авто

Переключатель языков

28.09.2016ж. «Объективте – Әділ сөз» атты фотокөрме-байқауы ашылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі «Әділ сөз» Халықаралық сөз еркіндігін қорғау қорымен, IFEX Халықаралық сөз еркіндігі желісі, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы және Қазақстан Журналистер Одағымен серіктестікте бірлесе ұйымдастырған «Объективте – Әділ сөз» атты фотокөрме-байқауы 2016 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 15.00-де ашылады.

28 қыркүйекте әлем бойынша тұңғыш рет Халықаралық Ақпараттарға жалпыға бірдей қолжетімділік үшін күрес күні (IDUAI) атап өтіледі. Бұл айтулы дата 2015 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЮНЕСКО-ның мүше-мемлекеттері декларациясымен өмірге келді. Ол 1946 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған 59 қарарында бекітілген пікірлерді білдіру еркіндігі құқының, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 19-бабында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакттың 19-бабында белгіленген  құқықтардың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

Бұл мереке ақпараттарды алмасып, әркім өзінің  ой-пікірі, сенім-көзқарастарын  білдіре алатын ізгі іс-шара. Осыған байланысты  «Әділ сөз» Халықаралық сөз еркіндігін қорғау қоры, Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросы және Қазақстан Журналистер Одағымен  Германияның Қазақстандағы елшілігі және IFEX Халықаралық сөз еркіндігі желісінің қолдауымен «Шығармашылық  тұншығуы», «Газеттегі бірер суреттер үшін»,  «Жариялылық құпиялары»,  «Сот туралы сөз айтсаң…», «Абыроймен – адалдықпен»  номинациялары бойынша кәсіби білікті фотографтар мен журналистер арасында фотосуреттер көрме-байқауы ұйымдастырылып отыр. Келушілер назарына мына фотографтар мен журналистердің жұмыстары ұсынылады: Владимир Заикин (Алматы, «Время» газеті), Рауль Упоров (Орал, «Уральская неделя» газеті), Мәдина Әлімханова (Алматы, КазТАГ), Юрий Беккер (Алматы), Павел Энегельгардт  (Алматы, «Алматы» ТРК), Ризабек Исабеков (Павлодар, журналист, фотограф), Санат Урналиев (Орал, «Азаттық» радиосының БҚО-ындағы меншікті тілшісі), Владимир Третьяков (Алматы, «Капитал» іскерлер порталы), Андрей Свиридов (Алматы, КМБППЧиСЗ).

Байқаудың мақсаты – фотожурналистика ұстанымы тұрғысынан алғанда, ең қызықты және күрделі міндеттердің бірі саналатын деректі, саяси фотосуреттер жанрын дамыту және қолдау. Авторлар өз жұмыстарында журнлалистердің ақпараттарды алу кезінде кезігетін алаңдатарлық мәселелері және журналистік зертеудің қауіптілігі туралы әңгімелейді, сондай-ақ баспасөз еркіндігі жолында кездесетін басқа да кедергілер туралы баяндайды. Көрмеге байқауға қатысушылардың 80 жуық жұмыстары қойылған.

Көрменің салтанатты ашылуында байқау жеңімпаздарын сыйлықтармен және дипломдармен марапаттау рәсімі өтеді.  

foto-svoboda-slova-3 foto-svoboda-slova-2 foto-svoboda-slova

Сайт материалдарын пайдаланған жағдайда, музейге сілтеме көрсетілуі керек. // При использовании информации с сайта, просим указывать источник.
When using information from this site, please link to the source