10.07.2016 ж. Музейдегі жазғы бағдарламалар (шілде-тамыз)
Құрметті достар !
Жаз дегеніміз – қоршаған әлемді танып, таңғажайып жаңалықтар ашатын уақыт. Көптеген ата-аналар: Жазғы каникул кезінде уақытты қалай өткіземіз? – деп ойлануда. Осы ретте сансыз мәдени демалыс орындарының бірі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейін атап өту қажет!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – 300 мың сақтау бірлігінен құралған қор коллекциясы бар Қазақстанның көне әрі ірі музейлерінің бірі болып табылады. Біз сіздерге көптеген жаңа әрі қызықты ақпарат алып қана қоймай, кішігірім жаңалықтар ашып, тиімді білім алуды ұсынамыз.
Музей жазғы каникул кезіне қызықты бағдарламалар дайындады.
«ҚР Орталық музейіндегі Жазғы каникулдар-2016» мәдени-білім беру бағдарламасы танымдық квест-ойындар, шеберлік сабақтар, көрмелер, байқаулардан құралған. Балалар тәжірибелі экскурсияшылардың көмегімен өткенге саяхаттап, еліміздің ертеден қазіргіге дейінгі тарихымен таныса алады. Біздің музейге келіп, рухани азық жинап, «МУЗЕЙ – деген керемет екен!» деп қайтасыздар деп ойлаймыз.
- «Палеонтология және археология», II – «Тарихи этнография», III – «Қазақстан ҰОС жылдарында, диаспоралар мәдениеті», IV – «Қазіргі Қазақстан» атты музей экспозициялық залдары бойынша тақырыптық және шолу экскурсиялары сейсенбіден басқа күндері күнделікті жүргізіледі:.
- Көрмелермен танысу: «Алаумен өрілген өнер» (көркем керамика); ҚазКСР Халық әртісі, әнші, актер Кәукен Кенжетаевтың 100-жылдығына арналған «Қазақтың Кәукені»; «Сырлы аяқтың сыны кетпес» (қазақи дәстүрлі ыдыс-аяқ); «Бағзының жаңғырған куәгерлері» (археологиялық коллекциядағы қалпына келтірілген артефактілер).
- «Археология әлеміне саяхат» квест-ойыны - әр дүйсенбі және бейсенбі күндері, 10.00-ден 13.00-ге дейін
- «Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы» ойын-викторина – сәрсенбі–жұма, 10.00-ден 13.00-ге дейін
- музей ішіндегі интерактивті аумақта «Мемлекеттік орталық музейдегі менің сүйікті экспонатым» байқауы аясында өз туындыңды жаса – күнделікті, тек сейсенбіден басқа күндері
- Музейлік сабақтар (алдын-ала берілген тапсырыс бойынша):
- «Қызыл кітап беттері бойынша» -дүйсенбі
- «Қазақтардың дәстүрлі киім-кешегі» және «Киіз үй – қазақтардың дәстүрлі баспанасы» + білім беру ойыны – сәрсенбі
- «Қазақтың зергерлік бұйымдары» - бейсенбі
- Б. Момышұлы туралы «Отан үшін отқа тұс» —- жұма
- «Тәуелсіз Қазақстан бойынша саяхат» - «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері» білім беру ойыны – сенбі
- «Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов. Алаш Орда» - жексенбі
Интерактивті сабақ немесе экскурсияға төмендегі телефондар бойынша тапсырыс беруге болады: 2644650, 2645577
Демалыс күндері: сейсенбі, айдың соңғы дүйсенбі күні (тазалық күні)