06.07.2016 ж. Астана қаласында қала күніне орай «ҚР МОМ қорындағы қару-жарақ және ат әбзелдер коллекциясы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі (Алматы қ.) Астана қаласында қала күніне орай «ҚР МОМ қорындағы қару-жарақ және ат әбзелдер коллекциясы» атты көрме ашты.
Көрмеге ҚР МОМ қорындағы XVIII-XX ғасырлармен мерзімделетін қару түрлері (ату, шабу, түйреу, кесу, соғу қарулары) және оларды қолдануда қажетті сан алуан жабдық түрлері - шарайна, қалқан, сауыт және кісе белдіктер, сондай-ақ ат әбзелдері де қойылды. Сонымен қатар, көрме экспозициясына қазақ тарихында есімі белгілі тұлғалар – Амангелді Иманов, публицист, этнограф, фольклортанушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, мемлекет қайраткері Ә.Жангелдин, сондай-ақ 1916 жылғы Торғай, Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық көтеріліс, 1929-1930 жж. Созақ көтерілісіне қатысушылармен байланысты қару-жарақтар, Қазақстанның халық жазушысы М.Мағауиннің музей қорына 2014 жылы өткізген қамшылары да қойылған.