директорының орынбасары Констанце Крюгер сөз алып, көрме аясында қозғалған тақырыптардың бүгінгі таңдағы өзектілігіне тоқталып, көрменің Ресей, Грузия мен Беларусь Республикасында өткізілгенін және бұдан кейін Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде жалғасын табатындығын жеткізді. Одан өзге, Қазақ табиғатты қорғау қоғамының өкілі Жетпісбаев Қанат Нұрханұлы сөз алып, қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге жіті назар аударып, дер кезінде шара қолданудың қажеттілігі мен маңызын баяндап өтті.  

«Экологиялық сана - табиғаттан үйренеміз» көрмесі біздің планетамыз туралы көптеген қызықты нәрселерді баяндайды және ЖЕР, ОТ, АУА және СУ деген төрт құдіреттің қасиеттері мен ерекшеліктеріне арналады. Бұл көрмеде тек таңғажайып фактілер ғана емес, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуінің оң және теріс аспектілерін суреттей отырып, қоршаған ортаны сақтауға қатысуға шақырады.

Көрмеде берілген ақпараттық материалдан басқа әркімнің қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырып, оны сақтауға қалай көмектесетінін үйрететін қызықты интерактивті білім беру бағдарламалары (блиц-сауалнама, викториналар, шеберлік сабақтар, эксперименталды тәжірибелелер, онлайн-ойындар, бейнероликтер) әзірленген. Одан өзге, келушілер өздерінің шағын бақшасын өсіріп немесе су мен майдың араласпауының себебін біліп; CO2 шығарындыларын өлшеп, өз эко-типін анықтап немесе жел диірмені арқылы электр энергиясын өндіру мүмкіндігін ала алады!

«Экологиялық сана – табиғаттан үйренеміз» көрмесі экология мәселелерімен айналысатындарға ғана емес, сондай-ақ қоршаған орта проблемаларына бей-жай қарамайтын адамдарға, сондай-ақ, көрме қазақ және орыс, неміс тілдерінде ұсынылғандықтан неміс тілін үйренушілерге де қызық болмақ.

Көрмені тамашалайтын әрбір адам қоршаған ортаны қорғау ісіне қандай жеке үлес қоса алатындығын түсінуі керек..

 

Көрменің жұмыс уақыты: сейсенбіден басқа күндері күн сайын сағ. 9.30-дан 17.30-ге дейін

Анықтама телефондары: 2644650

Топпен неміс тілінде экскурсия алу үшін Анна Мельник - 7773847876 This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайы арқылы; қазақ және орыс тілдерінде Бағдәулетова Бибіфатима 2645577 нөмірі арқылы жазылуға болады.

Көрмеге кіру ақылы: мектеп оқушылары үшін ­— 100 теңге, ересектер үшін – 300 теңге, экскурсия ақысы (топтың сыйымдылығы – 20 адам) — 900 тг.

Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы" Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы"
Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы" Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы"
Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы" Открытие выставки "ЭкоМышление - учимся у Природы"

Көрме 2018 жылдың 11 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source