авто

Переключатель языков

10.03.2016 ж. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, сәулетші, суретші Волкова Тамараның жеке мерейтойлық көрмесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  Орталық музейінде 2016 жылдың 10 наурызы, сағат 16.00 Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, сәулетші, суретші Волкова Тамараның жеке мерейтойлық көрмесі ашылады.

Волкова Тамара Владимировна 1946 жылдың 7 наурызында Қырғызстанда дүниеге келді. Шығыс Қазақстанда ер жетіп, білім алды. Мәскеу Сәулет институтының түлегі Тамара Владимировна еңбек жолын Ярославль қаласында сәулетші ретінде бастады. Сәулетшілік кәсіппен айналысып жүріп Тамара Владимировна суретшілік өнермен әуестенген, шеберлігін шыңдау арқылы кәсіби деңгейге қол жеткізді.

Тамара Владимировна жан-жақты суретші. Ол үнемі шығармашылық ізденіс үстінде, жаңа материалдарды қолдану арқылы қатып-семіп қалған канондар шеңберін бұза отырып, жаңа технологияларды игеру нәтижесінде бояуларды қолданудың түрлі жаңашыл тәсілдерін меңгерді. Тіпті кейде: Бұл не зат? Керамика ма, киіз бе, әлде металл ма? – деп таңдануға тура келеді.  Ізденістер барысында суретші «террапласт» атты ерекше техникалық тәсілді ойлап тапты. Аталған тәсіл картинадағы бейнеленген заттарды фактурасының дәлме-дәл көрсетуге мүмкіншілік береді. Мысалы, аталған көрмеден орын алатын «Сәукеле киген бойжеткен» жұмысында бірегей технологияны қолдану арқылы матаның байлығы мен әшекейлердің көлемділігі ұтымды көрсетілді.

Т.Волкова оқып-үйренуден, өз шығармашылығында жаңа белеске жетуден жалықпайды. Көрмеге келушілер оның түрлі стильдер мен техникаларды қолдана отырып жасаған жұмыстарын тамашалай алады (майлы бояу; пастель; темпера, гуашь; фрескалар, коллаждар; террапласт; макраме, папье-маше).

Tamara Volkova Tamara Volkova Tamara Volkova

Орталық музейдегі аталмыш көрмеде қойылған әр туынды әсемділік, пішіндердің толықтығы, композияциялық шешімдер ізденісі және эксперименттілікпен ерекшеленеді. Оның жұмыстарындағы бейнелер мазмұндық ортақ тақырып аясында біріктірілген. Ауызекі әңгіме, көркем әдебиет, телебағдарлама мен тауға шыққаннан алған әсерлер суретшіге туынды жазуға дем береді. Кейде ол кенеп бетіне көрген түстеріндегі жарқын бейнелерді түсіреді. Мысалы, «Қарға», «Алтын жылан» жұмыстары да солай пайда болған. Тамара Волкованың жанына жақын тақырыптардың бірі Тамғалы шатқалындағы тасқа қашалған архаикалық петроглифтер «Қасиетті тастар», «Қазақстан петроглифтері», «Күн құдайы бар композиция-1» жұмыстарында бейнеленді. Оның жұмыстарының нысаны ретінде Іле Алатауының табиғаты, адамдар өмірі, тарихи және мәдени артефактілер,  қаланың көрікті жерлері және т.б. алынған.

Тамара Волкова Испания, Италия, Португалия, Англия, Ресей, Бразилияда өткен халықаралық көрмелерге қатысқан. Суретшінің жұмыстары шет елдерінің галереялары мен жеке коллекциясында орын тапқан.

Сәулетші ретінде Т.Волкова Ярославль қаласындағы және Қазақстан Сәулетшілер одағы ұйымдастырған бірнеше көрмелерге белсенді түрде қатысып, Ресей жас сәулетшілері шығармашылығының аймақтық шолуында жүлделі орындарға ие болған. Тамара Владимировна –  Мәскеу қаласындағы Градо Орталық эксперименттік жобалау ғылыми-зерттеу институты сәулетшілерінің тобы құрамында КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты атанған. Ол Алматы және Өскемен қалаларының тарихи-сәулет тірек жоспары сынды ірі жобалардың авторы болып табылады. Оның жобалары бойынша Ярославль қаласындағы әкімшілік ғимарат, Пересла́вль-Зале́сский қаласындағы ресторан, қонақ-үй санылып, Оқ-Жетпес санаторийінің тұрғын үй корпусын қайта жаңарту және т.б. жұмыстар жүргізілген.

 

Шебер мерейтойлық көрмеге келушілерді өзінің жылдар бойы айналысқан бай шығармашылығының жемісімен (60 көркемөнер туындысымен) таныстырады. 

Выставка Тамары ВолковойВыставка Тамары Волковой Выставка Тамары Волковой

Көрме 2016 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source